Компьютерлік желілерге кіріспе. Компьютерлік желілердің архитектурасы.
Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері
2. Сервер. Клиент
Желі – бұл мәліметтерді өңдеуге және тасымалдауға арналған құрылғылардан тұратын объектілер жиынығы.
Желі аймақтық белгілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
LAN (ЛВС) – локальды есептеу желі – бұл бір немесе бір-біріне жақын орналасқан мекемелерде орналасады. Яғни бір корпоративті мекемеде орналасқандықтанкорпоративті желі деп аталады.
WAN- үлестірілген компьютерлік желілер немесе ауқымды желі бірнеше мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасуы мүмкін. Ауқымды желілер орналасуына байланысты негізі төрт түрлі болады: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. Үлестірілген желілерге мысал ретінде үлкен масштабта келесі мысалдарды қарастыруға болады.
Жалпы желі құрамына келесі элементтер кіреді.
желілік компьютерлер
желілік адаптері бар
байланыс каналдары(кабельді, спутникт, телефонды, сандық, волоконды-оптикалық, радиоканалды т.б).
1.1-суретте екі түрлі желі түсінігі берілген.
коммуникациялық желі
ақпараттық желі
Коммуникациялық желі – мәліметтерді тасымалдауға арналған және мәліметтерді түрлендіруге арналған есептерді де орындайды. Бұл желіні байланысу құралдарының қолдануына байланысты ажыратылады.
Ақпараттық желі – ақпаратты сақтауға арналған және ақпараттық жүйеден тұрады.
Коммуникациялық желі базасында ақпараттық желілер тобы құралады.
Акпараттық жүйе деп-ақпаратты беретін немесе алушыларды айтамыз.
Компьютерлік желі ақпараттық жүйе және байланыс каналдарынан тұрады.
Акпараттық жүйе деп ақпаратты сақтауға, өңдеуге және тасымалдауға болатын обьекті түсінеміз. Ақпараттық жүйе құрамына: компьютерлер, бағдарламалар, пайдаланушылар және басқада ақпаратты өңдеуші және тасымалдашы құрылғылар кіреді. Келешекте ақпараттық жүйені пайдаланушылардың есептерін шешуге арналған. Жұмыс станциясы (Client) деп атаймыз. Желідегі жұмыс станциясы қарапайым компьютерлерден өзгеше болады, себебі онда желілік карта, желілік бағдарлама және тасымалдау каналы болады.
Байланыс каналы деп-сигналдар тасу құралын түсіну керек. Сигналдар тасу құралдарын абоненттік немесе физикалық канал деп екіге бөлінеді.
Байланыс каналдары (data link) байланыс сымдары желілік құралдар және физикалық байланыс құралдары арқылы құралы.
Байланыс физикалық құралдарының негізгі витая пара, коаксиолды кабель, опто-волоконды каналдардан тұрады.
Ақпараттық жүйелер арасында физикалық каналдары және коммутация торабтары арасында логикалық каналдар орнатылады.
Логикалық канал – бұл бір жүйеден екінші жүйеге мәліметтер тасымалдауға арналған жол. Логикалық канал бір немесе бірнеше физикалық каналдар арқылы маршрутталады.
Ақпарат желіде мәліметтер блоктарымен тасымалданады. Мұны тасымалдау хаттмалары деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |