Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»


Л. Морган негізгі ғылыми зеттеуі



бет6/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекциялар этнос (1)

Л. Морган негізгі ғылыми зеттеуі. Морган ілімінің негізіне адамзат пен оның мәдениеттнің прогрессивті дамуының тутастық принципі алынған, бірақ басқа эволюционистерден айырмашылығы, Морган әрқашан да дәйекті болмағанымен бұл прогрестің себептерін қоғам дамуының материалдық жағдайларыны деп білді, бұл ол жасаған алғаш тұрмыс тарихының дәуірленуінен керінеді. Морган идеализмнен толык қол үзеалмайды (ол, мәселен, меншіктіктің емес, «меншіктік идеясының» дамуы болып жатады деп санады), бірақ оның ақырғы қорытындылары стихиялық материалистік қорытынды еді. Морған алғашқы тұрмыстық қауымдык, құрылыстың негізгі ұясы ең арғы аналық формадан ал кейінгі әкелік формаға карай дамыған ру екендігін көрсетті. Ол алғашқы тұрмыстық қоғамның экономикасы қауымдық меншікке негізделгенін және коллективизмнің бұл принципі алғашқы тұрмыс халықтарынын, қоғамдық өмірінің, басқа жақтарын да, соның ішінде олардың семьялық некелік үйымдарының бастапқы формаларын да анықтағаны тапты. Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.


6 дәріс Әлеуметтану мектебі: Әлеуметтану мектебінін пайда болу себебі. Л. Леви-Брюль және этнология. Первобытное мышление атты еңбегін талқылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет