Балалар өлімінің жоғарғы деңгейі;
Оқыс оқиғалар және улану салдарынан ересек адамдардың өлімінің көптігі (күшпен өлтіру және өзін өзі өлтіруді қоса есептегенде);
Жұқпалы инфекциялы аурулардың таралуы;
Алкоголизм;
Ажырасу, аборт, ата ананың баладан бас тартуы, некесіз бала санатының көптігі;
Тұрғын жай сапасының төмендігі;
әлеуметтік бейқамдылық, тәуелділік сезімдері;
жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жоғары деңгейде болуы;
жұмыссыздық
Мәдени дағдарыс концепциясы. әр мәдениетті көптеген әлеуметтік ортаның символдарынан құрастырады: вербалды және вербалды емес қарым қатынас түрлері, әр адамның рухани өмірі мен сипаты осы мәдени құбылыстарға байланысты жаңа мәдени жағдайда осы жүйенің бірқалыпты жағдайы болмаса, адам терең жүйкелік күйзеліс мәдени дағдарысқа ұшырайды. Мәдени дағдарыстардың мәні ескі, әдеттенген мәдени нормалардың жаңа, әдеттенбеген, ұқсас емес нормаларымен байланысқа түсуі.
Мәдени дағдарыс концепциясының негізін қалаған американ мәдени антропологы А. Фарнхеме және С. Бохнердің пікірі бойынша ауыз су, ыдыс, төсек, басқа мәдениет өкілдерімен байланысқа түсу қорқынышы, т.б. мәдени дағдарыстар көрсеткіштері болып табылады. Шын мәнінде мәдени дағдарыс тұлғаның бір сәтте көптеген жаңа информацияны белгілі бір мезетте қабылдауға шамасы келмейтін психикасының қорғаныш реакциясы.
Жаңа мәдени байланысқа түсудің тағы бір себебі күтпеген оқыс жағдайлар. Соңғы он жыл ішінде көптеген біздің отандастарымыз өздеріне мәдени дағдарысты сезінуге тура келеді: бұл ең алдымен «алыпсатарлар» (челноки), студенттер, кәсіпкерлер, ғалымдар, саяхатшылар басқа мәдени ортамен бірден бір байланысқа түсушілер.
2. Қазіргі заманғы барлық этникалық қарым - қатынас теориясы дәстүрлі және жаңашыл қоғамның арасындағы шиеленістерге әкеліп соғады және екі негізгі бағыт пайда болады: мәдени дәстүрлі этникалық қоғамның жаңашыл ортада рухани мәдениетке негізделсе, құрылымдық осы қоғамдық ортадағы экономикалық, әлеуметтік –экономикалық қатынастардың шиеленістерін зерттеушілер. Мәдени бағыт аккультурация, мобилизация концепциясын дамытса, құрылымдық ішкі отарлаушылық, интеграцияны дамытқан.Аккультурация концепциясын 1930 жылы Р. Редфилд, Р.Линтон, М. Херсковиц жасаған. Этнологияда аккультурация ұғымында бір этникалық топ мәдени қатынастарымен басқа этникалық топтан ерекшеленіп тұратын байланысқа түскен үрдістерді айтамыз. Концепция авторларының айтуы бойынша, аккультурация нәтижесі этникалық біртұтастылық жағдайы болып табылады.Қазіргі таңда аккультурация үрдісі шапшаң түрде әлемде жүріп жатыр, бірақ оларды кез-келген жағдайда мәдени интеграцияға алып келеді деген қорытынды жасауға негіз болмайды. Тарихи шындық жағдайында аккультурация нәтижесі көбінесе осы халықтардың нақты әлеуметтік саяси байланысы жағдайын анықтау. Олардың қарым қатынасы қандай формада және ерекшеліктеріне байланысты, аккультурация нәтижесі әртүрлі болады.Мобилизациялық концепция полиэтникалық мемлекеттер ішіндегі этникааралық қарым қатынастар мәселелерін қарастырады, бұл концепцияда үлкен мағына этникалық консолидация процестерін қамтамасыз ететін орталық үкіметпен байланысты. Бұл концепцияның қарсыластары этникалық қауым арасындағы тұрақты мәдени қатынастар ұлттық интеграция үшін жеткіліксіз. Сондықтан үкімет өздерінің барлық билік аппараттарымен бірге дәстүрлі тұйықталған топтарды басым билеуші топтарға қосуға міндетті. Мұның барлығына қол жеткізу үшін ұлттық символдар мен құндылықтарға БАҚ арқылы үлкен мән назар аудару қажет. Бірақ тек БАҚ арқылы насихаттау аз, көп елдерде экстремистік сепаратистік топтардың үндеуі байқалады, сондықтан мәдени мобилизация концепциясының жартысы харизматикалық лидер культына назар аударылады. Интеграциялық концепция бір мәдени фактормен этникалық процестер ағымын түсіндіру мүмкін емес, әсіресе, дамушы елдерде , аккультурацияға, мәдени бейімделуге, барлық жағдайы жасалынған және әлеуметтік мобилизациялаудың ақпараттық әдістері арқылы насихаттау. Соған қарамастан, дамушы елдерде дәстүрлілік сақталынған, ал этникалық сепаратизм өсе түсуде. Сондықтан ғалымдар көбінесе этникааралық байланыстар процесіне әлеуметтік экономикалық факторларға баса назар аударады. Бірақ кейде қазіргі таңдағы жағдайда перифериялық территорияларды біртұтас экономикалық жүйеге қосу өте қиын, жаңа этникааралық қатынастардың асқынып кету қаупі де бар.Құрылымдық интеграциялық концепция кейбір этникалық процестер мен жағдайларда қолданылуы мүмкін, бірақ оларда әмбебаб деп санауға болмайды. Этнос әлеуметтік экономикалық жүйеге де кіруі мүмкін, сонымен қатар сепаратистік қозғалыстарда да белсенді араласуы мүмкін.Ішкі отарлаушылық концепциясы дамушы индустриалды елдерде интеграциялық концепция жақсы дамыса, дамушы елдерде ішкі отарлаушылық концепциясы жақсы дамыған. Мәдени отарлау механизмі өте қарапайым. Басқа мәдениет өкілдері әртүрлі жағдайлардың күшімен басқа территорияларға кіріп, өздерінің мәдени құндылықтары мен өздерінің жүріп тұру нормаларын белсенді түрде дамытуға тырысады. Мәдени отарлаушылықты айта отырып, мынаны да ескерген жөн: ол әртүрлі формада дамиды: саяси, экономикалық, т.б. «отарлаушылық жағдай» көбінесе нәсілдік және мәдени айырмашылықтары бар билеуші топтардың экономикалық дамуы өте төмен деңгейде орналасқан тұрақты тұрғын халықтарға билік жүргізуі. Билік нәсілдік, этникалық, мәдени өзгешеліктерімен және метрополяны басқарушылар тек әскери күшпен ғана емес, сонымен бірге нәсілдік және мәдени стереотиптер кешенімен байланысты. Бұл жағдай қазіргі таңда да өмір сүруде, «ішкі Американы» (Ф. Бродель) іздеу жағдайын барлық елдерде кездестіруге болады.
3. Адамзаттың этникалық тарихы екі бір- бірімен байланысты тенденциялармен сипатталады. Оның біреуі интеграциялық, екіншісі дифференциалды бағыт. Сонымен қатар, әр этапта этникалық тарихтың тенденциялары және формаларының қатысы әртүрлі детерминді факторлар өзгерісімен қатысты.
Екі тенденцияның да әсері көбінесе этникалық қауымның әлеуметтік экономикалық оазисіне байланысты және сондықтан әртүрлі этникалық ортада біркелкі емес. Қазіргі таңда этникалық процестерге үлкен әсер етуші ғылыми техникалық прогресс, бірінші орында БАҚ ты дамыту.
Латын Америкасындағы этникалық процестер. Кариб аймағы елдерінде шамалы аборигенді халық алғашқы он жылдың көлемінде өздерінің дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігін жоғалтады, көп үндістік тілдер бүгінде реликтілік болып қалды. Бірақ үндіс этникалық топтары әлі де үндістік таным түсінігін сақтап қалуда.
Оңтүстік Америкада әртүрлі этникалық топтардың араласуы және әлеуметтік мәдени жақындасуы жүріп жатыр. Аккультурациялық процестер және ассимиляция жалпы тенденцияның күшеюіне қарамастан, Мексикада және Гватемаладағы ірі этникалық қауымдар өздерінің этномәдени орталықтарын сақтап қалуда. Аймақтың басқа елдерінде үндіс және негрлер араласуы бірқалыпты жағдайда жүруде. Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде қазіргі таңда миграциялық көші қон жаңа жолды қалыптастыруда, әртүрлі этникалық топтардың мәдениетке енуі, олардың жақындасуы. Барлық этникалық топтар біртұтас процеске аккультурациялық деңгейінде және ассимиляция деңгейінде жүріп жатыр. Тұтас алғанда, Латын Америкасы елдерінде этникалық тұрмыстық қағиданы сақтау мәселесі қиындай түсуде, солтүстік Америкалық мәдениетке қарама қарсы тұру өсе түсуде.
Африкадағы этникалық процестер. Африка контингентіндегі этникалық процестің жағдайын қазіргі таңда қарама қарсылық және шатастырылған деп сипаттауға болады. Бір жағынан ірі этникалық қауымдардағы туыстас этникалық топтардың консолидациясы,екіншіден, жеке елдердегі этникалық интеграция масштабы, үшіншіден, мемлекеттік шекаралармен бөлінген этникалық территориялардың дивергенциясы.
Африкада этникалық қауымның барлық белгілері өмір сүруде: көп миллионды этностардан бірнеше жүз, мыңдаған аңшы және терімші тайпалардың болуы, олар әлеуметтік қатынастардың ең архаикалық т іформаларын сақтап қалған. Көптеген халықтар әртүрлі мәдени дамудың сатысында тұр. Бұл көбінесе Тропикалық Африка елдерінде қатты байқалады.
Азиядағы этникалық процестер. Бұл жерде қазіргі таңда билеуші этностардың аз ғана этникалық топтармен ассимиляцияға түсуі байқалады. Бірақ бұл аймақтардың этникалық процестері ірі иммигранттардың қауымдарының өздерінің этникалық қоғамын сақтап қалуға тырысып жатқандығымен сипатталады (қытай, тамильдер). Иммигранттық емес және ассимиляциялық жолмен әдейі жүрмейтін этникалық топтар консолидацияланып және этникалық автономия болуға күш салады.
Ағылшын және филиппино тілдерінің көп таралуына байланысты Филиппиныдағы этникалық топтардың консолидациялануы бір этностың дамуына ыңғайлы әсер етеді. Бірақ Оңтүстік Филиппины мұсылман халқының этникалық ерекшеленуі қатты байқалады. Тіпті, ең жоғары деңгейде дамыған елдерде, мысалы Жапония, этникалық консолидация процесін байқауға болады. Бірақ, тұрақты тұрғын халық пен корей иммигранттарының жапон тіліне көшуі кезінде де олар өздерінің этникалық тұрмысы мен этно қорғаныс күштерін нығайтады.
АҚШ – тағы этникалық процестер. Барлық Америка қоғамында мобилділіктің тез дамуы, жаңа иммигранттардың кәсіби және мүліктік базасының американ мәдениетіне тез енуі АҚШ – тағы этникалық процестерді тездетеді, консолидациялық және ассимиляциялық жолмен дамиды. Испан тілді халықтардың этномәдени рөлі өсе түсуде және Оң түстік Шығыс Азиядан шыққандардың салмағы жалпы халықтық демография құрылымында байқалады. Бұл процестер кезінде қарама қарсылық тенденциялары байқалады: а) әр топтың этникалық құндылықтарының беделі жоғары; б) әлеуметтік ассимиляциялық топтардың мәдени өзінділігі қатты сақталынғандығы байқалады; в) этникааралық некенің көп болуы, кәсіби табыс, тілдік ассимиляция кезінде этниканың өзінділігі сақталынады.
Батыс Еуропадағы этникалық процестер. Біздің әлеміміздегі басқа елдерге қарағанда Батыс Еуропа елдерінде этникалық процестер қиын дамуда. әр этникалық мәдениеттеинтернационалды процестер тез дамуда, ағылшын тілі халықаралық қарым қатынас тілі болып таралуда. Тұрғылықты халқы бар елдерде бұл процесс ассимиляцияланған процестермен жалғасуда. Сонымен қоса, әр елде этникалық ассимиляция процесі өз жолымен жүруде, тарихи жағдайы мен дәстүрлеріне байланысты.
Этникалық процестерге иммиграциялық ағымның әсері біркелкі емес, Еуропалық елдердегі иммигранттар белсенді түрде негізгі этникалық ортамен, азаматтық алумен және аралас неке арқылы тез ассимиляцияға түседі. Еуропалық еместер, жергілікті халықпен нәсілдік, тілдік, мәдени, діндік ерекшеліктерімен ассимиляцияға түсуі өте қиын жағдайда жүреді. Бірақ бұл қиындықтарға қарамастан, еуропалық емес иммигранттар саны арта түсуде.
Қажетті әдебиеттер:
Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г.
9 тарау 242-262 беттер
Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
1 тарау §2 21-31 беттер.
Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
2 тарау 47-51 беттер
Ионин Л. Г., Социология культуры. Москва., 1993
Байбурин А. К., Ритуал в традицонной культуре. Москва., 1993
Бромлей Ю. В., Очерки теории этноса. Москва., 1983
№8. Лекция тақырыбы: Этникалық психологиялардың негізі
1. Этникалық психологиялық ерекшеліктердің мәні.
2. Этникалық психологиялық ерекшеліктердің негізі
3. Этнос психологияларының құрылымдары
4. Инкультурация.
. Ұлттық психология — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.
Ұлттық психология — философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікірталастар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта — қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды. Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана — қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды. Үшіншілен, ұлттық психология — ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.Ұлттық психология — әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие — этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырған ұлт өкілдерінің санасына көбірек құлаған, сонысымен олардың әрекеттерінен үнемі көрініс беріп отыратын, өзгелерге қарағанда көбірек қайталанатын психологиялық ерекиіеліктердің жиынтығы болып шығады.
Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді — адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек. Сөздің катаң мәнінде, мінез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезіне ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келді. Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде казіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың бәрінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі — түркі тектес тайпалардың тарихта Еуразияның ұлан-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де көрсетті. Ол жөнінде фашистік идеологтар өздерінің "Шығыс жоспарында" атап көрсетті.
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) — қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақ жеріне келіп коныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен атайды.
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулілеріне — мәрттік, жомарттық, конақжайлық, балажандық, аңқаулық жатады.
Мүдде деп (лат. interest) - дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық кажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртүрлілігіне орай қалыптаскан өрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен түрады.
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығы бар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі өр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік. Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттың өзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.
Ұлттық мүддені сезіну—ұлттың психологияны қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Бұл жерде мәселенің қойылуына, яғни ұлттық мүдде жөнінде ғана емес, ұлттық мүддені сезіну жөнінде болып отырғанына назар салу керек. Ол екеуінің арасында айырма бар: алдыңғысы психологиялық феноменге жатпайды, кейінгісі жатады. Мұндағы негізгі түйін — жеке адамның (алынып отырған ұлт өкілінің) ұлттық мүддені түсінуі оның алдына қойылған міндетке көзқарасын, сонымен қоса оның әрекетінің, тәртібінің бағыттарын айқындауға әсер ететінінде болып отыр. Адамның әрекеті мен тәртібінің бағыттарын мүдденің өзі емес, мүддені сезіну айқындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады. Мүдде мен кажеттілікті түсіну адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясындағы қозғаушы күш болып табылады.
Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады, оны отқа да, суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құрауышы ретіндегі мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.
Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі — ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз — этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады.
Әлеуметтік психологияда көпшілік жағдайда ұлттық өзіндік сана ұлт мүддесімен байланыстыра қарастырылады. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттың жағдайымен айқындалатын объективті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделердің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады.
Ұлттық сезім үш элементтен тұрады.
Біріншісі — ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым.
Ұлттық сезімнің екінші элементі — адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне әсер етеді. Бұл — дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.
Ұлттың мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардық бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады. Бұлар — шет жұрттықтармен кездесіп-танысқанда тілге тиек болатын нәрселер. Өзгелер сияқты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтанып айтатындары аз емес.Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас құрауышы есебінде қарастырылады.
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:
халықтың басынан өткерген тарихы; ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;
төлтума мәдениеті; ақпарат алмасу тілі; салттары мен дәстүрлері; түрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары; діні; әлеуметтік-демографиялық жағдайы.Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.
Қажетті әдебиеттер:
1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г.
6 тарау 154-178 беттер
2. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
2 тарау §4 46-47 беттер
№9 Лекция тақырыбы: Этника аралық шиеленістер мен олардың шешілу жолдары
1. Этника аралық шиеленістердің спецификациясы және олардың себептері
2. Этника аралық шиеленістердің динамикасы мен типологиясы.
3. Этника аралық шиеленістердің түрлері мен олардың реттелу әдістері.
1. Этника аралық шиеленістердің спецификациясы және олардың себептері
Этнология терминдерінің негізінде “этнос” (гректің тайпа, халық деген мағына беретін сөзі) ұғымы алынған. Этнос – белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұрақты жиынтығы. Этникалық қауымдастық - бұл шығу тегінің ортақтығымен және біллесе өмір сүрудің ұзақтығымен өзара байланысқан адамдардың топтары. Адамдар жылдар, ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті кезінде әрбір топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін тұрақты және ортақ белгілері қалыптасады.
Тайпалар негізінен көне этникалық қауымдастақтарға жатады. Олар этностың алғашқы элементі болып табылады. Бұл - екі немесе руларды әртүрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктерген алғашқы ірі қауымдастық.
Ұлыс-тайпалық қатынастардың ыдырау нәтижесінде, аумақтың, тілдің, мәдениеттің, шаруашылықты жүргізу мен тұрмыстың бір-біріне ойластырыла жақындасуының негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы. Ұлт – адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік-экономикалық және руханиқауымдастығы, этнос типі. Ұлтты аумақтың, тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар, психологияның, мәдениет пен сана-сезімнің ортақтығы сипаттайды. Ұлттың рухани белгілерін көптеген ойшылдар әр қырынан, әр тұрғыда атап көрсетеді. Ұлт дегеніміз – бұл адамдардың шығу тегінің, тілінің , орналасу аумағының, экономикалық жағының қалыптасуының, сонымен қатар оның этникалық санасы мен сана-сезімінің ортақ көрінісінің жиынтығы, яғни психологиялық құрылымы мен мәдениетінің ортақтығы арқылы сипатталатын адамдардың ерекше қауымдастығы. Ұлттық қатынастар - бұл көпұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастырдың синтезі. Ұлттық қатынастар әртүрлі деңгейде, яғни мемлекетаралық және тұлғалық деңгейлерде жалғасып жатады.Ұлт мәселесі ұлттық қатынастардың негізі болып табылады және ол ұлттық қатынастардың күйі мен сипатын анықтайды. Ұлттық қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Экономикалық ұлтаралық қатынастар ұлттың экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралық қатынастар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды роль атқарады. Ұлтаралық қатынастардың пайда болуы мен жүзеге асуы тек тұтас халықтар деңгейінде ғана қалып қоятын құбылыс емес, ол әртүрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өзара қарым-қатынас орнату процесіндегі тұлғааралық деңгейде де пайда болып, жүзеге асады. Тұлға аралық қатынастардың мазмұнын түсіндіретін болсақ, ол-ең алдымен ұлттардың аса мол рухани байлығы. Ұлттық қатынастарды саналы реттеу - әртүрлі этностардың мүдделерін үйлестірудің бірден-бір кепілі.
Ұлт мәселесі – нақты тарихи құбылыс, өйткені қоғам дамуының әрбір кезеңінде ұлт мәселесі белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси мазмұнға ие болып келді. Ұлт мәселесі кең ауқымды ұғым. Ұлт мәселесіұлт және ұлттық қатынастар дамуының өзара байланысты проблемалары жүйесінен тұрады. Ұлт мәселесі өзгеріске түспей қоймайды, оның мазмұны тарихи дәуірдің сипатына және нақты қалыптасқан ұлтаралық қатынастардың мазмұнына байланысты өзгереді. Қазіргі жағдайда ұлт мәселесінің негізгі мазмұны барлық халықтардың еркін және жан-жақты дамуынан, олардың ынтымақтастығын кеңейтуден және ұлттық мүдделерді үйлесімді байланыстырудан басталады.
2. Этника аралық шиеленістердің динамикасы мен типологиясы.
Ұлтаралық шиеленістер - бұл саяси, аумақтық, экономикалық, тілдік, мәдени, діни проблемеларды шешу барысында ұлттар арасында пайда болған қарама-қайшылықтардың шектен тыс асқынуы.
Ұлттық шиеленістердің ушығуы мемлекетаралық деңгейге жеткенде тым асқынып, шектен шығып кетеді. Ұлтаралық шиеленістер көбінесе тарихи тұрғыда қалыптасқан халықтардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуімен де сипатталады. Себебі шегіне жете қордаланған, тамырланған мұндай жағдай халықтың наразылығын тудырып, содан барып олар өз құқығы үшін әділетті күреске шығады.
Көпұлтты қоғамның ұлтаралық шиеленістерді дер кезінде көре білуі және оны өрбітпей, өркениетті тәсілдерді қолдану арқылы шешуге қабілеттілік көрсетуі-бұл оның азаматтық кемеліне келгендігі мен демократизмнің қалыптасқандығының айғағы.
Ұлтаралық қатынастарды нығайтуда отбасы маңызды рөл атқарады. Отбасы мен неке арнайы қаралатын әлеуметтану теориясының негізгі мәселелерінің қатарына жатады.
Әлеуметтік даулар, тартыстар, шиеленістер және жанжалдар қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қарастылылады. Қоғамның өтпелі аномилық жағдайларында әлеуметтік даулар өршіп кең етек жаяды. Ең қауіпті даулар саяси әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық қатынастар салаларында орын алады.
Әлеуметтану тарихында дау-дамай, жанжал Т. Гоббстың «барлығының барлығына қарсы соғысы» деген пайымдаудан бастау алады. Даулар, жанжалдар, тартыстар, шиеленістер проблемасын өздерінің еңбектерінде М. Вебер, Г. Спенсер, Ф. Теннис, Т.Веблен, Д. Росс, Э. Гидденс және т.б., әсіресе Р. Дарендорф тереңірек қарастырған.
Әлеуметтік дау бір тарап өзінің көздеген мақсат мүдделеріне залал келтірген жағдайдаорын алады. Әлеуметтік дау-дамайлар қоғамның дамуына оң немесе кері әсерін тигізеді. Әлеуметтік даулар қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің қайнар бұлағы болып табылады: бірнішіден – қоғамдағы түрлі таптардың, топтардың, бірлестіктердің арасындағы қарама-қайшылық мүдделерін реттеп отырады; екіншіден - әлеуметтік даулар қоғамның тұрақты дамуына қауіп төндіреді, мысалы революцияларға, соғыстарға және анархиялық құбылыстарға себепші болады.
Тартысты ғылыми негіздеп қарастырған А. Смит. «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» еңбегінде ол тартыстың негізінде қоғамның таптарға бөлінуі және олардың арасындағы экономикалық бәсекелестікті ерекше көрсеткен. Сонымен бірге экономикалық бәсекелестікті қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырған.
Жанжалдардың кеңінен тараған түрлері:
1. Саяси жанжалдар. Билікті бөлу немесе билікке қатынасы жөнінде ықпал көрсету сияқты жағдайында туады. Оның түрлері:
1) билік түрлерінің тармақтарының жанжалдары;
2) парламент ішіндегі жанжалдар;
3) саяси партия, қозғалыстар арасындағы жанжалдар;
4) басқару аппаратының ішінара жанжалдары.
2. Әлеуметтік-экономикалық жанжалдар. өмірлік маңызы бар мүдделерді, әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету, жалақының деңгейі, интеллектуалды және кәсіби потенциалды пайдалану, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету саласындағы бағалар деңгейі рухани және материалдық құндылықтарды бөлу мен пайдалану жөнінде туындаған жанжалдар.
3. Ұлттық-этникалық жанжалдар. Белгілі бір ұлттардың, этникалық топтардың өз мүдделері мен құқықтарын қолдау күресі барысында туындайды. Тараған түрлері:
1) тұлғалық;
2) тұлғааралық;
3) топаралық;
4) қалыптағы жанжалдар
5) қоршаған ортамен қақтығыс.
Әлеуметтік жанжалдардың типологиясы:
1. Конфронтация – күрес барысында бірігу.
2. Бақталастық /соперничество/
3. Бәсекелестік /конкуренция/
Жанжалдардың қоғамның дамуындағы атқаратын қызметтері:
қарама-қармы тараптардың психологиялық кернеуін реттеу;
коммуникативтік байланыс;
қоғамда біріктіруші, нығаюшы.
Жалпы алғанда жанжалдың субъектілері үш топқа бөлінеді:
1) бастапқы топтар – объективті және субъективті сәйкес келмейтін мақсаттарға жету жолында өзара әрекет ету жағдайындағы жанжалдың тікелей қатысушылары;
2) екінші топтар – тікелей тартысқа қатысушы болғысы келмейтін, бірақ оны қоздыруға күш салатындар;
3) үшінші топтар – тартысты шешуге мүдделі топтар
Р. Дарендорф әлеметтік жанжалдардың субъектілерін үш топқа бөліп қарастырған:
1. жанжалдық тікелей қатысушылары - өз мүдделерін нақты көздейтіндер
2. тікелей қатысушы бола отырып, оның өсуіне ықпал тигізеді
3. жанжалдың тоқтатылуына, шешілуіне үлестерін қосатындар.
Тартысты шешу үшін мыналарды ескеру қажет:
Тартыс = тартыстық жағдай + инцидент
Тартысты жағдай – бұл тартыстың ақиқат себебі бар жинақталған қайшылықтар.
Инцидент – тартысқа себеп болған жағдайдың өтуі
Тартысты шешу дегеніміз: 1) тартысты жағдайды жою
2) инцидентті тоқтату.
3. Этника аралық шиеленістердің түрлері мен олардың реттелу әдістері.
Жанжалды шешу жолдары мен әдістері:
1. Жанжалды болдырмау әдісі;
2. Келіссөздер әдісі /компромисс/;
3. Делдалдықты қолдану әдісі;
4. Жанжалды кейінге қалдыру әдісі;
5. Арбитраж немесе сот өкілдеріне, сот шешіміне жүгіну әдісі /қолдану
Қажетті әдебиеттер:
1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г.
10 тарау 263-284 беттер
2. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
2 тарау 34-51 беттер
№ 10 Лекция тақырыбы: Отандық этнография мектебінің қалыптасуы (ХІХ-ХХғғ.)
1. Қазақстанның этнография мектебінің қалыптасу тарихы.
2. Қазақстанның этнография мектебінің қалыптасуындағы жеке тұлғалардың ролі
а) Ш.Уәлиханов (1835-65)
ә) Ә.А.Диваев (1856-1933)
б) А.Байтұрсынұлы (1873-1938)
в) М.Жұмабаев (1893-1933)
г) С.Асфендияров (1889-1938)
д) М.Әуезов (1897-1961)
ж) С.Мұқанов (1900-1973)
з) Ә.Марғұлан (1904-1985)
Ресей ғылымында этникалық мәселелерге қызығушылық XVII ғ. ІІ жартысында пайда болды. Этнология ғылымы 1846 жылы Орыс географиялық қоғамының құрылуымен басталады. Сол жылы этнография бөлімінің төрағасы болған К.М.Бэр өзінің бағдарламасында «Ресейдегі этнографиялық зерттеулер туралы, оның жалпы ерекшеліктері» атты баяндамасында бөлімнің жан – жақты зерттеулері жайлы баяндайды. Онда Ресейдің географиясы, табиғат байлықтары мен халықтары және мемлекеттің тапсырысымен Сібір, Қиыр Шығыс, Орта Азия, Кавказ халықтары жайлы да мәліметтер баяндалады. К.М.Бэрдің идеяларын, кейінгі төраға Н.И. Надеждин жалғастырып, күрделендіреді. Ол өзінің 1846 жылы «Орыс халқын этнографиялық талдау туралы» баяндамасында мыналарды:
1) Тұрмыс заттары;
2) Әдет – ғұрып;
3) Тілі, тағы да басқаларды жазуды алға тартады.
Кеңестік дәуірлерде этнология ғылымы ұлтаралық қатынастарды зерттеудің бағыты ретінде қарастырылады. Кеңес өкіметінің саяси идеялогиясы негізінде халықтар лабороториясына айналған, тек «Кеңес адамын» тәрбиелеу болғандықтан әрбір ұлттың генезисін терең зерттеуге, төлтума дүниетанымдық көзқарастарын діни, философиялық бағыттарымен сипаттауға мүмкіндік болмады. Орыс ғылымында этнография мен этнология синоним ретінде (халықтану) қарастыру әдеті бар. ХІХ ғасырдың соңында да, Ресейде «этнография» теориялық және сипаттау тұрғысында дамыған. 1920 жылдардың аяғында Кеңес этнографиясында этнологияға қарсы бағыт дамып, этнология термині ығыстырылды. Ғалымдардың зерттеулерінде этнология мәселелері, этнологиялық дүниетаным, этникааралық қақтығыстар, этностардың психологиясы, этногенетикалық үрдістер назардан тыс қалды. Сонда да болса, көптеген этнолог ғалымдар ғылыми тұрғыда өз зерттеулерін дамытты. Олар: В.Г.Богораз, П.Ф.Преобреженский, С.П. Толстов, Б.А.Куфтин, С.И.Руденко, Н.Н.Чебоксарев, С.А.Токарев, Ю.Б. Бромлей және т.б. Осындай зерттеушілердің жұмысы нәтижесінде әрбір аймақтар бойынша олардың шаруашылық – мәдени түрлерін тарихи – этнографиялық бағытпен зерделеудің негізі қалыптасты. ХХ ғ. 70-80 жж. Ресей этнологиясында жаңа толқын этногенез концепциясымен этностардың дамуы мен пайда болуы механизмін Л.Н.Гумилев алға тартып, зерделеді. Қазіргі таңда Ресей этнология ғылымында негізгі ғылыми – зерттеу орталығы Ресей Ғылым Академиясының ішіндегі этнология және антрополгия институты болып табылады.Ал, Қазақстанда 1946 жылы Қаз.ССР ҒА-ның құрамында Тарих, археология және этнография институтының құрылуына байланысты этнография ғылымы толық дами түсті. Этнограф ғалымдар И.В.Захарова, Н.Сабитов, В.Востров, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, Ү.Қыдыралин, У.Шалекенов, Ә.Марғұлан, Ә.Т.Төлеубаев тағы басқалары қазақ халқының этнографиясын жан-жақты зерттеді. Бүгінде этнология ғылымының негізгі зерттеу орталығы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты болып табылады. Уәлиханов — саяхатшы, этнограф, фольклоршы. Шығыс Түркістан, Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғұлама ғалым.
Шоқан 1847 жылдан 1853 жылға дейін Омбы қаласындағы кадеттер корпусында оқыды. Оқып жүрген кезінде ол Шығыс елдерінің жағрапиясын, тарихын зерттеумен айналыса бастайды. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстан, Жетісу және Шығыс Қазақстан өңіріне жасалған саяхатқа қатысады. Бұл экспедиция кезінде ол қазақ халқының құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды материалдар жинады.
Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарасы Омбыда оқыған кезінде қалыптасып, демократиялық алдыңғы қатарлы зиялылармен танысуы барысында жан-жақты толыға түсті. Қоғамдық-әлеуметтік, тарих-жаратылыстану ғылымдарын меңгеруі Шоқанның ғалым ретінде кемелденуіне көп септігін тигізді.
1856-1857 жылдары Шоқан Уәлиханов Алакөл көлінен Орталық, Тянь-Шаньға, одан Ыстыкқөл мен Құлжаға дейінгі жолдарды қамтитын кең көлемдегі экспедицияға қатысты. Бұл экспедицияда, ғылыми зерттеулерге қоса, ол сауда қатынастарын реттеу бойынша жүргізілген қытай-орыс келіссөздеріне де белсене араласты. 1857 жылы Қырғызстанға екінші рет барғанда, ол қырғыз халқының "Манас" эпосын жазып алып, сүбелі бір үзігін орыс тіліне аударды.
Оның саяхаттарына байланысты жазылған ғылыми еңбектерінің нәтижелері баспасөз беттерінде жарық корді. Шоқанның "Ыстықкөл күнделіктері", "Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" сынды ғылыми еңбектері Орыс жағрапиялық қоғамының назарын аударды.
Шоқанның ұлы саяхаттарының бірі оның 1858-1859 жылдары Қашғарияға жасаған сапары болды. Бұл сапар оны көпшілікке танымал етті. Ал оның негізгі нәтижесі ''Алтышаһардың жай-күйі немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың шығыстағы алты қаласы туралы" атты іргелі еңбегіне арқау болды. Бұл еңбекте негізінен Шығыс Түркістан халықтарының әлеуметтік құрылысы, жағрапиясы, тарихы суреттелген.
Белгілі көкшетаулық ақын Орынбай Бертағыұлы (1813—1891) Шоқанның қайтқанына мынандай жоқтау шығарған:
Қыршын жас, қайран Шоқан өткен бүгін...
Күйзеліп елі-жұрты кетксн бүгін.
Аяулы жарқьн жүзіп еске тастап,
Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін.
Тарихтан талай адам көрген едік,
Қызықты нелер дәурен сүрген едік.
Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,
Шоқандай науша жасты көрмеп едік...
Қазақ елі ғылым көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыз -Шокан Уәлихановпен осылай қоштасты. XX ғасырда қазақтардың этнографиясын зерттеу мақсатымен 20-жылдары С. И. Руденконың басшылығымен этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Оның құрамында жас ғалым Ә. X. Марғүлан да болды. Бұл экспедиция "Қазақтар" деген атпен бірнеше жинақтар шығарды. Аса көрнекті ғалым, фольклоршы әрі этнограф Ә. Диваевтың қазақ халық әдебиетінің асыл мұраларын жинап, жариялап, зерттеу ісіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол жинаған фольклорлық мұралар бүгінгі күні баға жетпес рухани байлығымызға айналуда. Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевтың (1856-1933) өмір жолы мен ғылыми қызметі жайлы толық мәлімет жоқ. Ол халық арасынан ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде танылды. Алайда Диваевтың қазақ, қарақалпак, қырғыз халықтарының ауыз өдебиеті нұсқаларын жинаушы ғана емес, оны жүйелеп зерттеуші, орыс тіліне аударып, басқа ұлт өкілдеріне насихаттаушы, баспадан шығарып, көпшілікке таратушы да болғанын өмірбаяндық деректері дәлелдеп отыр.
Қажетті әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
2 тарау 161-172 беттер
2. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж.
3 тарау 52-65 беттер
3. Валиханов Ч.Ч. Собранные соч. в 5-и томах. А., 1984-85г.
4. Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX — нач. XX вв.) Алматы, 1968.
5. Диваев Ә. Тарту. Алматы, 1992.
6. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., 1995
7. Жұмабаев М. Таңдамалы А., 1996
№11. Лекция тақырыбы: Қазақ халқының этногенезі
1. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы
2. Этникалық процестер.
3. Қазақ этнонимі
4. Қазақ жүздері және өзге субэтностар (жүзге кірмейтіндер)
Қай халықтың болса да мәдениетiнiң шарықтауы мен құлдырауы – табиғи заңды процесс. Бiр кезде (бiздiң жыл санауымызға дейiнгi II ғасырда) егiншiлiкпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар малшаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениетi жоғары, өркендеген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына жол бермеген себептерге келсек, бiрiншiден, жауынгер ғұн халқының ерлiк iс-әрекетi бөгет болса, екiншiден, қалың қытайлықтардың, құрғақшылық, табиғаты қатаң даладан гөрi, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын Оңтүстiк Азияның теңiз жағалауын мекендеудi қолайлы деп санауы, үшiншiден қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кiшi Азия мен Сирияны, Египеттi жаулап алған, тұран ойпатын жайлаған, мәдениетi мен экономикасы күштi парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады (19,173).
Бүгiнгi аса мәдениеттi, экономикалық жағынан күштi деп саналатын Еуропа елдерi ол кезде (бiздiң жыл санау дәуiрiмiздiң басында) Қытай, Персия елдерiне қарағанда мәдениетi әлдеқайда нашар дамыған елдер болған. Әрбiр мың жылда бiр ұлы өзгерiстiң болуы, мәдениетi бай елдiң соғыс, қуаңшылық, жер сiлкiнiсi т.б. апаттар салдарынан мүлде құрып кетуi немесе әлсiреп, шала жансар күйге түсуi, ал оның керiсiнше, артта қалған елдiң тез қарқынмен дамуы табиғи заңды құбылыс. Ертедегi Рим мәдениетi мен араб халифатының өркендеуi - осының айғағы. Биосфералық процестiң әсерiнен Еуропа мен Азия құрлығындағы этностар мыңдаған жылдар iшiнде төрт рет бүлiнiске ұшырады. Ол ұлы Даланы мекендейтiн этностарды орасан зор қоныс аударуға ұшыратты. Шығыста әлденеше рет ғұндар мен түрiк, ұйғыр қағанаттарының қытайлықтармен қырғын соғысы болды. Аштық, өлiм-жiтiм, табиғи апаттар этностардың бiрiнiң туып, өсiп-өркендеп, кейiн құлдырап құруын, бiрiнiң орнына екiншiсiнiң пайда болып, өркен жаюын туғызады.
Мiне, осы тарихи процестерге негiздеп ежелгi қытай, моңғол жазбалары мен орыс, батыс ғалымдарының еңбектерiне сүйене отырып, “қазақтар – түрiк, моңғол, үндi-иран тектес, Қазақстан территориясында тiршiлiк еткен. “Еуразия даларының көшпелi үштiгiнен тараған сақ, ғұн, үйсiн тайпаларының қосындысынан құрылған ежелгi халық” (55, 4) деп қараймыз.
Кез келген халықтың пайда болуы және қалыптасу тарихы – өте ұзақ та күрделi процесс. Қазақ халқы негiзiнен, республиканың қазiргi жерiн мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құрылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуiрiне, андронов мәдениетi деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. ХVIII-VIII ғ.ғ.) саяды. Егер сол көне дәуiр ескерткiштерiне, айталық, қыш ыдыстардың ою-өрнегiне көз салып, қазақстанның қазiргi уақыттағы ою-өрнегiмен салыстырсақ, онда олардың көптеген ұқсастықтары мен ортақ үлгiлерiн табуға болады. Ертедегi темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII-IV ғ.ғ.) Қазақстан жерiн сақ тайпалары – массагеттер, аргинейлер, дайлар, исседондар т.б. мекендеген. Археолог – ғалым К.А. Акышев осы кезеңге жатқызатын Есiк обасынан табылған “хайуанаттық нақышта” шекiлген алтын әшекейлерi бар жауынгердiң киiмi ежелгi сақ шеберлерiнiң ғаламат өнерiн көз алдымызға әкеледi. Тап осындай ою-өрнек белгiлерi қазақтардың қазiргi қол өнерiнде де кеңiнен қолданылады. Мұның өзi бұл өнердiң ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, бiздiң дәуiрiмiзге жеткен дәстүр екенiн дәлелдейдi” – дейдi (55, 3). Ғалымдарымыздың көпшiлiгi қола және ертедегi темiр дәуiрлерiнiң жоғарыда аталған тұрғындарын (сақтарды, үйсiндердi, қаңлыларды) үндi-иран тайпаларына, Еуропа нәсiлiне жатқызады. Бiздiң заманымыздың I-мың жылдығының орта тұсында ғұндардың Солтүстiк Моңғолиядан Амударияның төменгi ағысына дейiнгi жерлердi басып кiруi этногенетикалық құбылыстардың жаңа кезеңi болып табылады. Осы уақыттан бастап түркiлер-сақтар, үйсiндер, қаңлылар, қыпшақтар ұрпақтарымен жедел араласа бастады, түркi тiлi басым тiлге айналды. Түркi қағандығы құрылып, Iле Батыс-Түркi қағандығының бөлiнiп шығуы (603 ж.), тайпалар мен тайпалық бiрлестiктердiң өзара сiңiсуiне жағдай туғызды. Батыс Түркi қағандығы Қаратаудың шығыс бөктерiнен Жоңғарияға дейiнгi ұлан-байтақ жерлердi алып жатты. Олардың негiзгi ұйтқысы “он тайпа”, “он оқ бұдуы” болды (55. 4). Орхон-Енисей бойынан табылған (51, 77) Бiлге хан мен Күлтегiнге арналған ескерткiштiң авторы Иолығтегiн шығысты мекендеген он түрiк тайпаларының (тоғыз, оғыз, отыз, татар, қырғыз, аз, шек, он, ұйғыр т.б.) атын атайды да, “олар өзiмiздiң түркiмiз, туысымыз едi, олар мекендеген Iле, Жетiсу бiздiң ата мекенiмiз едi. Сол мекенiмiз, жер суымыз иесiз қалмасын деп хан сайладық. Бұлар он оқ халық едi” дейдi (29, 32). Феодалдық құрылымдар онша берiк болмай Батыс Түркi қағандығы ыдырағаннан кейiн (702 ж.) бiрiнiң орнына бiрi: Түргеш қағандығы (VIII ғ.). Қарлықтар мемлекетi (IХ-ХI ғ.ғ.) және басқалар пайда болды. Ескерткiште Түргеш “бұлардың бес аймағы, он оқ халқының бiр бөлiгi едi” деген сөз кездеседi. Олар кейiн қазақ халқының құрамына енген арғын, керей, уақ, алшын, найман одағының жалпы аты болуы керек.
Қазақ этногенезiнде қимақтар мен қыпшақтар да үлкен қызмет атқарды. Ол Шығыс деректемелерiнде Дештi-қыпшақ (қыпшақтар даласы) деп аталады. ХI ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар оңтүстiк орыс даласына енiп қоныстанды.
Қазақтар этногенезiнде басқа тайпалар да, мысалға қазақ халқының қалыптасуында аса iрi бөлiк болып табылатын наймандар мен керейттер (керейлер) де үлкен орын алады. Түрiк тайпаларының халық болып бiрiгуiне моңғолдар шапқыншылығы кедергi жасады. Қазақстан жерлерi үш моңғол ұлысының құрамына: ең үлкен бөлiгi – Жошы ұлысының құрамына; Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетiсудың солтүстiк шығыс бөлiгi – Үгедей ұлысының құрамына ендi.
Бұл жерлерде түркi тайпалары өздерiнiң ежелгi мәдениетiн ғана емес, тiлiн де сақтап қала алды, қала бердi, шапқыншы моңғолдар түрiк ортасына сiңiсiп, олардың тiлiн және өздерi жаулап алған халықтардың материалдық-рухани мәдениетiнiң көптеген салаларын қабылдады. Алтайдан Дунайға дейiнгi ұлан-байтақ жерлердi иемдеген Алтын Орда деп аталатын Жошы ұлысының феодалдық мемлекетi ыдырап, ХIV ғасырда оның құрамынан Ақ Орда бөлiнiп шықты да, ол Қазақстанның Солтүстiк-Шығыстағы, Орталық және Оңтүстiктегi жерлерiн иемдендi. Оңтүстiк-Шығыс қазақстан жерiнде Моғолстан атты жергiлiктi этникалық негiзде пайда болған iрi мемлекет құрды. ХV ғасырдың басында Ақ Орданың орнына көшпелi феодалдық иелiктер – Ноғай ордасы және өзбек хандығы пайда болды. Оның бiрiншiсi Тобылдан Едiлге дейiнгi жердi алды. Ноғай ордасына маңғұт және алшын тайпалары қарады. Ал өзбек хандығы Солтүстiк Арал өңiрi мен Сырдария бассейнiнен бастап, Тобыл мен Ертiске дейiнгi жерлер кiрдi. Онда қыпшақтар, қоңыраттар, кеңгерестер, қаңлылар т.б. жергiлiктi тайпалар тұрды. Бұлардың бәрiнiң ол кездегi атауы өзбек болатын. Қазақстанның орталығы мен солтүстiк-шығысында орналасқан өзбек хандығы “қазақ хандығы” деп те аталды. Көбiнесе “өзбек-қазақтар” деп те атайтын. Тек ХV ғ. ортасында көшпелi өзбектердiң бiр бөлiгi Шайбани ханның бастауымен Орталық қазақстаннан Мауераннахрге кеттi де, “өзбек елi”, “өзбек даласы” атанды. Сөйтiп, бұл атау ХVI ғасырдың басында Орта Азияға ауысты да, тұтас өзбек халқын бiлдiретiн ат болды.
ХV ғасырдың 50-60 жылдарында көшпелi өзбектер мемлекетiнен Керей мен Жәнiбек бастаған тайпалар бөлiнiп шыққаннан кейiн, олар бiржолата қазақтар деп аталатын болды (59, 5). Сөйтiп, “қазақ” этнонимi оны құрған негiзгi халықтың қалыптасуынан көп кейiн барып шықты (ол жөнiнде кейiнiрек тоқталамыз).
Шу және Талас өзендерi алқаптарында қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының бас қосып, нығаюына және оларға туыстас тайпалардың қосылуына жол ашты. Қазақ хандығының құрылып, жеке мемлекет болуы ХVI - ХVII ғасырларды қамтиды. Ал жоңғарлардың (ойраттардың, қалмақтардың) қазақ даласына енуi XVII ғасырдың бас кезiнде-ақ басталды. 1621—1723 ж.ж. арасында қазақ пен жоңғарлар арасында әлденеше рет соғыс болып, бiрде қазақ, бiрде жоңғар-қалмақтары жеңiп, халық қатты күйзелiске ұшырады. 1723 жылы қалмақтар қазақтарды ойсырата жеңiп, атақты “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” қырғынына ұшыратты (46, 77). Қазақтар 1727 жылы Торғай даласының оңтүстiк-шығыс жағында алғаш жоңғарларға күйрете соққы бередi. Ұрыс болған жер “қалмақ қырған” атанады. 1730 жылы қазақ жасақтары жоңғарларды күйрете жеңiп, оларды қазақ жерiнен қуып шығады. 1730 жылы Тәуке ханның дүние салуына байланысты, билiк үшiн күрес басталып, қазақ феодалдары хандыққа таласа бастайды. XVII ғасырдың басында қазақ жерiн жоңғарлардың басып алу қаупi туған кезде, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы шарасыз қажеттiлiкке айналады. Осы жағдайда Кiшi жүз ханы Әбiлхайыр 1730 жылы орыс патшасы Анна Ивановнаға хат жолдап, “өзiне қарайтын Орта және Кiшi жүздiң барша қазақтары патша бодандығында болғысы келетiнiн” бiлдiредi. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Ивановна Әбiлхайыр мен барша қазақ атына жазылған грамотаға қол қояды (46, 76). Дегенмен, Орта жүз қазақтарының Ресейге бағынуы бiр ғасырға созылып, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында аяқталады. Ал Ұлы жүз қазақтарының Ресейге бағынуы 1818 ж. басталып, 1848 ж. аяқталады. Сонымен, қазақ халқы өз ұлтының еркiндiгi үшiн моңғол, жоңғарлармен 500 жыл соғысып бақса, ал орыс империясының тепкiсiнде 250—260 жыл болып келдi.
Ендi “қазақ” атауының төркiнi жайын сөз етсек, ол жөнiнде сан алуан пiкiрлер бар. Зерттеушiлердiң бұл жөнiндегi болжам-пiкiрлерiнiң бастыларын үш топқа бөлуге болады (56, 19). Қытай қоғамдық академиясының этнография институты құрастырған “қазақтың қысқаша тарихы туралы деректер жинағы” атты еңбекте: “қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан. Жәнiбек пен Керей бастаған көшпелi тайпалар XV ғасырдың 60-жылдарында Әбiлхайыр ханның үстемдiгiне қарсы шығып, Шығыс Дештi қыпшақтан Батыс Жетiсуға, Шу өзенi бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ” деп аталған. Мұның мағынасы: “өз ұлысынан бөлiнiп шыққан, қашақтар” деген сөз. Бүл сөз кейiн келе қазақтардың атына айналды”,— дейдi.
2. Ал қытай зерттеушiсi Жан Ши-Манның “Батыс өңiрi тарихындағы ұлттарды зерттеу” деген еңбегiнде ежелгi қытай жылнамаларындағы “үйсiн”, “ұсын”, яки “асу” деген ұлыс аттары “қазақ” атауларының дыбыстық баламасы дегендi айтады.
3. “Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII -VIII ғасырда) “қаса”, “хаса” түрiнде жазылған. Бұл атаулардың тарихи деректемелерде жарық көруi тым ертеде деп есептейдi. Жеке деректерге жүгiнсек, үшiншi тұжырымның шындыққа бiр табан жақындығы байқалады. Араб саяхатшысы және жазушысы Мұхаммед Әл-Ауфи 1228 жылы Үндiстанда “Таңдаулы әңгiмелер мен аңыздар жинағы” (“Жәмихәлхикаят О Доам Әлраүт”) атты кiтап жазған. Осы кiтапта: “Алтайды мекендеген қарлықтар... тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың iшiнде үш тайпа шығыл, үш ұлыс қазақ бар”, - дейдi. қарлықтардың Жетiсудағы үкiмет билiгiн қолына алып, қарлық қоғамдастығын құруы 766 жылдардың шамасында болған.
982 жылы парсы тiлiнде жазылған “Худуд әл-Ғалам” (“Әлем шекаралары”) атты кiтапта Алан мемлекетi және оның қалалары жайына тоқталып: “Алан елiнде “қасақ” деген ұлыс бар”, — дейдi (56, 20). Шығыс әдебиетiнiң әйгiлi классигi Әбiлқасым Фирдоуси (904-1020) өзiнiң ”Шахнама” атты эпосында: “қазақ” қазақ хандығы деген ел Көк теңiздiң солтүстiгiн мекен еткен күштi және көп санды ел” десе, ал Тұранның жауы Иранды қазақтардың “қорқытпақ” болғанын М. Ақынжанов өзiнiң “қазақтың тегi туралы” деген еңбегiнде айтады. Түркия профессоры 3. У. Тоған өзiнiң “Жалпы түркi тарихына кiрiспе” атты еңбегiнде тоғызыншы ғасырда араб авторы Әдһам әл-Купидiң шығармасында “қазақ” деген сөздiң бар екендiгiн атап көрсеттi (5, 18).
Византияның императоры Константин Порфирордни (905-957 ж. ж.) өз жазбаларында Кубаньнан шығысқа қарай мекендеген елдi “қазақия” деп атаған. Ол кезде (Х ғасырда) Кубаньның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бiрi қыпшақ елiнiң тұрғаны тарихқа әйгiлi. Егер қыпшақтар өздерiн “қазақ” деп атамаған болса, Константин Порфирордни оны қалай ойлап тапсын. Ал ол кезде орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ едi (5, 29). Орыс шежiрешiсi Никонның мәлiмдемесiнде: Кавказға келiп, Оңтүстiк Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлерi бұдан бұрын да “қазақтарды” талаған деп жазады. Ал “Моңғолдардың құпия шежiресiнде” осы пiкiр қайталанып: “Солтүстiк жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, байжiгiттерге, орыстарға, мажарларға, асаларға, сасаларға, шеркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Едiл мен Жайық өзендерiнен өтiп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнiнде Сүбiтай батырға бұйрық берiлдi”,— делiнген. Орыс шежiрешiсi Никон “қазақтар” деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжiгiт, аса т. б. ұлыстарды айтып отыр (56, 21).
Әйгiлi тарихшы, этнограф, тiл ғалымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан “Түрiк халықтарының этнологиясы мен этногеографиясы” деген кiтабында көптеген жазба деректер келтiре отырып, қазақ деген аттың IX—X ғасырларда ел таныған, әлемге әйгiлi халықтың аты болғандығын айтады. Моңғол Халық Республикасы ғылым академиясының қызметкерi Iсләм Қабышұлы “хасаг” деген сөздiң моңғол әдебиетiнде X ғасырдан бастап белгiлi болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежiресiнде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздiң кездесiп отыратынын атап көрсетедi. Автордың айтуына қарағанда, ерте кезде моңғолдар көшiп жүргендердi “қасақтар” деп атаған (46).
Тiл ғалымы Т. Жанұзақов: “қазақ атауы Кавказдағы түркi тайпалары құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы есiм және этнотермин ретiнде кездескен... кейiннен оныншы, он төртiншi ғасырларда да осы қазақ сөзi түркi тайпалары арасында кеңiнен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың iшiнде де қазақтар болған”,— дейдi (28).
Ал қазақтың белгiлi қоғам қайраткерi М. Шоқай өзiнiң “Түркiстан” атты еңбегiнде қазақ тарихына шолу жасай келiп: “...Түркiстан – түркiлер елi деген сөз сонау VI ғасырдың өзiнде-ақ моңғол дәуiрiне дейiнгi көшпелiлер империясын, түркi жұрты қанатын жая қоныстанған кең-байтақ аймақты сасанид әулиетi кезiндегi (III—VII ғ. ғ.) ирандықтар осылай деп атаған екен. Бұл көшпелiлер империясының территориясы қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейiн созылған, – дейдi.
Бiз жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден “қазақ” атауының IX— X ғасырлардан бұрын-ақ төңiректiң төрт бұрышына таныс, әлемге әйгiлi ат болғанын көремiз, бұл атау оныншы ғасырдан кейiн тiптi де кең тараған.
Демек “қазақ” атауы тек XV ғасырда ғана жарыққа шыққан дейтiн пiкiр дәлелсiз.
Ежелгi “усин”, “үйсiн” “үки”, “асо” деген ұлыс аттары “қазақ атауының баламасы” дейтiн пiкiр де орынсыз. Өйткенi, “үйсiн”, “қазақ” атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстiне, қазiргi қазақ арасында үйсiн ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсiн мен қазақ бiр сөз болса, ол сөз қазiр сақталмаған болар едi. “қазақ” — жалпы халық аты, “үйсiн” — қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты.
Қазақ атауы “Таң патшалығының тарихында” (7-8-ғасырда) “қаса”, “хаса” түрiнде жазылған деген пiкiр өте дәлелдi. “Иран патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша” атты кiтапта: “Түрiктер мейлiнше күшейген кезде... олардың батыс бөлiгiн қаса яки хаса деген ұлыстар қоныстанады. Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс — қазақ деп аталған. Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы”,— дейдi. Ханзу (қытай) тiлiнiң дыбыстық жүйесiнiң дамуы мен өзгеруiне байланысты, ханзу иероглифтерi әр дәуiрде әр түрлi дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, қытай тарихшылары бiр ұлттың атын түрлi дәуiрде түрлiше әрiптермен таңбалаған, демек,VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тiлiнде тарихтардағы “қаса”, “хаса”, “аса”, “кiса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тiлiндегi дыбыстық баламасы екенi анық. Жоғарыда баяндалған Батыс пен Шығыс тарихшыларының деректемелерiнде, оныншы ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пiкiрдiң дұрыстығын дәлелдейдi (56, 23). Алайда “қазақ” атауы деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол алғашқыда жеке ру-тайпаның аты ретiнде айтылған, содан соң тайпалар одағының бiрiккен ортақ атына айналған. Мысалы, кiшi жүз алшын ұлысының құрамындағы жетi ру (кердерi, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары “қарт қазақ” деп те аталып жұрген. “Казақ” атауы кейiн келе кеңейiп, халық - ұлт атына айналған.
Сөздiң шығу төркiнiн, мән-мағынасын зерттейтiн тiл ғылымының саласын этимология дейдi. Этнография ұлттар мен ұлыстардың шығу тегiн қарастырса, этимология жер-су, ел-жұрт, тайпалар атауларының шығу тегiн, мән-мағынасын зерттейдi (оны ғылым тiлiнде ономастика деп те атайды).
“Қазақ” деген терминнiң шығу тегiн, мән-мағынасын этимологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ... ол жөнiндегi бұрын-соңғы болжамдар мен тұжырымдарды мынадай үш салаға бөлуге болады:
1. Қазақ халқы арасына тараған тарихи аңыздардың айтуынша “қазақ” деген сөз “қаз” атауынан пайда болған деп есептейдi.
2. “Қазақ” деген сөздiң көне түркi тiлiндегi мағынасы, яки қолданылу дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып, еркiн жүрушiлер”, “ер жүрек ерiктiлер”, “көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер” деген мағыналарды бiлдiредi. Демек, “қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер” дегеннен шыққан дейдi.
3. “Қазақ” атауының арғы тегi ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ кұрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: сақ, каспи, қазар, аз дегендерден, яки осы негiзде өзгере қалыптасқан дейдi (56, 28).
Ендi осы жорамалдардың басты-бастыларына тоқталайық. XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев өзiнiң “Бiрер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы” деген әйгiлi қара сөзiнде: “Арабтар Орта Азияға жорық жасап (VIII ғасырда. — С. Қ.) келгенде, көшпелi халықтарды “хибай”, “хузақи” деп атапты. “Хибай”— киiз шатырмен жүрушi деген екен. “Хузақи” дегенi — өз жұртында “хузаги” деген көшпелi халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен... Сол уақыттың бiр ханы көшiп келе жатқанда, бұлардың тiркеу түйесiн көрiп, “мiне, мыналар шынымен қазақ екен” дептi. “Әдейi қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен” дептi. Сонымен, бұлар өзiн-өзi де, бұларды өзге жұрттар да “қазақ” атап кетiптi. Бұрын өздерiн “ұлыс” дейдi екен де жүре бередi екен” (45, 231),— деп жазады.
Ал фольклорист Әбубәкiр Диваев қазақ деген сөздi “қаз” және “ұзақ” деген екi құстың атынан бiрiгiп, қазақ болып қалыптасқан дейдi. Ол тағы бiр пайымдауында: “қазақ сөзiнiң әсiлi еркiн жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан аңғаруға болады” (24, 29),— дегендi айтады. Мұхамед Хайдар Дулати өзiнiң “Рашидтiң тарихы” атты еңбегiнде Әбiлқайыр ханға” қарсы шығып, Дештi-қыпшақ даласынан Батыс Жетiсуға қоныс аударған қазақ тайпалары жайында айта келiп: “Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн өзбек ұлысында ырың-жырың туып, даланы мекендеушiлер өзiнiң қауiпсiздiгi мен өз басының қамына бола, Керей хан мен Жәнiбек ханнан пана сұрайды. Сөйтiп, олар күшейiп алады. Алғашқыда әлгi қашқындар өз ұлысынан бөлiнiп кетiп, бiраз уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларды жұрт қазақтар (қашақтар) деп атап кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған осы ат бекiп қалды” (25, 46),—дейдi. Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: “қазақ деп бiр саяси мақсатты көздеп, көтерiлiс жасау нәтижесiнде салт яки үй iшiмен бiрге өз қауымынан бөлiнiп шығып, өкiмет билiгiн алуға талпыныс жасаған сұлтандарды айтқан. “Қазақ” сөзi алғашқыда сұлтандарға ғана тән болған, кейiн оларға қарсы тайпалардың және олар құрған мемлекеттiң атына айналған”(77,. 37)”,— дейдi. Шоқан Уәлиханов “қазақ” сөзi әскери термин ретiнде қолданылып “ер жүрек”, “батыл” деген мәндi бiлдiргенiн баяндайды ‘(28, 75)”.
Атақты орыс ғалымы В.В.Радлов, А.Самойловичтер “қазақ” деген атауды “тәуелсiз, еркiн, ерiктi адам” деген мағынаға ие деп жазды. “Қазақ шежiресiнiң” авторы Шәкәрiм Құдайбердiұлы да жоғарыдағы пiкiрлердi қолдай келе, “қазақ” дегеннiң мағынасы “өз алдына ел болып, еркiн жүрген халық” деген сөз деп түсiндiрдi.
“Қазақ” терминiнiң төркiнiн тым ерте заманға апарып тiреген әйгiлi ғалым А. Н. Бернштам болды. Ол “қазақ” сөзi жайындағы В. В. Радловтың, Г. Вамберийдiң, В. В. Бартольдтiң, А. Н. Самойловичтiң, Н. Я. Маррдың т. б. пайымдауларын талдай келiп, “қазақ” сөзiнiң шығу төркiнi мен қазiргi мағынасын екi дәуiрге бөле қарайды. Яғни “казақ” деген сөздiң түп-төркiнi ежелгi замандағы каспи (ғұндар) жөне сақ тайпаларының бiрiгуiнен пайда болған, “қазақ” сөзiнiң қазiргi мағынасы (“еркiн адам” т. б. дегендер) кейiн шыққан ұғым деп тұжырымдайды. Каспи, яки қасып-сақтардың көшпелi бiрлестiгiне кiрген тайпа аты. Бұл қосар тайпа атауы қассақ сөзiндегi екi “с” дыбысының бiреуi өзара ықпал әсерiмен түсiп қалып, қазiргi “қазақ” этнонимi шыққан” (56, 33),— дейдi.
Көрнектi әдебиетшi ғалым Ә. Қоңыратбаев өзiнiң “Көне мәдениет жазбалары” атты еңбегiнде А. Н. Бернштам пiкiрiн қостай келе: “қазақ” сөзiнiң түбiрi “ғұз-сақ” (оғыз-ғақ) дейтiн екi түрлi кезеңдегi тайпа атының бiрлесуiнен туған (қазақ, қыпшақ, ғұзақ, қосағ, қосай деген атаулардың мағынасы жақын), “қазақ” сөзi “ғыз-сақ” деген тайпа атауынан туған деген ойды дәлелдеу үшiн, Орта Азия, Тұран, Алтай, Сiбiр, Қазақстан жерлерiн мекендеген ежелгi тайпалар тарихына, атауларына назар аудару қажет” (51, 126),—деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң кәдiмгi құс атынан басқа да мағынасы бар, қазақтың сөйлеу тiлiнде сәби баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып, тiк тұруын “қаз тұру” дейдi. Жас баланың алғаш адымдап аяқ басқанын көрген ата-аналары мен туыстары шаттанып: “қаз-қаз” деп айқайлап, шабыт бередi. Бұл “қаз”— еркiн әрекеттiң алғашқы қимылы. “Қаз” түбiрiнен туындаған “қаздаң қағу”, “қаздаңдау” етiстiктерi де еркiн әрекет жасаудың мағынасын бередi. Көне түркi тiлiнде жазылған “мәңгi тастарда” да (Тоныкөк, Күлтегiн ескерткiштерiнде) “қазақу”, “қазғандұқ”, “қазғантұғын” деген етiстiктер “қажырлы қайрат жұмсау”, “күресу”, “талпыну”, “еркiндiкке ұмтылу”, “ерлiк iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”) екенi даусыз. Осы “қаз” түбiрiне “ғақ” жұрнағы жалғанып, “қазғақ” сөзi жасалып, “еркiн адамдар”, “ержүрек; ерiктiлер” деген мағынаны бiлдiретiн терминге айналған (мысалы, қазақта “ғақ” жұрнағы жалғанып жасалатын айғақ,, құрғақ, тайғақ,, оңғақ, т. б. сөздер бар). Енисей өзенiнiң бiр тарауы ұйық Тұран бойындағы тасқа жазылған “қазақ оғлым” деген жазу (VI г. ескерткiшi) бар*. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде “қазақ” деген сөз “мықты”, “берiк”, “жойқын”, “алып” деген мағынада екен. Сонда “қазғақ оғлұм” деген сөздiң мағынасы “алып ұлым”, “батыр балам” болып шығады. Бұл қазақ сөзiнiң көп айтылып келе жатқан “ер жүрек, ерiктiлер”, “батыл адам” деген мағынасына сай келедi.
Қазақ халқының этногенезі
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді. Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
Қазақ атауының шығу тегі туралы
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.
Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы - әл-касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет»шығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір - мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.
Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді». Контекстен әл- Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қос сөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады. Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізінде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің «Джавами әл-хикаят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер ІХ-Х ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материалдарға В.Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық Құрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді.
Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасында» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар қазақ халқының құрылуын X ғасырға жатқызады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи дастанында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А.Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақтар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерің білмеген. Сонымен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі - этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында - Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқының белгіленіп қалған құрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін қыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезеңде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз қажет етеді. «Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бір қатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған.
Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуынА.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша Ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар. Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің аталарымның бірі,- дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген». Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су'луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институтының мазмұны жағынан сәйкес келуі айқын аңғарылады. Балқиқ ибн Жабғу ханзаданың суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер бойынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланысты болса керек.
Өкінішке қарай, Ибн әл-Факих арабтың «су'луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақгар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамайды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, хижраның 660 жылы» (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеуметтік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ қазақтарының өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уақытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық сипаты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта қазақтар айтарлықтай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік. Баяндалған материал ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал XI-ХІІ ғасырларда этникалық әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бұрынғы уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы туралы тұжырым жасамаған жөн. Оның бер жағында басқасы да айқын XI-XII ғасырларда қыпшақтайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының маңызды кезеңі болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасады. Монғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтары Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. «Қазақ» сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды.
Ол кезде этникалық және мемлекеттік кедергілерге қарамай қазаққа айналып, қазақ бола берді. Мұсылман деректемелерінде түрік халықтарында қазаққа айналу — қазақлық институтының кең таралғаны атап өтілген. XIV ғасырдың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этникалық негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болса да, оның атауы деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы құрылғаннан соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы этникалық маңызға ие болды.
Қазақ этнонимын шығу тегі туралы ғылыми болжамдар
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Сақ болжамы. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар «хас» (нағыз) және «сақ» деген сөзден құралған деп болжам жасайды.
Кавказ болжамы. Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамы. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғолша: хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамы. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қажетті әдебиеттер:
Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
2 тарау 161-172 беттер
Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX — нач. XX вв.) Алматы, 1968.
Диваев Ә. Тарту. Алматы, 1992.
Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). т.І А., 1996.
Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы, 1995.
№ 12. Лекция тақырыбы: Қазақ халқының антропологиясы.
1. Антропологияның мақсаты мен міндеттері
2. Антропологияның өзге ғылымдармен байланысы.
3. Қазақ антропология ғылымының даму тарихы.
4. Қазақ халқының антропологиясы. Қазақ антропологы – т.ғ.д., профессор О.С.Смағұлов.
Халық тарихы сан алуан тармақтан тұратындығы және ғылымның сан түрлі жүйелері арқылы зерттелетіндігі белгілі. Тарих ғылымның бір саласы, этнологиямен бағыттас ол — антропология ғылымы.
Антропология (грекше антропос — адам, логос — ілім) — адамның шығу тегін, эволюциясын, биологиялык даму заңдылықтарын зерттейтін жа-ратылыстану ғылымының саласы. Антропология негізгі бірнеше бөлімнен тұрады. Солардың біріне морфология, антропогенез, этникалық антропология (расатану), физиологиялық антропология және т. б. жатады.
Морфология бөлімі — адамның табиғи нормадағы дене құрылысының қасиеттерін, ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттейді.
Антропогенез — адамның шығу тегіне байланысты көне замандағы адам және адам тәрізді маймылдарды антропологиялық тұрғыдан айырмашы-лықтары мен ұқсастықтарын ажыратады, эволюциясын зерттейді.
Этникалық антропология - дүние жүзіндегі расалардың ( раса — бұрын бұл терминді «нәсіл» деп жаңсақ аударып келді. Ал дұрысында раса деген сөз италия, француз, ағылшын, орыс тілдеріне арабтан алып кіргізілген. Арабша раса — бас, басты деген ұғым білдіреді. Сондықтан қазақша да раса деп аталғаны жөн.) (еуропеоид, монголоид, негроид) шығу тарихын, өзіне тән түр-тұлғасын және жалпы биологиялық даму сатыларын зерттейді.
Антропологияның физиологиялық бөлімінде, көбінесе, халықтың қан жүйелерін, нәсіл ерекшеліктерін ажыратады.
Антропология жеке сала болып еуропалық ғылыми аренаға шыққаны тек XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана. Ал Қазақстан өңірінде бұл ғылым саласы тұңғыш рет арнайы жүргізіле басталғаны ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары болатын. Осы кезде Мәскеу университетінің жас зоологы А. Н. Харузин Батыс Қазақстандағы Бөкей хандығының тұрғындарына арнайы антропологиялық жұмыс жүргізді. Ол 400-ден астам қазақтар (ерлер) зерттеліп, оларға антропологиялық сипаттама берілді. А. Н. Харузиннің пікірі бойынша қазаққа тән түр-тұлғада бір жағынан еуропеоид, екінші жағынан монголоид тектестердің ерекшеліктері кездеседі. Сондықтан зерттелген қа-зақтардың антропологиялық типін ол метистер қатарьна жатқызды. Бірақ оның қалай қалыптасқаны туралы А. Н. Харузин дәлелдеп айта алмады. Өйткені ол кезде Қазақстанның көне заман тұрғындары туралы ешқандай антропологиялық материалдар болмады.
Келесі қазақ антропологиясының зерттелу кезеңі XX ғасырдың 20-шы жылдары болды. Осы кезде белгілі орыс ғалымы С. И. Руденко Қостанай, Ақтөбе, Атырау өңірлеріндегі қазақтарға антропометриялық (екі жынысқа бірдей) зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін мақала ретінде жариялайды. Бұл еңбектің құндылығы қазақтың этникалық құрамын, яғни руларын ескере отырып зерттегені. Бірақ өкінішке орай С. И. Руденко өзінің мақаласында қазақ халқының тегіне байланысты проблемаларды қозғамады.
Содан кейін қазақтар арасында айтарлықтай антропологиялық зерттеулерді ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Мәскеу мен Санкт-Петербург ғалымдары жүргізді. Солардың қатарында Г. Ф. Дебец, В. В. Гинзбург, М. Г. Левин, Н. Н. Чебоксаров бар еді. Бұлардың барлығы да сол кезде әлемге белгілі антропологтер болатын. Ал олардың арнайы экспедиция ұйымдастырып, қазақтардың антропологиялық құрамын зерттеуі және ол жөнінде халқымыздың морфологиялық тұр-тұлғасы, шығу тегі туралы мақала жазғаны үлкен бір ғылыми белес деп қараған жөн.
Олардың бұл еңбегінің тарихи маңыздылығы мен құндылығы сонда, қазіргі қазақтарды антропометриялық әдіспен зерттеп, халқымыздың морфо-логиялык ерекшеліктерін анықтап берді. Басқаша айтқанда метистер тобының өкілі екенін дәлелдеді. Сонымен бірге қазақтың антропологиялык анықтамаларының кейбір қасиеттері қола дәуірінің тұрғындарымен байланыстыра қарады. Бұл қазақтың расогенезінде тұңғыш айтылған этногенездік маңызы өте жоғары қорытынды еді. Содан кейін республикамызда, яғни ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап тұрақты антропологиялық жұмыстар жүргізіле бастады. Ол антропологиялык зерттеулер Ұлттық Ғылым академиясының тарих және этнология институтында жүргізіліп келеді. Мұндағы жүргізіліп келе жатқан антропологиялык зерттеулердің ең басты ерекшеліктері олардың комплекстік бағдарламалар бойынша республикамыздың барлық аймағында арнайы экспедиция арқылы іске асырылуында.
Соңғы 40 жыл шамасында жүргізілген республикамыздағы комплекстік зерттеулердің негізгі мақсаттары мен ерекшеліктерін көрсетсек, қазақ антропологиясының ерекшеліктерінің бірі — қоғамдық ғылымдар мен биология ғылымдарының аралығында тұрып зерттеулер жүргізу. Бұл арада, ең алдымен, еске алатын жайт, ол қандай да мәдени қауым мен этникалық топ болсын оны, сақтап және ұрпақтан ұрпаққа уағыздайтын - адамдардың өзі. Ал адамдар болса тарихи даму сатыларына және этникалық өсіп-өнуіне қарай өзара нәсілдік жақындық пен алшақтық қарым-қатынастарда болады. Басқаша айтқанда, халықтың тарихи дамуына антропологиялык құрамының ешқандай әсері жоқ, ал әр дәуірдің коғамдық орталықтары өзінің ыкпал әсерін тұрғындардың антропологиялык құрамына әрдайым тигізіп отырады.
Қажетті әдебиеттер:
1. Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX — нач. XX вв.) Алматы, 1968.
2. Исмагулов О. Этническая антропология Казахстана. Алматы, 1982.
3. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). т.І А., 1996.
4. Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы, 1995.
№13 Лекция тақырыбы: Қазақ халқының отбасына байланысты этнографиясы.
Тіршілік цикліне байланысты әдет – ғұрыптары мен салт - дәстүрлері.
1. Баланың дүниеге келуіне дейінгі әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
2. Дүниеге келгеннен кейінгі кезеңдердегі әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
3. Өлікті жөнелтуге байланысты әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: «Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы».Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.
Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден ккеле жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін.Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Қүдайдарды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырадыЖиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.[1] атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайны-ларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтей-ді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады. Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай жанжалда ауылдың, ел-дің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп ба-ра жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақи-лық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жи-налғандардан, олар одан кешірім сұрайды.Асату. Оны С.Мұқанов өзі-нің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бас-тағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүре-тін-ді.Ат тұлдау. Ер адам қай-тыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қон-сын» деп балаларын ауна- тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері- не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орын-дыққа ұлын аунатып алған көрінеді.Ауыз тию. Алыс сапара- ға аттанарда сол адам ауы-лындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың кие-сі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ау- ыз тимеуге болмайды. Ас- тан ауыз тию - үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастар-қандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.Аузына түкірту. Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындар-ға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ға- на жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен ту-ған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішірею- дің ең ауыр түрі – осы ғұ-рып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап кел- ген адамдар туған-туысқан-дарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақ- ты сыйлықтар әкеліп бере- ді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сый-лағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратыла- ды. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғым-ды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-ту- ыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтен- сімей, өз ортасына тарта білген.Жол беру. Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғы-зады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғаш-қысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жо- ралғы болып саналады.Жылу жинау. Бір бақыт-сыздыққа ұшырағанында, үймүлкі, малынан айырылған-ында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор- тасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыра- ғандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қарта- ға салып ұтқызып жіберген- дер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.Жұмалық. Бұрындары дә-ріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбаға- ға ет, қымыз, май, құрт әке-летін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен. Алайда жұма күні қыз-келін-шектердің, әйелінің қойны-на барып, еркектік парызын өтеуді де жұмалық санайтындар бар...Көрімдік беру. Нәресте-лі болғанында, келін түсірге-нінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан кел- ген құдаларға болашақ ке-ліндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақта-сып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.Бала туғанда, келін түсірген-де, тағы да басқа үлкен қу-аныштарға ие болғанында ту-ған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы бол- сын айтпағандарға ренжиді де.Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарас-қан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үй-дің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр- шағын салып Аллаһ Тағала-дан перзент сұрап жалба-рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. Салауат айту. Ол – Ал- лаһты, пайғамбарды ма-дақтап айтылатын дұға. Оны намаздың соңында зор ынта-ықыласпен оқиды. Сауға сұрау. Бұрын-дары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге бұйырылғанында өте беделді кісілер барып оның жазасын жеңілдетуді, кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың өтінішін орындаған. Мұны сауға сұ- рау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап алынған адам да жолынан жығылмай құн, шығын төлеген, екі жақты бітістіруге күш салған. Сауын айту. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұ-рын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік ат- тарын қосып, астың, той- дың жақсы өтуіне жан-жақ-ты қолдау көрсетеді. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар. Сүйінші сұрау. Өте қуа-нышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сү-йінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақ-сы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме. Біреу арқы- лы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көй- лек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік бай- ланған). Сәлемдеме жолау- шының жүгін ауырлатпай- тындай болуға тиіс. Алыс-тағы адамдар бір-біріне та-ныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды. Сірге мөлдіретер. Бие ағытар күні берілген қы-мызды - «Сірге мөлдіретер» деп атайды. Оған ауылдың ақсақалдары, әжелер, ел ағалары шақырылады.Сүйек жаңғырту. Бұ- рындары құда-құдағи бол- ған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құда- лықты одан әрі жалғас-тырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.
Қажетті әдебиеттер:
1. Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г.
2. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы А., 1996.
3. Диваев Ә. Тарту. Алматы, 1992.
4. Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы, 1995.
5. Масанов Э. А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. Алматы, 1966.
6. Мустафина Р. М. Представления, культы, обряды у казахов. Алматы, 1992.
7. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (XIV — начало XX вв.) Алматы, 1991.
8. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. Алматы, 1998.
9. А.Тоқтабай., Ж.Сейітқұлова Төрт түліктің қасиеті (Қазақтың мал шаруашылығына байланысты әдет - ғұрыптары) А., 2005ж.
10. Күйеу келтір, қыз ұзарт А., 1992
11. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. А., 1997
12.Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет – ғұрыптардың беймәлім 220 түрі. А., 1998.
13. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А., 1997.
14. Жүнісов А. Фәниден бақиға дейін. А., 1994.
№ 14 Лекция тақырыбы: Шаруашылыққа байланысты қазақтардың этнографиясы.
1. Мал шаруашылығына байланысты қазақ халқының салт – дәстүрлері мен наным – сенімдері.
2. Диқаншылыққа байланысты жосын – жоралғылар.
3. Қазақ халқының қолөнері.
Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ болуы себепті көшіп-қонып жүруі үшін уақытша қоныс таңдау әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Ал жайылымның негізгі бөлігі қоғамдық меншік негізінде пайдаланылатын. Мұндай ереже 1867—1891 жылдардағы әкімшілік реформаларының қолданылу барысында да сақталып, бекітілген еді. Алайда көші- қон үшін кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен ру ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп қоныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс саналатын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесе сазды жерге сол ру таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен шөптің басын буып, белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге ешкімнің қоныстануына рұқсат етілмейтін.Егер жаңа қонысқа әр түрлі ауылдардың өкілдері бір мезгілде келе қалса, онда жер дауы мынадай тәртіппен шешілетін: сұлтан мен қатардағы қазақ дауласса, сұлтан жеңіп шығатын, би мен старшын дауласса, старшынның мерейі үстем болатын, ал егер би мен қатардағы қазақ дауласса, бидің талабы орындалатын. Егер жер дауы сұлтан мен сұлтанның, би мен бидің, старшын мен старшынның, қатардағы екі қазақтың арасында болса, онда олардың қай жасы үлкені жеңіске ие бола алатын. Жерге дауласушылардың мәртебесі мен дәрежесі тең болған жағдайда олардың қай жағының руы не тайпасы жолы жағынан үлкен болса, сол жағына артықшылық берілетін.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.
Ен салу. Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі – ен салады. Ол малын та- бу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың ма-лы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетін-ше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.
Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз ба-су, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрме-тін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, кө-мегіне ақы алмайды.Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан.
Қажетті әдебиеттер:
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері А., 1987ж.
Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы, 1995.
Масанов Н. Э. Кочевая цивилизация казахов. Алматы, 1995.
Муканов М. С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы, 1979.
Муканов М. С. Казахская юрта. Алматы, 1981.
Сарыбаев Б. Казахские музыкальные инструменты. Алматы, 1978.
Тоқтабаева Ш. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы, 1985.
Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы (XV— XVIII гғ.) Алматы, 1988.
Хозяйство казахов на рубеже XIX—XX веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алматы, 1980.
Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, 1991.
Диваев Ә. Тарту. Алматы, 1992.
Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы, 1995.
Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы, 1993.
Мустафина Р. М. Представления, культы, обряды у казахов. Алматы, 1992.
Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. Алматы, 1998.
Ысқақов М. Халык. календары. Алматы, 1980.
А.Тоқтабай., Ж.Сейітқұлова Төрт түліктің қасиеті (Қазақтың мал шаруашылығына
байланысты әдет - ғұрыптары) А., 2005ж.
Сейдімбек А. Қазақ әлемі. А., 1997
Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет – ғұрыптардың беймәлім 220 түрі. А., 1998.
Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А., 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |