Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»



бет3/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекциялар этнос (1)

1)Заттық тұрмыс, 2)Тұрғындық, 3)Бар болмысы, 4)Тіл
Болмыс салты өзіне рухани мәдениеті қосты. Олардың ішінде «Халықтық мінездеме» осыған отбасы қарым - қатынастарымен балаларда тәрбиелеу ерекшеліктерін сипаттау кірді. Халық туралы орыс ғылымының тарихында басты орынды Н. Миклухо Маклаяның ғылыми қызметі басты орын алады. Ол, нәсілдермен халықтың физикалық және психологиялық теңдігін дәлелдеуге талпынды. Жаңа Гвинеямен Мұхит халықтарының материалдық және рухани мәдениеттері, психологиясы, және әлеуметтік қарым – қатынастарын зерттеу ғалымдарға нәсілдік бар болымына қарама – қайшылық тудыртты. Бірақ, бұл еңбектерде ғалымдар, этнологияның теориялық мәселелерін зерттемейді. Олар осындай шешім қабылдауға нақты мағлұматтарға бай. Үкіметтік кезеңге отандық этнологияның дамуын зерттеу халық аралық қатынастармен байланысы болды. Ережеге сәйкес адамдардың іс – әрекеттерінің статистикалық көрсеткіштері негізінде оқып үйретілді. Халықтар достығы әртүрлі халықтың өкілеттерінің қатысушыларының саны бойыншы, халықаралық неке саны бойынша бағаланады. Жалпы, бұл кезеңнің этнологиялық мәселелерді зерттеу, саяси тапсырыс мінездемеге ие болды және этникалық дамудың барлық прцесстерін ашып көрсете алмады. Сол кезеңде этнологияның кардиналдық мәселелері мыналар болды: этникалық сана – сезім, этника аралық қарым – қатынастар. Сонымен ХХғ 78 – 80 ж шетелде отандық этнологияның дамуына Гумилевтің этногенез теориясы үлкен рөл атқарды, мұнда автор этностың пайда болуымен дамуының механизімін түсіндіріп өтеді. Қазіргі таңда отандық этнологияның негізгі ғылыми зерттеу орталығы болып Ресейлік академиялық ғылымының этнология антропология институты. Әрине, қазіргі этнология ғылым өткен кезеңге қарағанда байый түскен. Оның кәсіби қызығушылығының шеңберінде «қалып қойған» этнологиялық топтар ғана емес және қазіргі заманғы индустриалдық қоғамға кіреді. Этнологияны басқа ғылымда байланыстырғанда көптеген бағыттар пайда болады. Этноәлеуметтану, этнопсихология, этнолингвистика, этнодемография, және т.б. Этнологияда барлық әлеуметтік ғылымының жаңа жақтары, адамзат және оның мәдениеті туралы көрсетіледі.
Қазір этнология бұрынғыдай қоғамдық процесстермен өзінің қатынасын сақтап отыр. ХХ ғ тарихи оқиғалардың зерттеу жүргізгенде этникалық фактордың рөлінің мәдени тарихи процессте өсуі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Этникалық прцесстер саясатта негізгі ұлттық қозғалыс болып табылады, және ХХ ғ заң бойынша Ұлттық идеологияның, Ұлттық қозғалыстың, Ұлтшылдықтың ғасыры болып табылады. Халықтың мәдени тарихының тез дамуы этника аралық қарым – қатынастар және ұлттық еркін қозғалысқа жағдай жасайды. Осы прцесстердің нақты нәтижесі болып Нарвегия және Нидерландияның, Польша, Финляндия Прибалтийски Республикаларының тәуелсіздік алуы орталық Еуропамен Балканды ұлттық мемлекеттердің пайда болуы нәтижесінде Австро – Венгерлік империямен, Түрік сұлтандығы екіге айырылды. Этнологиялық зерттеулерде ғалымдардың қызығушылығы бойынша емес саясаттың нақты талаптары бойынша анықталады. Қазір көптеген аумақты ұлттық этникалық конференциялар пайда бола бастады, бұлра үлкен бір соғыстың бастамасы ғана болуы мүмкін. ХХ ғ басында этнология шегінде империкалық теориялық материалдарға бай болды, бұлардың тарихи көзі болып ғылыми қайта өрлеу және тарихи көрсеткіштерді қайта бағалау. ХХ ғ І – жартысында зерттеулер негізгі академиялық мінездемеге ие болды.
ХХ ғ ІІ – жартысында жағдай түбімен өзгереді: этнологиялық ғылымының прогматикалық құндылығы көріне бастады. Қазіргі таңда этнологтардың білімдері мен ұсыныстары әртүрлі қоғамдық өмірдің саяси экономикалық шеңберіндегі және әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қажет. Олар қарым – қатынаста, халықаралық саудада дипломатияда және т.б ауқымды түрде қолданылады. Осымен бірге ХХ ғ он жылдарында этнологиялық зерттеулер теориялық және әдістемелік зерттеулерге қаржылай жағдай жасалынды.


3 дәріс «Этногенез және этномәдениет: Этногенездін қайнар көзі. Этногенездін негізгі факторлары. Этногенездін негізгі формалары Этникалық фузия. Этникалық консолидациясы. Этникалық ассимиляция. Этнгенездін бағыттары. Этнос және оның қүрамы. Этностарды географиялық турғыдан классификациялау. Халықтарды Тіл турғыдан классификациялау».
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі. Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі және т.б.), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш және т.б.); тіл және ауыз әдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған); аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тәсілдерін бейнеледі). Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген дәстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-әңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті әдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ әсіресе, демографиялық және экологиялық дағдарыстар кезінде этностар "бөтен" дәстүрлерге де бейімделеді.Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).Этникалық құрамда болу - атадан балаға мұра болып қалатын, белгілі бір топ мүшелері ортақтасатын мәдени өзгешелік (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлықтантілге дейін). Діни немесе кландық белгілермен астасатын этникалық белгілер көп жағдайда саяси қақтығыстардың себебі болады.Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.Этника аралық интеграция - бұл өзара әрекет (көбінесе мемлекет ішінде) өздерінің бірнеше тіл аралық ерекшеліктері мен мәдени этносы, жалпы белгілердің көрінісімен қатар болған, жалпы өзара саналық әлементтердің саны этника аралық қауымда қалыптасқан, этникалық пайда болуға қарсыланған істер белгісі, анықталған жақындық мәні сол уақыттағы, этникалық өзара көріністі сақтау - бұл біріншіден; екіншіден этника аралық интеграция, консолидация ерекшелігі, тіл мен мәдениеттің тағы да басқа ерекшеліктер өзара әрекет түрі. Бұл Қазақстанда этникалық құрылымдық спецификаның бірі болып табылады; үшіншіден, этника аралық қауымның қалыптасқан мәні этника аралық интеграция, өзара жалпы Қазақстан ұлты сияқты. Төртіншіден, этника аралық интеграция адамдар бірлестігі болуы керек, әртүрлі нәсілдердің өкілдері этностардың әр алуандығы ерекшелінеді, бірақта ол адамдардың бірлестігі болуы қажет. Қазақстандықтардың менталитеті - бұл этника аралық интеграцияның нәтижесі болып табылатын қайталанбас феномен.


4 дәріс Антропогенез және этномәдениет: Антропология пәні. Гомогенез.Расогенез. Географиялық фактор. Мутагенез. Әлеуметтік изоляция факторі. Расалардін негізгі типтері. Нәсілдік сипаттамалары. Нәсілді классификацилау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет