Лекциялар тезистері лекция сағаттары 15 Құрастырған: Сейткулова Ж. М. Тараз 2020



бет5/10
Дата23.09.2022
өлшемі386.9 Kb.
#461184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
декц этнология

6. Нормативтік этнография – (лат. – үлгі, ереже) кеңестік елдерде дамыған ғылым саласы. Ол әрбір халықтың дәстүрлі әлеуметтік құқықтық ережелерін, заңдарын этномәдени тұрғыдан зерттейді.
7. Этногеография – (грек. ethnos – тайпа, gео – жер, ghapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнографиялық топтардың, халықтардың орналасуын, таралуын, олардың санын зерттейтін ғылымның бір саласы.
Қажетті әдебиеттер:
1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология М., 2000г. 1 тарау 3-24 беттер.
2. Артыкбаев Ж. Этнология и этнография. Астана 2001г. 1 тарау 6-10 беттер.
3. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы А., 2002 ж. 1 тарау 3-6 беттер
4. Мұқанова Г. Этнология А., 2005ж. 1 тарау 3-5 беттер, 22-28 беттер
5. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса М., 1983г. 1 тарау 3-10 беттер

№2. Лекция тақырыбы: Этнологиялық ойлардың тарихы. Этнографиялық мектептер


1. Эволюционизм


2. Диффузионнизм
3. Әлеуметтік мектеп
4. Функционализм
5. Американдық тарихи этнологиялық мектеп
6. Структурализм
7. Этнопсихологиялық мектеп
8. Мәдени релятивизм
9. Неоэволюционизм
10. Этнологиядағы жаңа іргелі мәселелер.
ХІХ ғасырдың ортасында этнографиялық деректердің көбеюіне байланысты этнология ғылымының дамуында жаңаша мектептер пайда болды. Олар адамзаттың әлеуметтік мәдени дамуын жалпы, жан-жақты қарастыруда көптеген концепциялар, теориялар мен әдістерді дүниеге әкелді. Солардың бірі эволюционистік мектеп. Этнологиядағы эволюционистік теория ХІХ ғасырдың ортасында түрлі жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесімен пайда болды. ХІХ ғасырдағы жаратылыстану ғылымындағы дарвиннің эволюциялық теориясының жеңісі бұрынғы теологиялық іргелі мәселелерге соққы берді. Эволюционизм (латынның – жедел даму) мектебі ХІХ ғасырда теориялық тұрғыда алғаш даму туралы этнографиялық мектеп ретінде қаланды. Бұл мектептің методикалық принциптері – алғашқы кезеңнен басталған мәдениеттің даму сатыларын қарастыру еді.. Әр түрлі халықтардың, әсіресе еуропалық емес елдердің қоғамдық-саяси өмірін, тұрмыс-тіршілігін зерттеу іс жүзінде қажеттіліктен туындап отырды. Өйткені Еуропаның ең күшті мемлекеттері сан ғасырлардан бері ірі отаршыл державаларға айналды. Ал, отарланған елдердің халқын басқару үшін олардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін жете білу қажеттілігі туды. Бұл отаршылардың сауда-саттық мүдделері үшін де аса қажет болды. Алайда, отаршыл империялардың құрылуын ғылымның дамуындағы тек жалпы тарихи жағдай деп қараған жөн, өйткені бұл дамудың басты себебі бола алмады. Отар елдері жоқ мемлекеттерде (Германия, т.б.) этнографиялық ғылым Англиядағыдан кем дамыған жоқ. Ал Францияда, керісінше тіпті көп артта қалды.
Этнология ғылымы батыс дүниетанымының XIX ғасырдағы тарихынан бастау алады. Осы ғасырдың бірінші жартысында теология – дін туралы ғылымның ықпалына байланысты «Табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі» жөнінде көзқарас басым болатын. Ал, ғасырдың екінші жартысында астрономия ғылымы саласында Кант пен Лапластың космогониялық теориясы пайда болды. Бұл теория күн жүйесін және басқа да жұлдыздық жүйелерді табиғаттың өзге күштерінің әрекетінсіз, тарихи даму жолында алғашқы жұлдыздар тобынан жаралған дүние деп қарауға мүмкіндік берді. Осы идеяны Чарльз Лайелл геология ғылымына да енгізді. Ол жердің беті күнге, желге, суға мүжілу деп және вулкандар әсерінен біртіндеп, баяу өзгеріп отырғанын, бұл құбылыстың қазір де жүріп жатқанын, болашақта да жалғаса беретінін дәлелдеді. Физика ғылымында энергияның бір түрінен екінші түріне айналу мүмкіндігі дәлелденген. Химияда тек тірі организмдерге тән химиялық қоспалар жасалып алынды. Биология ғылымында Ламарк, Бэр, Уоллес және Дарвин өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің бірте-бірте даму принциптерін ашты. Бұл эволюция (бірте-бірте даму) идеясы адам туралы, оның мәдениеті туралы ғылымды да қамтымауы мүмкін емес еді. Сөйтіп, этнографиялық ғылымда қалыптасқан алғашқы классикалық мектеп – эволюциялық мектеп пайда болды. Эволюция идеясының мәні күрделі емес, ол мына жайларды қамтиды:
- адам баласының (адамзатгың) бірлігі және осыған орай мәдениет дамуының біркелкілігі;
- бұл дамудың тура бір сызықтығы – жеңілден қиынға (күрделіге);
- қоғамдық құрылыс пен мәдениет құбылыстарын психологиялық тұрғыда негіздеу (дәлелдеу);
- бұл құбылыстардың даму зандарын жеке адамның психикалық қасиеттерінен табу.
Эволюциялық идеяның негізін Англияда Герберт Спенсер, Джон Леббок, Эдуард Тейлор, Джон Фергюссон, Мак-Леннан, Джемс Фрэзер; Германияда Адольф Бастиан, Теодор Вайц, Эрнст Гросс, Оскар Пешель, Юлиус Липперт, Генрих Шурц, Эдуард Хан, Карл Бюхер; Францияда Шарль Летурно; АҚШ-та Льюис Генри Мор­ган қалады. Еңді осылардың әрқайсысына жеке тоқталайық.
Ағылшындық заңгер Джон Мак-Леннан 1865 жылы «Алғашқы неке» деген еңбегін шығарып, онда адамзат тарихында неке мен отбасы формаларының дамуы мәселесін қарастырды. Оның болжамдары сол кез үшін зор жаңалық әрі өте маңызды еді, ал қазір оларды ескірген. Тіпті балаң көзқарас деуге болады. Ол өз тұжырымдамасын мынадай әдеттермен байланыстыра қарады:
Ағылшын ғалымы Эдуард Тейлордың (1832-1917) есімі эволюция классигі ретінде танымал. Оның 1871жылы «Ежелгі мәдениет» және 1881 жылы «Антропология» атты шыққан еңбектерінде Тэйлор адамзат мәдениетінің тарихын «табиғат тарихының бір бөлігі» ретінде қарастырып, мәдениеттің әр түрлі формаларын біртіндеп дамудың сатылары деп түсінді. Оның ойынша, мәдени сатылардың әрқайсысы өткеннің жемісі болып табылады және болашақты қалыптастыруда белгілі рөл атқарады.
Американдық адвокат Льюис Морганның (1818—1881) этнология ғылымына қосқан үлесі мол. Жас кезінің өзінде Морган ирокез тайпа өкілдерімен достасқан, ал 1847 жылы ол өз достарының жерге деген құқығын сотта саудагерлер компаниясының алаяқтығынан қорғап, оларға зор көмек көрсеткен. Бұған ризашылық білдірген ирокездер Морганды салтанатты түрде сенека тайпасының толық құқықты мүшесі етіп қабылдады. Осыған орай, 1887 жылы ол «Ежелгі қоғам» кітабын шығарды. Ол адамзаттың бүкіл тарихын 2 кезенге бөледі: 1.Рулар – тайпаларға негізделген ертедегі әлеуметтік ұйым. 2.Белгілі бір аймақтарда меншікке негізделген соңғы кездегі саяси ұйым..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет