Этностарді раса турғысында классификациялау. Раса бойынша концепциялар және олардын этномәдениетке әсері. Расизм. Негритюд және этномәдениет.
Антропогенез саласында адамның тегіне жақын жануарларды (маймылдарды) және төрттік геологиялық кезеңдегі адамдарды зерттейді. Жалпы адам баласының жануарлар жүйесінде алатын орнын анықтайды. Зоологиялық тұрғылықтан адамды жоғарғы деңгейдегі приматтарға байланысты қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар адам эволюциясына орай бүгінгі адамның қалыптасу түрін және оның себептерін, жолдарын анықтайды. Сөйтіп бұл салада бүгінгі дәуірдің маймылдары мен қазбалардан табылған көне заман маймылдардың өзара салыстырмалы ерекшеліктерімен айналысады. Сол сияқты адам эволюциясынада назар аударады. Көне заман адамдарының бас сүйектері мен қаңқа сүйектердің дәуірлік динамикасын зерттейді. Бұл салада қосымша ізденістер ретінде көптеген ғылымдардың нәтижелерін жан-жақты пайдалануға ұмтылады. Солардың ішінде геологиялық дәуірлерге, археологияның палеолит мерзіміне орай адамның физикалық даму жолдарына, әлемде расалық типтердің таралуы мен олардың қалыптасу себептеріне, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне, т. б. жүйелеріне назар аударады. Нәсіл — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.Нәсілдер, адам нәсілдері – шығу тегі мен дене құрылымының тұқым қуалау белгілері бойынша тарихи тамыры ортақ адамдар тобы. Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен Нәсілдерге жатады: экваторлық нәсіл [терісі қара, бұйра шашты (негроидтер), шашы толқынды, денесі түктілеу, прогнатизмді, жақ сүйегі біршама шығыңқы, жалпақ мұрынды, қалың ерінді болып келетін негр-австралоидтер]; еуропалық нәсіл (терісі ақ, шашы толқынды, денесі түкті, ортогнатизмді, бет сүйегі мен мұрын қыры өте шығыңқы, еріндері жұқа); моңғол нәсілі (терісі сарғыш, шашы тік, қайратты, денесінің түгі аз, мезогнатизмді, бет сүйегі өте шығыңқы, таңқы мұрын, еріндері біршама қалың, эпиантусты – қиық көзді, қалың қабақты). Нәсілдер бас пішініне, дене бітіміне, ал еур. нәсіл үшін, сонымен қатар, шаш пен көздің түсіне қарай 30-ға тарта нәсілдік тармаққа б еуразиялық нәсіл — жер бетінде кеңінен тараған көне нәсілдердің бірі. Еуропаға, Солтүстік Африкаға, Алдыңғы Азияға, Солтүстік Үндістанға, еуропалықтар отарға айналдырған аймақтар — Америка, Австралия, Оңтүстік Африкаға тараған. Олардың ең алғаш шыққан жері — Еуропа, қалыптасқан дәуірі — палеолиттің соңғы кезеңі. Еуропалық нәсілге жататын адамдардың шығу тегі ұқсас, әрі сыртқы түр-тұлғасы, яғни морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. тұқым қуалаушылық белгілері де бір-біріне жақын үлкен топты құрайды. Еуропалық нәсілдің бойы ұзын, терісі мен шаштары біркелкі, түсі ақшал-сарғыш, сақал-мұрты қалың, бас сүйегі ұзынша, бет пішіні сопақтау келген, мұрыны қырлы, әрі түзу және танау тесіктері бір-біріне жақын, қатарласа орналасқан енсіздеу, көзінің үстіңгі қабағындағы қатпарлары айқын байқалмайды, жақ сүйектері алға шығыңқы емес, еріндері жұқа, көздерінің түсі көбіне көкшіл келеді. Терісінің ақшыл түсті болуы күннің ультра күлгін сәулелерін терісіне сіңіру арқылы Д витаминінің түзілуіне мүмкіндік жасайды да, мешел ауруына шалдықпауына әсер етеді. Еуропалық нәсілге антропологиялық сипаттама шашының, көзінің, терісінің түс ерекшеліктеріне қарап беріледі. Осыған байланысты оны үш топқа бөледі: 1) оңтүстік тобы — бұған Еуразияның оңтүстік аймақтарында тұратын адамдар жатады. Олардың терісінің түсі қоңырқай, көздері мен шаштарының түсі қарақоңыр болып келеді; 2) Еуразияның солтүстік аймағында тұратындардың терісі мен шашының түстері ақшыл-ашық, көздері көкшіл түсті болады; 3) Еуразияның ортүстік аймағында тұратындары шашы, терісі ақшыл, кейбірінің терісінің, көзінің де түсі көкшіл түсті болады. Еуропалық нәсілді кейде Атлант-балтық тобы (Норвегия, Финляндия, Швеция, Ұлыбритания, Ирландия, Исландия, Нидерланд, Германия, Эстония, Латвия тұрғындары), ортаеуропалық топ (Батыс Еуропа, Ортүстік Еуропа, Украина, Беларусь тұрғындары), Балқан-Кавказ тобы (Югославия, Грекия, Болгария, Оңтүстік Австрия, Солтүстік Италия, т.б. тұрғындары), Үнді-Жерорта теңізі тобы (Испания, Италия, Франция, Жерорта теңізіндегі аралдар тұрғындары), Ақтеңіз-балтық теңізі тобы (Ресейдің еуропалық бөлігінің тұрғындары), Орал тобы (Коми-Пермь, Мари-Эл, Мордовия, Удмуртия халқы), Оңтүстік Сібір тобы (Еділ өзенінің бойындағы тұрғындар) деп бөледі. Орыс халқының көпшілігі Еуропалық нәсілдің ортаеуропалық түріне жатады. Еуропалық нәсілдің шет аймақтарда тұратын халықтары көптеген аралас типтер арқылы моңғол және зәңгі нәсілдерімен бірігіп кеткен өлінеді; қысқаша Раса.
Достарыңызбен бөлісу: |