Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»


дәріс Дәстурлі этномәдениет



бет9/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекциялар этнос (1)

11 дәріс Дәстурлі этномәдениет:
Дәстур негізі. Дәстурдін негізгі типтері. Дәстур және этномәдениет. Дәстур және оның этномәдениетке ықпалы. Функциялары.
12 дәріс Автсралия еліндегі этномәдениет: Австралиялық халықтар, тайпалар және этностар. Миклуха-Маклай және оның ғылыми зерттеуы. Дәстур және тотем. Фильм-презентация
13 дәріс Африка елдерінде этномәдениет: Африка елі және халықтары. Олардын мәдениетті және ерекшелігі. Дәстур және ритуал. Тайпалар және олардын салт-дәстурлері.
Қазіргі заман адамдарының барлығы саналы адам homo sapiens бір түрге жатады. Нәсілдер бұдан 30-40 мың жылдар шамасында ғана қалыптаса бастады. Еуразия аумағынан табылып, айы-күні бұдан 25-40 мың жыл бұрын белгілі болған кроманьондықтар түрінің өкілдерінде нәсілдік ерекшелік әлсіз, комескі түрде білінді. Сірә, нәсілдер бұдан 10-20 мын,жылдар бұрын біржолата қалыптасса керек. Үдеріс ортаға бейімделгіштік (идиоадаптация) деңгейінде жүріп, бейімделгіштік мәнге ие болды. Мәселен, негроидты нәсілдің қара қоңыр терісі ультракүлгін сәуленің артық әсерінен қорғады, бұйра шаш күн етіп кетуден сақтандырды, ал бойдың биік болуы дененің қызып кетпеуіне (үстіңгі бетколем) мүмкіндік туғызды. Монголоид нәсілі көзінін. шүңғыл, қысыңқы орналасуы жиі соғатын шаңды дауылда көзге қоқым, Қытай жазығында - құм, шаң,Аляскада мұз ұшқынын түсуден сақтандырды.
Қазіргі кезде 3 ірі нәсілге бөлінеді. Олар: монголоид, еуропеоид және негроид. Тағы бір жіктеу бойынша австралоид және американоид дербес нәсілдер болып топтастырылады. Нәсілдердің әркайсысының өзіне тән сыртқы белгілері болады. Алайда әр алуан нәсіл адамдарының өзіне тән жалпы түрлік өлшемдері бар. Мәселен,бүкіл нәсіл өкілдерінің, дербес ерекшеліктерден өзге, ішкі мүшелер құрылысы мүлде бірдей. Физиологиялық үрдістерінде де айырмашылық жоқ. Әр түрлі нәсілдердің дені сау адамдарында дене температурасы, қан қысымы, тағамға төбеті (тәуліктік калория мөлшері) және су тұтынуы бірдей болып келеді. Тек қан құю немесе эмбриондарды алмастыру ғана емес, сондай-ақ мүшелерді ауыстырып орналастыру мүмкіндігі бар. Әр түрлі нәсіл өкілдерінің отбасында белгілі бір нәсіл отбасылары тәрізді дәл сондай тіршілікке бейім және өсімтал ұрпақ тууда.
Нәсілдердің барлығы генетикалық, биологиялық және әлеуметтік жағынан бірінен-бірінің артық-кемдігі жоқ. Олардың кез келген өкілдері ғылымда, спортта немесе өнерде үлкен биіктікке көтеріле алады. Кертартпа нәсілшілдік ілім нәсілшілдік еуропеоид нәсіл негроидты нәсілден зерделі болады десіп дәлелдемек болды. Бұл салада XX ғасырда фашистік Германия «биологияға жанаспайтын», дүмбілез іздестіруді қаржыландырды. Нәсілшілдік теориясы адамдарды қанап,отарланған мемлекеттердің табиғи ресурстарын пайдаланудың айыбы жоқ деп тану үшін мемлекеттерге, отаршыларға қолайлы болды.Ал казіргі уақыттағы мүлде адамгершілікке жатпайтын ілім ретіндегі фашизм ізгілікке қарсы және табиғи емес әр түрлі теорияларды өзіне тартады. Солар арқылы жеке адамдар мен тұтас халықты жою саясатын ақтау қолайлы болған.
Осы заманғы өркениетті адам белгісінің бірі нәсілшілдік және ұлттық. төзімділік болып табылады. Егер адам өзін кадірлейтін болса, онда ол оның нәсіліне немесе ұлтына қарамастан, өзге адамдарды да сыйлай білуі қажет. Бұл ой өркениетті барлық елдердін, конструкциясының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында былай жазылған: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқапдай кемсітуге болмайды».[1]
Қоршағанортаныңбүкілтабиғибайланысы, солсияқтыадамәрекетініңбасымдылығыменсоныңішіндеғылыми-техниканыңқоғамөмірінежеделенуіменХХғасырдыңорташеніненбастап, географиялықортаныңкүртөзгеруі – экологиятерминінежаңашағылымикөзқарасқалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады.Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды.Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек.Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды.Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды.Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде
адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.
Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр.Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды.Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді.Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді.Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр.
Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі.Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.
Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады.Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.
Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет.Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды.Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды.Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады.Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген.Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.
Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады.Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті.Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.
Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда.Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану.Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда.
Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады.Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік.1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз.1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді.Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды.Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі.
Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі.Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация.Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық.
Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады.Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі.Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады.Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек.Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет