Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»


дәріс Тарихи этнология мектебі: Тарихі мектебінін пайда болуы себебеі. Ф. Боас және оның этнологиялық зерттеулер



бет7/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Лекциялар этнос (1)

7 дәріс Тарихи этнология мектебі: Тарихі мектебінін пайда болуы себебеі. Ф. Боас және оның этнологиялық зерттеулер.
Тарихи этнология мектебі. Мәдениет конфигурациялары Вундтың идеяларын Америка еліне жеткізген. АҚШ этнопсихологияның бастауын қалаушы Ф.Боас болды. Колумбия университетінде көптеген америка этнологтары Боастан білім алыд, бірақ оның шәкіртерінің еңбектерінде Вундт идеяларынан қаланғаны тек адамның ішкі жан дүниесімен мәдениетін байланыстарып тұратын талаптар айқындалады. Олар психологиялық концепциядан бас тартпастан өз зерттеулерін жүргізе отырып Фрейдтің класиикалық психоанализміне және К.Юнг, Э. Фрамма, К.Хорни, А.маслау идеяларында аса көңіл бөледі. Нәтижесінде «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы мен психологияның арасында орын алды. Совет этнографы С.А.Токаревпен келісе отырып, оның «Мәденит және жеке тұлға» теориясының кейбір негізгі ерекшеліктерін көрсетті.
А) жеке бас психологиясына оралу;
Б) жеке тұлға түсінігі туралы түсінікті толықтыра түсу;
В) жеке тұлғаның дамуы барысында болатын процестерге аса қызығушылықпен қарау;
Г) сексуалды сфераға ерекше назар аудару.
«Мәдениет және жеке тұлға» теориясы 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында дами бастады. 1932 ж боастың шәкірті Р.Бенедикттің атақты «Мәдениет конфигурациясы» мақаласы жарық көреді, мұнда да ол өзінің жаңашылдық идеясын ұсына отырып, мәдениеттер арасында негізгі айырмашылықтар бар және де әр мәдениет өзінің даминанттылығымен ерекшеленеді. Мәдениеттердің типологиясын құрастырғанда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлоникалық және дионисикалық түрлі мәдениет идеяларын қолданады.Үндістердің пуэмбло тексерулерінің нәтижесінде олардың мәдениетіне, апалионикалық түріне қисынды, бір жақты, парасатты, сырттай қарауға мүмкіндік берді. Ол мәдениеттің мінездемелік өкілінің негізгі тірегі шеттен шығу деп санады. Пуэбило ұстамдылық пен баланс жасауды бәрінен жасауды бәрінен де артық бағалайды, және олардың армандары, ортақ жолдары – ұстамдылық, ыза мен қызғаншақтыққа қарсылық білдіру. Олар өзара даралық қарым-қатынасты бүлдіруден, күштеу мен озбырлық көрсетуден құтылуға тырысады. Сондықтан балалар ең алдымен қоғам алдындағы жауаптылық пен копперацияға өзің-өзің танытуға, талаптануға және тәуелсіз болмауға тәрбиеленеді. Пуэбило көрші мәдениетін – үндіс квакиютлдарды – Бенедикт құтырғандық және есерлене желігу маңыздылығына көңіл аударумен жүйелеп түсіндіреді. Олар өздерінің құруларында жеке адамдардың тығырыққа тірелу жолындағы ойлар шекарасынан құтқарады. Инкультурация- адамның қоғамдық, мәдени өмәрге бейімделуі.Мәдениетті тану,білу,сезіну арқылы, адамның тәрбиелену процесі. Инкультурацияда- адам әрқашан өзіне жаңа іс-әрекеттер, жүру-тұру нормаларын иемденіп отырады.
Инкультурациялық процессі:

  • Өмірлік қамсыздану:кәсіби-іс-әрекет, үй еңбегі,тауарды иемдену, пайдалану

  • Тұлғалық даму:хоббилары, ЖОО-на түсу т.б

  • қоғамды коммуникация: формальді жәненеформальді сұхбат,саяхат,

  • Энергетикалық қажеттілігін өтеу:ас ішу,гигиена, ұйқы т.б.

  • Этностар эволюциясы

  • Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер). Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.
    Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.
    Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.
    Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі). Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады. Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.
    Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.
    Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді. Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.



8 дәріс Этнопсихологиялық мектебі: Р. Бенедикт және оның негізгі еңбектері. Мәдени кофигурация. Мәдениетті реттеу типологиясы. Аполлондық мәдениет. Дионисийдық мәдениет. Параноидалдық мәдениет.
Мәдениет түрлері: Апполондық: 1-Сенімді болу, 2-Тең ортаны таба білу, 3-қоғамда өмір сүре алу, 4-достық сезім, 5-Әйел мен еркектің тең құқылы болуы, 6-Индивидалды болу
Дионистік мәдениет:1-күмәншілдік, 2-жау бол, 3-қорқыныш, 4-бәрінің –бәріне соғысы, 5-азғындық,бірін-бірі сату. Мәдениеттегі дионистік және апполондық бастаулар. "Рождение трагедии из духа музыки" деп аталатын еңбегінде Ницше таң қалдыратын жаңалық ашады, яғни батыстық мәдениет Ежелгі Грекиядан басталды және оның 2 қағидасы бар. Олар-Шығыс (оның көрінісі-Дионисий құдай) және Батыс (оның көрінісі-Аполлон құдай). Бұл жаңалық оның бүкіл шығармашылығына жарық түсіріп тұр.Сократтан бастап,шығыстық, дионистік топырақтан бас тарту және батыстық, аполлондық топыраққа өту байқалды. Ницше Сократты, ойлы рухтың қаһарманын,Гегель "дүниежүзілік-тарихи тұлға" деп дәріптеген адамын -"тамұқтың жаратылысы" деп атайды. Ницше Сократтан басталатын батыстық мәдениеттің тарихын- декаденс(құлдырау), азғындау, рахаттанып өмір сүрген адамның теорияшыл, өмір сүрудің орнына рационалды ойға бататые (рухани дімкәске) айналуы деп сипаттаған.Ол, Шығыстың әуенін, Дионистің өмірге құштарлығын қайта еске алсақ, Еуропа көгіне арайлы жарық түседі деп есептеді. Асқан адам- зерденің озбырлығын жеңіп, Дионис пен Аполлонның әуелгі одағын қалпына келтіретін адам, ол өмірді ең жоғары құндылық ретінде бағалап, одан ләззат алады. Билікке ұмтылу дегеніміз өмірге, шығармашылыққа, шаттық пен қуатқа ұмтылу. Ницше қуатқа, яғни дионистікке, Шығысқа ұмтылу туралы айтқан.
Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат
1. Шығыс – Батыс дилеммасы.
2. Дүниені танудың және өмір үлгісінің Шығыстық және Батыстық типтері. 3. Қазақстан Шығыс – Батыс дилемасында.
Өркениет \цивилизация\ семантикалық жағынан алғанда латын тілінен аударғанда – азаматтық дегенді білдіреді. «Өркениет» - олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер. \И. Гердер, Б. Тайлор\.
2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы \Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер\.
3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі \Ф. Вольтер, Д. Белл\.
4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи – мәдени саты \Л. Морган\.
5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі \А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.\
6. Өркениет –мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішінде маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттану – жалпы адм мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс – қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық – материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Мәдениет өзінің кең мағынада бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт – дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Ал салт – дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынадай баға береді: «олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет - адам әлемі. Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл – Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, мәдениетті жан. Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Ғасырлар – адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер – анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Мәдениет пен табиғатты қарама – қарсы қоюдың бір түрі – адамның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді. ХХ ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бұл ілімнің негізіндегі мынадай идеяларды атап өткен жөн:
а). Академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера туралы ілімі,
ә). Рим клубының экологиялық тұжырымдары.
б). Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы,
в). Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б. Мәдениет – адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны » емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл – көпір . Осы үндестікті \гармонияны\ одан әрі жетілдіру - адамзаттың алдындағы келелі міндет. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық және идеалдыққа жатады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мғынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді


9 дәріс Примордиализм және конструктивизм: Этнос және этничность. Примордиализм концепциясы. П. Ван ден Берг және оның этнос бойынша теориясы. Непотизм үғымы. Реципрокность үғымы. Гумилевтін концепциясы. Эволюция-тарихи концепциясы. Бромлей және этнос туралы пікірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет