Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет3/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология

3. Этнологияның зерттеу әдістері:
Өзге ғылымдар саласындай этнологияның өзіндік зерттеу әдісі бар. Қазіргі кезеңдегі этнологтар ғылыми сараптама жасау үшін түрлі деректерді пайдаланады. Олар этнограф – ғалымдардың жазбалары мен сипаттамаларын, саяхатшылардың күнделіктерін, фольклорлық және әдеби текстерді, этносоциологиялық, этнопсихологиялық зерттеулерді, публистикалық деректерді, арнайы архивтік, сирек кездесетін қорларды, тарихи, жалпы – саяси мәліметтерді т.б. зерттеу әдісінің объектісіне айналдырады. Сондай – ақ өздерінің зерттейтін халқының арасына барып, сол халықтың тұрмысы мен мәдениетімен танысады. Деректерді жинақтауда арнайы сауалнама жасап, мәлімет берушілермен сұхбаттасады. Оларды қағаз бетіне, суретке, видиофильмге, үнтаспаға түсіреді. Бұл деректердің түрін – ел арасынан жинаған мәліметтер деп атайды. Деректерді жинау үшін арнаулы немесе жеке экспедициялар ұйымдастырылады. Экспедициялардың жасаған этникалық зерттеулері маршрут бойынша жинау деп атайды. Ал арнайы бір елді мекенде тұрып зерттеуді тұрақты орналасып жүргізетін зерттеу жұмысы дейді.
Сонымен этнологиялық зерттеу әдісі:
Тарихи – жазба түп деректерді зерделеумен;
Ауызша деректермен;
Археологиялық мәліметтермен;
Салыстырмалы тілдік зерттеумен;
Статистикалық әдіспен;
Далалық зерттеулермен ұштасып дамиды.
4. Этнологияның өзге ғылымдармен байланысы.
Этнология жоғарыда келтіргеніміздей негізгі зерттеу объектісі этностарды зерттеу болғандықтан, олардың мәдени, әлеуметтік т.б. сфералары да сарапталады. Этнология этностарды терең зерттеуде көптеген өзіне туыстас, салалас ғылымдармен байланысады. Олар – антропология, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, география, этнография.
1. Этнология және антропология.
Антропология (гректің antnonos – адам, logos - ілім) – адамның шығу тегін, эволюциясын, биологиялық даму заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымының саласы. Антропология бірнеше бөлімнен тұрады. Олар - морфология, антропогенез, этникалық антропология расатану (раса – бұрын бұл терминді «нәсіл» деп жаңсақ аударып келді. Ал дұрысында раса деген сөз италиян, француз, ағылшын, орыс тілдеріне арабтан алып енгізілген. Арабша раса бас, басты деген ұғымды білдіреді), физиологиялық антрология және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет