IІІ Модуль Этномәдениет – 14 с.
10 дәріс Этникалық мәдиниет:
Этникалық мәдениеттің сипаттамасы. Негізгі атқаратын қызметі. Қорғау механизімі. Этникалық мәдениеттін қалыптасу факторлары. Этос – этникалық мәдениеттін негізі. Үлттық мінез.- Р. Бенедикт және оның Хризантема и меч атты еңбегін талдау. Этностардың мәдениеттері. Отбасы. Діні. Ділі. Дәстүрі.
Этникалық мәдениет– мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Онда этн. специфика сақталынады және ол этнодифференц. қызмет атқарады. Этникалық мәдениет белгілі бір тайпаға, ұлтқа, халыққа тән. Ол арқылы басқа халықтар этностың біртұтастығын, өзгешелігін және даралығын таниды. Этникалық мәдениетке белгілі бір этнос өкілдері қалдырған барлық заттай және рухани мәдениеттердің жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, тіл, дін, этноним өзіндік әсерін тигізеді. Өз мәдениеті арқылы әрбір этникалық қауымдастық әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосады. Д. Байғонақов.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностар мен қатар жәнет.б.).
Тар мағына да алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос – мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кезкелген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті. Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ортақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.
“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.
Р.Бенедикт (1887-1948) американдық мәдениантрополг және этнопсихология зерттеген.Осы соғыс жылдары ұлыттық Жапон психологтары зерттеумен айналысты.Маңызды мәліметтерді зерттей отырып «Хризантема и меч» атты атақты кітабын жазған.Бұл еңбегінде Жапон мәдениетінің шынайы мәдениетәнде адамның өмір сүру орнын ,мақсатын,білімін,ортасын зерттеген.Жалпы қорта келе бұл жұмыс классикалық мәдени антропологиялық және Жапондық шетелдену болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |