Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет8/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология

Этногенез ( грек. «ethnos» халық және «genesis» шығу тегі, пайда болуы) - этникалық топтардың пайда болуы мен қалыптасуы үрдісін оқытады. Этногенез үрдістерін зерттеу этнолог-ғалымдардың этнология ғылымындағы ең күрделі бөлігі болып табылады. Этногенезді кейде синонимдік түрде, этностың пайда болып, дамуын оқытатындықтан, яғни ұлттар мен халықтардың даму сатылары мен қалыптасуын қарастыратындықтан, этника тарихы деп те атайды. Этногенез ұлттарға туыстас этностардың да шығу, даму тарихын қоса оқытады. Оларды этнологияда субэтностар деп атайды. Әлемдік этнологияда этнолог ғалымдар этногенезді зерттеуде ғылымның өзге күрделі салаларымен зерттеулер жүргізеді. Этногенез немесе этника тарихын палеоэтнография, глоттогенез,. әлеуметтану, (культурогенез) мәдениеттану, әлеуметтік антропология, лингвистика, демография, тарих, саясаттану т.б ғылымдар арқылы зерттейді. Этника тарихы ежелгі кезеңдерден басталады. Этника топтарының тарихы плейстоцен (2 млн және 20 мың жылдықтар бұрын) және голоценнің алғашқы кезеңдерінде (20 мың жыл бұрын және б.ғ.д 3 мың жылдықтарда) қалыптасқан. Оларды ғылыми тұрғыдан археология және палеонтология (paleo-ежелгі, logos-ілім) салалары ежелгі дәуірді зерттеу арқылы дәлелдеп отыр. Осы кезеңдерде антропогенез үрдістері өткен. Homo sapiens пайда болғанда, адамзаттың алғашқы қауымдарында социогенез үрдістері дамуымен қоса, негізгі еңбек, шаруашылық түрлері, тілдері мен діндері, мәдениеттері де қалыптасқан. Этногенез тарихының алғашқы және соңғы дәл уақыттарын анықтау мүмкін емес. Өйткені соңғы 5 мың жылдықта адамзат өзінің алғашқы этникалық морфологиясын сақтамады және сол кезеңдерден бері этникалық топтардың дамуы, жаңа легінің пайда болуы жүріп жатты. Адамзаттың даму тарихын антропогенез салаласы зерттейтіндігі белгілі. Этнология ғылымында этногенез тарихын адамзаттың қазіргі тектегі түрінің пайда болуын осыдан 40 мың жыл бұрынғы кезеңімен бастайды. Шындығына келгенде этногенез мәселелері неолит дәуірінде қалыптасқандығын салыстырмалы мәліметтер айқындап отыр.Адамзат баласының негізі бір орталықтан пайда болды деген пікірге сүйенсек (Африка құрлығы), онда олар алғашқыда топ болып, одан кейін бірыңғай нәсіл, этникалық топ, әлеуметтік жік т.б болып тарихи даму сатыларын өткерген. Адамдардың көбеюі олардың жаңа территорияларды қоныстануына алғашқыда тропиктік және субтропиктік, кейін қолайлы аймақтарға көшіп тұрақтану үрдісіне әкелді. Бұлар мың жылдаған уақыттарды қамтып, сол территориялардың климаты мен географиялық ортасына үйренуден адамзатта антропологиялық өзгерістер, нәсілдік, ұлттық белгілері дамыған. Бұны этногенезде – рассогенез саласы деп зерттейді.
Этникалық үрдістердің басты ерекшеліктері тілдердің дамуында. С.П.Толстовтің пікіріне сүйенсек «Адамзат баласының тілі алғашқыда бір ортадан пайда болып, дамып, көшіп-қоныстануында өзгерістерге түскен». Бұған қосымша дәлел Австралиядағы бүгінге дейін сақталған бірнеше жүз тілдерде сөйлейтін аборигендер, тілдерінің өзгешелігі арқылы оларды бір-бірінен ажырату қиын еместігін ғалымдар дәлелдеді. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеядағы папуастарда әрбір елді-мекеннің өз тілдері болғандығын және олардың көршілестері алыстаған сайын тілдері де өзгешелене түскендігін жазған. Бұдан тұжырымдайтындығымыз бір тілдің өзінде территориялық арақашықтық ұзаған сайын диалектілер туындап, одан кейін олар тілдік өзгерістерге ұшырап, тарихи даму сатыларында түрлі тіл семьялары туындаған. Ертеректегі этногенез үрдістерінде адамзат көптеген жаугершіліктерді, көшіп-қоныстануды өткерді. Кейбір деректерде Америка үндістері Азиядан кеткен деген болжамдар дәлелденуде. Өзге жерлерге қоныстануда алғашқыда нәсілдік гендік жүйе, кейін ұлттық ерекшелік белгілер пайда болған. Бұл үрдістердің өзі мыңдаған жылдарда қалыптасқан.Этногенез үрдісіндегі жаулаушылық саясаттарында жаулаушылар мен аборигендер, (латынша aborigine – бастапқы) яғни жергілікті халық халықтар арасында субстрат синтезі (жергілікті халықпен араласу) және суперстрат (кірме халықпен араласу) негізінде жаңа этнос пайда болады. Осы үрдістерде тіл, өзгерістерге түседі. Екі тілде сөйлеу немесе жеңгендердің тіліне ауысу жүреді, жаңа мәдени-шаруашылық, метисация үрдісінен жаңа ұрпақ буыны дүниеге келіп, т.б дамулар өтеді. Тарихи дамудың сатыларымен сапиентация үрдістері туындап, адамдардың нәсілдік қалыптасуы, территориялары белгілі болады.
Территорияларда белгілі шаруашылықпен айналысатын тайпалар бірігіп – халықтарға айналып, олардың бір тілдік жүйелері қалыптасады да, бұл ұлттың пайда болуына әкеледі. Ұлттар арасында тарихи үрдіспен араласқан кейбір ұлттардың жиынтықтары макроэтностарды және субэтностарды құрайды. Макроэтностар – бірнеше этностардың біріккен тобы. Оған славяндар жатады, славяндар батыс және шығыс болып бөлініп, шығыс славяндардың өзі – орыс, украин, беларусь ұлттарына жіктеледі. Кейінірек орыстардан казактар, олардың өздері - дон казактары, жайық казактары болып тұрған территорияларына орай бөлінген. Немесе түрік халықтарын алсақ, оларда табиғи – географиялық орналасуына орай – Орта Азия түріктері, Еуразия түріктері, Сібір түріктері, Еділ – Кама түріктері, Кавказ түріктері болып бөлініп, одан тағы да өзге ұлттарға жіктеледі.Микроэтностар кейде оны субэтностар деп атауға болады. Оларға мысал ретінде –қазақ халқының құрамына енген қожалар, төрелерді атауға болады. Макроэтностар – шаруашылығы, этногенетикалық жағынан туыстас елдер. Макроэтностар тарихи үрдістер кезеңінде, этникалық бөліністерге немесе этникалық бірігулерді кешіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет