Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет60/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

3. Халықтың тылдағы ерлігі
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.
1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда 
ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. 
Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тарты-
луымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 
жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі — 20%, 
əйелдер — 58%, жасөспірімдер — 22% болды. Яғни, майданды азық-
түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар 
қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-
түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техни-
касын жіберіп отырды. 1942—1943 жылдар аралығында республика 
ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 
жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін 
салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер 
жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек 
етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тап-
сырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. 
пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек 
күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 
адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тап-
сырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. 
Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа 
дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, 
қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбы-
шев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана — Анар Садықова 
— жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” 
артелінде 70 жасар қария — Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра 
орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” 
колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары 
алып, əлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы — 1 га-дан 202 ц. тары 
алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауда-
ны, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким 
Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай 
Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып əлемдік ре-
корд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев 
қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман 
Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, 
“Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы 
“Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95—100 ц. 
тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы əйелдер ерлігі ерекше. 
Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рульдеріне отырды. Мы-
салы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы 
қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбай-
нын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, 
егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 
колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 
əйелдер еңбектенді. Нəтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы 
шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс 
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, 
Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 
114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін 
егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 
жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жылдан бастап жаудан азат 
етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-
бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 
1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы 
колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 
18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық 
өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен со-
вхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға 
бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка 
ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. 
пұт астық артық тапсырды.
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орны-
на жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру бары-
сында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған əртүрлі жарыстарға 
қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы 
бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын 
алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 
1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. 
Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары 
алда болды. 
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тəртіп та-
рапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап 
əрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар 


278
279
ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспа-
рын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 
1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12—16 жас арасындағы 
жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын 
орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған 
қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе 
тəртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына 
алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шым-
кент теміржол жүйесінің комсомолдары Мəскеу түбіндегі майданға 
танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. 
Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан 
қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың 
қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград 
майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында 
жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” 
фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” 
атты коллоннаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы 
Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен 
жоғары оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк 
колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонна-
лары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық 
ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Ал-
маты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл 
кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға 
жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға
И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар
Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жа-
салынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан май-
дан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен 
əскер бөлімдерін шефтікке алып, жауынгерлерге 2 млн. астам жылы 
киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. 
Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға 
қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал 
облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12 
қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге 
көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кав-
каз, Белоруссия, Украина жəне т.б. республика тұрғындарына 
көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин-
градта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына 
келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол 
аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды 
қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен 
үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандары-
нан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде 
толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым инсти-
туттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының 
физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-
механика институты, Мəскеу, Ленинград, Киев институттары бол-
ды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, 
И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, 
С.Н.Бернштейн жəне т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға 
Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша 
көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, 
К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко 
сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын 
Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы 
аңызы”, М.Əуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, 
С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, 
Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық 
өрендерімі” дүниеге келді. 
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық 
мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941—1945 жыл-
дары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес 
киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. 
Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищают Родину”, “Воздуш-
ный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из на-
шего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино 
қызметкерлері мен əртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, 
Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васи-
льев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая жəне т.б. Орта-
лық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, 
Ə.Тəжібаевтің қатысуымен “8- гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жау-
ынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық 
бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, əдебиет пен тарих, 
химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жəне 
өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сəтбаев бастаған қазақстан-
дық ғалымдар қара, түсті жəне жиі кездесетін металдарды, тау пай-


280
281
далы қазбаларын, су жəне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс 
қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп, 
көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен 
интернаттар ашылды. Олардың ішінде — Мəскеу авиация институ-
ты, Мəскеу түсті металл жəне алтын институты, біріккен Украина 
мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Ал-
маты мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық 
институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фа-
шизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан 
үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған 
қазақстандық батырлардың есімі əрқашан ел есінде сақталады. 
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, 
барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің ор-
нын əйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерле-
рінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық 
ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін та-
нытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет