Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция


Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер



бет7/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
АКТ лекция каз

Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер.


Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында, физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді .
Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
Жүйелі БЖ: Аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.
Қолданбалы БЖ: Белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Аспаптық БЖ: Бұл жаңа бағдарлама жазуға арналған бағдарламалық жүйелер.
Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері: - операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux; - сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар); - желілік бағдарламалық құралдар.
Аспаптық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:
- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);
- компиляторлар;
- интерпретаторлар;
- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);
- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар — әртүрлі мәселелік аумақтардағы қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т.б.). ҚБЖ ЭЕМ–ң адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері (ҚБД) құрады.
Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:
- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
- мәліметтер қорын басқару жүйелері;
- электрондық презентациялар және т.с.с.
Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:
- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
- таңбаларды айыру жүйелері;
- статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;
- ғылыми зерттеулер жүйелері
және т.с.с. жатады.
Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т.б.)
Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс – компьютер аппаратурасы
Операциялық жүйе құрамы. базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу; командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды; шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді; қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.



4 Лекция






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет