Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер
№ 8-9. Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы және түркі халықтары.
Мақсаты: Дерек көздеріне шолу жасап, Темучинге тоқталу. Түркілердің Қытайды, Таяу Шығыс пен Иранды жаулап алуына тоқталу
Жоспар
-
Татарлар мен монғолдар туралы деректер
-
Шыңғыс хан мұрагерлері кезіндегі түркілері.
I-VIII ғ. ¥лы Қытай қорғанынан Байқалға дейінгі, монғол жерінің солтүстік жағындагы халықты қытайлар ақ татарлар деп атаған. Бқал көлінің айналасын мекендеген солтүстік монғолдарды қидандар немесе орман қара татарлары деп атаған. Татарлар халықтың аты, эр кезеңде эр түрлі мэнде қолданылған Оғыз татар жэне Тоғыз татар деген татарлардың бірлескен екі тайпасы б.з.УІП ғ. Орхон жазбаларында кездеседі. Сол кезде осы атпен түркілердің немесе монғолдардың бір бөлігін атаған.
УІІ-УІП ғ. монғол шапқыншылығы жайындағы эңгімелерді Қытайда, мүсылман элемінде русте, батыс еуропада татарлар деп атаған. Арабтар Сирия мен Мысырда түркі халықтарын татарлар деп атаған. Монғол тілінде сөйлейтін монғол тегінен шыққан халықтар да өздерін татарлар дейтін.
Шыңғыс ханнан кейін татар атауын монғол атуы ығыстырып шығарылды. Мүсылман жазбаларына монғол не болмаса моғул сөзі сақталса, Ауғанстанда өз тілдерін сақтап қалған монғол үрпақтары моғол деп атайды.
Бірақ Корпини Рубрук сөзіне қарағанда бүл сөз ресми түрде енгізілген. Алтын Орда ыдырағанда Қырым хандығында, ондағы түркілер татарлар деп атала бастады. Қазан татарлары Сібір татарлары. Монголдар туралы алғашқы мэліметтер бізге Цзинь мемлекеті тарихынан белгілі. Шыңғыс хан кезіндегі татар-монғолдар, керей, найман, меркіт, қоңырат, жалайыр туралы мәліметті 1240 ж. жазылған «асыл үрпақтары» ғана оқитын Қүпия шежіреден белгілі. (Монғолдың қүпия шежіресі. 1866 жылы орыс тілінде, 1941 жылы қайта шығарады. 1913 жылы французша, 1908 жылы қытай латын эрпінде шығарады).
Қытай тарихында Шыңғысхан дэуірін Юань дэуірі дейді. Қытай тілінде осы дэуірдің 16 томдық тарихы бар.
2.1155 жылы ақпанда Онона өзенінің жағасында, Делигюн-Болдок шатқалында дүниеге келді. Әкесі Есукей батыр. Рашид ад-Диннің айтуы бойынша Бержіген жэне Нирун руының басшысы. Әкесі Бартон баһадүр, оның экесі Кабулхан болатын. Шыңғыстың он екінші атасы Бөрте-гопо (көк-қасқыр), оның эйелі Гоомарал (эдемі марал). Юань-ши жазбасында Есукей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңісіне жетіп, Темучинді қолға түсіреді. Осы кезде оның эйелі босанады. Оның қолында үйып қалған қан болыпты. Жеңістің қүрметіне татар батыры Тимучиннің есімін қояды.
1231 ж. Үгідей мен Толы басқаруымен Солт. Қытайға жорық жасайды. Чигученн34
астанасы Биянді қоршап, бір-бірлеп жойып, 1234 ж. Солт. Қытайды Чжужы мемлекетін
жойды.
1241 ж. Үгідей қайтыс болып, таққа талас басталып, Толының баласы Мөнке отырды.
Ағаларының біраз жерін иеленіп, хулагуды Иран, Хұбылайды Қытайдың қолған жерін
иеленуге жіберді.
1258 ж. Сун империясының эскерін шегіндіре бастады. 1259 ж. Мөңке қайтыс болып,
соғыс уақытша тоқталды. Билікке Хұбылай мен Мөңкенің інісі Арық Бұғы таласы. 1260 ж.
Екеуі де хан сайланды, 4 жыл бір-бірімен соғысып, Хұбылай жеңеді. Қытайдың солтүстік
шығысында одан оңтүстігіне жылжиды. 1276 ж. астана Хан-Чжоу қаласын басып алады.
1279 ж. Қытайды толық бағындырып, Хубулай Чжунду (қазіргі Пекин) астана етіп
жариялады.
1260-1368 ж. Хұбылайдың құрған мемлекеті Юань империясы, оған түркі ұйғыр, найман,
қыпшақ, керей, жалайыр, қаңлылар ат салысты. Бүкіл билік құралы осы тайпа, семуге
берілді. Сонымен жүз жылдан астам уақыт ішінде (1260-1368) монғолдың басшылығымен,
түркілердің күшімен үш мемлекет Цзинь, Сун, Тангут-Юань бір мемлекетіне біріктірді.
Юань империясына Тайван аралын, Вьетнамның Солтүстігін қосып, қазіргі Жапонияға
жеріне жорық жасады.
Юань империясы кезінде түркілер 1 млн., Монғолдар 1 млн., қытай, солт. Қытайланған
қидандар 70 млн. Болды.
1337 ж. көтеріліс жиілеп, 1368 жылы Пекин қаласынан Тогонтемірді қуып шығып Юань
династиясын құлатты.
2.1258 ж. Хулагу Бағдат халифатын, Иранды толығымен өздеріне қаратты. 1259 ж. Мөңке
өлімінен кейін Хулагу өз мемлекетін құрды. Оның мұрагерлері ильхан титулын
қабылдады. Ауған, Әзірбайжан, Ирак, Бағдат, күрдістан, Жоғарғы Қосөзен, Рум
сұлтанаты, Трапезундг- грек патшалығы, Армения, Кипр корольдігі салық төлеп тұрды.
Бұл мемлекеттік саяси өмірінде Жалайыр, найман, керей, ұйгыр тайпалары маңызды рөл
атқарды.
Ирандағы монғол мемлекетіне қызмет істеген түркілер қыпшақ Хорезмдік Сұлтанчук,
басқақ Армен-н салық жинаған, жалайыр Бұқа-Әмір, арғын Қажы Қасым. Хулагудың ең
ірі қолбасшыларының бірі Кербұқа Найман. Пошта қызметінде 1000 ұйғыр қызмет
атқарды.
Қытайдағы түркілер. Үйғырлар- ең ірі топты құрайды, 60 % провинция, 20% астанада мемлекеттік қызметте болды.Наймандар- эскербасшылары болды.Юелимассу, Сун империясын талқ-а қатыс-н, Жапонияда соғыста мерт болды. Үлы Құдықас, Күшліктің немересі Шаос, баласы Беде дарубасы болатын. Үлыбұқа жүз басы.
Бақылау сұрақтары:
-
Әдебиеттер
№10-11. Тақырыбы:Темір және Орта Азия түркілері.
Мақсаты: Темірдің өмір жолымен жорықтарын қарастыру.
Жоспар.
І.ӘмірТемір және оның жорықтары.
2.Орта Азия түркілері. (1336-1405).
мемлекетінде басшы болды. Темірге өзі шыққан барластардан басқа да ру екіддері жақын болған. Соның бірі — найманнан шыққан Ақбүға. Темірдің көп аялдайтын жері әрі астана санайтын мекені Түркістан болған. Ол көшпенділікті, ешқашан отырықшы болмауды уағыздады.
Тарихшылар Қазағанды көшпенді емірге адал болды, Амударияның жағалауын қыстады, жазды Балжуыи тауында өткізді, отьірьіқшьілардьіңжерлерше килікпеді деп мақтайды. Қазағанның үлы да өкесінен кейін (аты Абдулла) халықты жақсы басқарған, бірақ өзінің түрақты орны болуға Самарқаңды тандаған. Талай жылғы алыс-жүлыстан кейін билік Қазағанның немересі әмір Хусейннің қолына тиеді. Ол Балхты өзінің астанасы етпекші болады. Темір оның отырықшы болуына қарсы шығады. Хусейн оны тыңдамай, араларында егес ершіп, Темірдің өзі қатысқан көтерілісте Хусейн елтіріледі. Сейтіп билікті өз қолына алган Темір Абдулла мен Хусейнге тыйым салған орекетке енді өзі барды. Ол Самарқанды астана деп жариялап, қорған-қамалдар түрғызды. Осы қаладан кешпенділерге отырықшылану үшін жер берді. Түркі тілімен қоса парсыша білетін Темір Самарқанғадіндіуағыздаушыларды, ғалымдарды, модениет қайраткерлерін, өнер шеберлерін, сәулетшілерді шақырып, қаланы гүддендірді. Бүл өрекет оның қырып-жоюшылықтан гері бейбіт түрмыска бейімді екенін танытты.
Хорезм шеберлері Шахрисаб қаласына Темірге арнап Ақсарай деп аталатын сарай соғып берді. Оның қабырғаларына парсы тілінде көптеген елеңцер жазылған. Темір 1387 жылы түркі мүддесіне, ислам дініне адалдыгын білдіріп, түркі мүсылмандарының әулиесі Ахмет Иасауи бейітінің басына 1387—1403 жылдары алып кесене түрғызып берді, Сол бір өсем ғимарат, қабырғадағы жазулар біздің дәуірімізге дейін сол күйінде жеткен.
5. Темір және оньщ мүрагерлері түсындағы Орта Азия түркілерінің экономикалық және мәдени дамуы
Өрине, Темір өз империясын қүрарда негізінен түркілердің түп мақсатын кездеген жоқ. Темірдің мақсаты оз билігінің астына мүмкіндігінше дүние жүзінің көптеген елдерін бағындыру бодды. Оның тарихшылары Ирандағы Буһдтар династиясының шахы — X ғасырда емір сүрген Абуд әд-Дуланың: "Бүкіл өлем екі патша үстау үшін жаралмаган" деген сөзін Темірге де таңған. Темір өзінің басшылық саясатьшың аяқталуын Қытайды жаулап алумен бітеді деп түсінді. Өзіне дейінгі Хорезм шаһы Мухаммед және өзінен кейінгі Нәдір шаһ сияқты Темір өз мақсатын іске асыру үшін көп оскер топтайды. Бірақ бүл мақсаты орындалмады.
Темір жене одан кейінгі тақ иелері түсында Самарқан өте үлкен сауда орталығы болды. Мүнда қытай затгары сатылды. Сонымен қатар Темірдің жаулап алушылық саясатының мақсаты Иранды үлкен мөдениет орталығына айналдыру еді. Тарихи себептермен түркі аймағы болған Хорезм өзінің мәдени дамуьшда Ираннан кем болған жоқ. Хорезмнен Самарқанға көптеген ғалымдар мен суретшілер өкеліп, ғылым мен мәдениетті дамытты. Шахрисабс қаласында Темірге арнап соққан Ақсарай атгы "ғимарат оның Самарқаңцағы сарайьшан да сәнді болып шықты.
Темір жүргізген соғыстардан Хорезм басқа қалаларға қарағанда көп қирады. Хорезмді 1379 жылы шағатайлар жаулап алғаннан кейін онда бірнеше рет көтерілістер болды. Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс екеуінің арасындағы күресте Хорезм бірнеше рет Тоқтамыс жағына етті, онын есімі жазылған теңгелер шықты. Сондықтан Хорезм, өсіресе оның астанасы — Үргеніш ауыр шапқьшшылыққа үшырады. Темір Үргенішті жермен-жексен етіп, орнына арпа екті. Тек үш жылдан кейін қаланы бір коше аумагында ғана қалпына келтіруге рүқсат етті.
Темір өзі бір кездегі шағатай сарбазынан шыққанын ес-керсек, оған ирандык тәжіктерге қарағанда түркі шағатай-лары жақын еді. Сондықтан да ол түркілердін, оскери қабілетін мойыңцады. Темір сауатсыз болса да, мәдениетке жақын болды, шахматты жақсы ойнаган. Белгілі галымдармен үнемі таласқа түсіп, бірнеше ғылым саласынан өз бетінше білім алған. Өзінің тарихты жақсы білуімен үлы араб тарихшысы Ибн Халдунды таң қалдырады.
Далаларда қорган салып, қала өмірі мен жер игеруді қайта қалпына келтіруге қамқорлық жасады. Темір ез үлдары мен немерелерінің бақыт қызығын Шыңғыс хан сияқты еркін көре алмады. Темір өлген соң, оның мүрагерлері көп кешікпей Түркістан мен Иранның шығыс облыстарынан басқа барлық иеліктерінен айырылды. Империяның басты қаласы енді Самарқан емес, Герат болды. Гератта орналасқан оның үлы кеп қьфқысуларды бастан кешіріп барып Темір династиясына билік жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Самарқан бүрынғы-сынша көркем қала болып қала берді. 1409—1449 жылдары қаланы басқарған Шахрухтың үлкен үлы Үлықбек қалаға атасьшьщ салдырған қүлпытастарынан асып тусетін уйлер мен сарайлар түрғызды. Қалада мешіттер мен медреселерден басқа жалпы халыққа кажетті керуен сарай, монша т.б. қурылыстар салынды. Бірақ оның ішінде Темір саддырған улттық маңызы бар Ахмет Иасауи мавзолейіне тең келетін қурылыс болған жоқ. Мавзолей ішіндегі үлкен қазан жергілікті халық пен келген қонақтарды тамақтандыру ушін пайдаланылды. Бүл түркі халықтарының түсінігі бойынша қудайдың адамдарын басшылардың міндетгі түрде тағаммен сыйлап, қамқорлық көрсету керектігінен туған қүбылыс.
Темір династиясы түсында түркі әдебиеті кеңінен дамыды. Олардың ішінде Кабул шаһы Әмір-Сеиф Аудин, Секкакин Луптфи, Сиди Ахмет-Миран шаһ ерекше аталады. ХҮ ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басыңда Миран шаһтың ұрпағы Бабур өз еңбектерін туркі тілінде жазды. Басқа шағатай ақындарынан Әлішер Новаидың еңбектері көптеген елдерге белгілі болды. Ол өзінің бір еңбегінде оған дейін Орта Азиядағы түркі жазушыларының бірде-бір батып айта алмаған пікірді айта алды. Ол түркі тілінің парсы тілінен артықшылығы көп деп, оны дөлелдеуге үмтылды. Туркі ақындары ез жырларын негізінен түрғындардың көпшілігі төжіктер болған Самарқаңд пен Герат қаласыңда жазды.
Темірге қарағаңда Үлықбек өз өкесі түсында Алдыңғы Азияғажорықтар жасай алмады. Оның өскери саясатындағы улкен жорық деп есептелетін 1425 жылғы жорығы да нетижесіз аяқталды. Үлықбектің иеліктері өз билігінің соңында біршама қысқарды. Монғолдар Сайрамнан шығысқа тартылған аймақты алса, езбектер Сырдарияның Түркістаннан теменгі жатқан белігін тартып алды.
Өзбектердің қуаты Әбілхайыр ханның түсында күшейді. Оның балалары мен немерелері кейін Темірдің мемлекетін таратты. Әбілхайыр (1431—1451 ж.) Хорезмнің солтүстік жағын Үргеніш қаласымен қоса жаулап алды. 1447—1449 жылдары Үлықбек Самарқанда атасының есімімен ақша шығара бастады. Ақшаға туркі тіліндегі жазулар түсті. Үлықбек Темір сияқты ғалымдармен жай өңгімелесіл қойған жоқ, езі де ғылыммен, өсіресе астрономиямен айналысты. Үлықбектің астрономиялық еңбектерінің мусылман астрономия ғылымында шоқтығы өте биік. Темірге жақын ғалымдардың ішінде түркі екілдері де болды. Үлықбек өзі ғалым болып қана қойған жоқ, сонымен бірге түркілердің ішінен езіне шөкірттер тартты. Соның бірі — Әли-Кутші астрономиямен айналысып, Самарқандағы Үлықбек обсер-ваториясьшың қүрылысына әз улесін қосты. Әли-Кутш Үлықбек өлгеннен кейін де ғылымды тастамай, Констан-тинополь қаласында жалғастырып, 1474 жылы қайтыс бшщы. Әли-Күтші мен Үлыкбек өз еңбектерін парсы жөнө араб тілдерінде жазды. Тарихшы Ибн Араб шаһтың еңбектері бо-йынша Темірдің үлкен бақ, сарайлары Самарқанның барлық түрғындарына бірдей тиесілі бодды. Астанада хан отбасы жыл сайын тархан деп аталатын дәстүрлі мерекелер еткізіп түрды. Бүл мереке кезіңце халық салық пен күнәларынан арылды. Тархан дөстүрі: орыс Паштасы Александр П-нің уақытына дейін жалғасты. Осыңдай үстемдік астана халқын басқа қала түрғындарынан артықща жағдайда болуына алып келді. Барлық түркілерге Ахмет Иасауи үлттың мақтанышы болды. Ахмет Иасауи жерленген қала Түркістан деп атадды. Қаланың осылай аталуы түркілерге Ахмет Иасауидің маңызының зор екенін көрсетсе, қазақтар мен озбектерге түркі үлттық идеясының маңызы қандай екенін айқын керсетті. Ахмет Иасауи мавзолейінде қазақ-өзбек хандарының көпшілігінің бейіті жатыр.
Түркістанның мәдени дамуында парсы тілі біршама рөл атқарды. XVI ғасырдың ортасыңда парсы тілінде Мүхамед Қайдардың тарихи еңбегі жазыдды. XVI ғасырдан бастап одеби тіл ретінде тек түркі тілі қалыптасты. Ал Шығыс Түркістан Қытай иелігінде қалды. Шығыс Түркістан интеллигенциясы өз халқын үйғырлар деп атады. Бірақ тарихта үйғырлардың иелігі еш уакытта Қашқарияның батыс жағына жеткен емес, керісінше, олардың аумағы шығысқа қарай — Қытай аумағының ішіңде болды. Оңда әлі күнге дейін будда дінін берік үстайтын үйғырлар да, мүсылман түркілері де, XV ғасырда үмытқан үйғыр жазуын қодданатын үйғырлар да түрады1.
Қорыта келгенде, Монғол империясының қүрылуы дүние-жүзілік тарихтағы ең алғашқы оқиғалардың бірі болды. Ол Қытай және Орта Азия, Еуропа аумағының коп жерін жаулап алды. Монғол халқына өзгенің жерін жаулап алу мүлде керек емес болатын. Монғодцардың үлкен бөлігі Монғолияға қайтып орадцы, өйткені олар жаулап алған жерлерінде оздерінің үлттық сипатын тез жоғалтып адды.
Монғол шапқыншылығы монғоддардың өзіне қарағанда түркілерге, орыстарға көп әсер етті. Монғолиядан батысқа қарай бет түзеген білімді монгоддардың мемлекеттік тілі бара-бара түркі тілі болып кетті. Шыңғыс хан мүрагерлерінің қол астында терт үлы мемлекет болды. Олар: Қытай, Орта Азия, Онтустік Ресей, Персия. Монғол аты басқа жерлерге қарағаңца Орта Азияда қатты сақталды, бүл Шыңғыс ханның екінші үлы Шағатайдың билік қүрған жері болатын. Өйткені түркі мемлекеті үстем болған Орта Азияда әдеби тіл түркі тілі болды.
Қазақ жерін де өзбектердегі сияқты Шыңғыс хан әулетінен шыққан хандар биледі.
Орта Азияда түркі элементтерінің жеңісі ислам мәдение-тінің жеңісімен бірге жүрді. XIV ғасырда ислам монғоддардың бүкілжаулап алған жерлеріңде (Оңтүстік Ресей, Монгол, Қытай шекаралары) мемлекетгік дін бодды. Туркілердің ішіңде ислам дінін чуваштар мен якутгар, Алтай халықтары мен Енисей бассейіні ғана кабылдамай қалды. Ислам монғолдардың арасына 1416 жылы дүние салған Мүхамед ханның түсында енді. Бүл хан езіне бағынышты адамдардың басына сәлдені зорлықпен кидірген, тьшдамағандардьщ басьша шеге қаққан.
Сонымен, монғол жаулап алушылығы соншалықты кең ауқымды болғанымен, жабайы жауынгерлердің қатыгез жорығы болмағаны толық дәлелденіп отыр. Монғол әскерлері өз жолындағы коп санды мәдени халықтардың өскерлерін талқандай отырып, белгілі стратегиялық жоспармен алға жылжи берді.
Әр түрлі элементтерден қүралған империя бірлігін сақтау қиынға түсті. Шындығында мүндай күрделі қүрам ешбір халықта бүрын-соңцы болмаған жөне монғолдар үшін тіпті сыйымсыз еді. Алайда империя бірлігі Шыңғыс хан түсында ғана емес, оньщ немересі түсында да сақталды. Империя қулағаннан кейін монғол мүрагерлерін иелену бірнеше үрпаққа созыдды. Мүндай ерекше жегістікті немен түсіндіруге болады? Ол Шыңғыс ханның аса дарынды әскери қолбасшы екеңдігінде жөне оның мәдени кеңесшілерінің салауатты кеңестеріне көп көңіл бөлуінде еді.Темір, Темірлан, Ақсақ Темір, Әмір Темір. Ол түркінің барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы 1336 жылы Мауренахрда дүниеге келді.
1361 жылдан бастап Мауренахрда қоңырат руынан шыққан эмір Хүсайынға, Моғолстан ханы Тоғылық Темірге, оның баласы Ілияс қожаға , Барлас Қожамен билік үшін күрес жүргізді. Хүсайынның аппасы ¥лжан Түрханға үйленіп, билік биігіне бірте-бірте көтеріле берді.
1370 жылы Мауренахрда өз қолына алды. Оның қолбасшылық дарыны ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады.
-
1372-88 Хорезм мемлекетін,
-
1376 Шығыс Түркістан
-
1381 Герат, Хоросан -1383 Қандағар
-
1384 Оңт. Әзірбайжан, Тебриз, Иран мен Ауғанстан толық бағындырылды.
1370-90 ж.ж. Тоқтамыс хан мен Едіге эмірдің арасындағы алауыздығы пайдаланып, Алтын Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жорық жасады.
90 ж. Әзірбайжан, Дағыстан, Грузия, Ирак жері қосылды. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Палестина мэмлүктері бағындырылды. Қос өзен мемлекеті бағындырылды. 1402 ж. Осман империясының негізгі эскерін Анкарада талқандап, Түрік сүлтаны Ілдірім Баязитті түтқындайды.
Өзінің айтуы бойынша 24 мемлекетіне патша болды. Оның империясының территориясы 14 млн. Км жетті. 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолда Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер Пайдаланған әдебиет
1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005. 320 бет.
2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б.
3. Тоқтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.
4. Қабышүлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007. Әмір
№ 12-13. Тақырыбы: ІХ-ХІ ғасырлардағы Русь және түркі халықтары
Мақсаты:
Жоспары:
1.Русьтің Хазариямен, Печенектермен және Қыпшақтармен қарым – қатынасы (Х – ХІІІ ғ.)
2. Алтын орданың құрылуы және нығаюы.
3.Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж)
Русь мемлекеті сауда жолдарының маңызды тораптары: Донның сағасы, Керчь бұғазы, Еділдің сағасын басып алу мақсатымен Хазвр қағанатымен соғысты. Бұл кезде (Х ғ.) Хазарлар мемлекеті шығыста Еділмен, оңтүстікте Кума – Маныч ойпатымен, солтүстік-батыста төменгі Донмен, батыста Қырыммен шектескен жер аумағын алып жатты.
Өз географиялық жағдайының қолайлылығын пайдаланған Хазар билеушілері Тмуктараканьда, Донның сағасында, Еділ-Дон өткелінде және Еділдің сағасындағы Итильде өздерінің баж кедендерін қойды. Хазар қағаны мол баж салығын жинады. Кейде баж салығын місе тұтпай, Каспий теңізінен оралған орыс керуендерін тонады.
ІХ – Х ғасырлар арасында орыс жасақтарының Хазарияғабағытталған жоспарлы абуылы басталған болатын. Олар Керчь аласын және Хазар аралын(Тмуктараканьды) басып алды. Шабуыл 965 жылы Святослав әскерлерінің Хазарияны толық талқандауымен аяқталды. Сөйтіп Шығысқа кедергісіз жол ашты. Содан соң Русьті қоршауға алуға және оны теңізден ығыстырып шығаруға тырысқан Византия империясымен күрес басталды.
Орыстар оңтүстікте түркі тілдес печенектермен де соғысты. ІХ ғасырда Еділ мен Жайық жағалауынан келген печенектер Х ғасырда Дунайға дейін жетіп, Дон, Азов, Қара теңіз бойындағы жерлерге иелік еткен болатын.
Византия печенектермен тіл табысып, оларды күшейіп келе жатқан орыс мемлекетіне қарсы айдап салып отырды.
ХІ ғасырдың орта шенінде жаңа өзгрістер болып, Дон мен Еділдің оңтүстік – шығыс бетінен орыстар половецтер, ал византиялықтар кумандар деп атаған қыпшақтар батысқа қарай бет алды. Солармен бір мезгілде Византияның Азиядағы иемденіп отырған барлық жерін басып алған түріктер – селжұқтар Орта Азиядан кете бастады.
Қыпшақтар өте күшті ел болып шықты. Олар печенектерді Дунайға ығыстырып тастап, Солтүстік Кавказды, оңтүстік орыс даласын түгелдей, Қырымның бір бөлігін басып алып, Русь пен Византияға жорықтар жасап тұрды.
Қыпшақтар ХІ ғасырдың 90 жылдарында Русьті қатты тықсырды. Бұл тұста кейбір хандар «Киевтің Алтын қақпасын тоқылдатып» жүрге кездері де, Князь Владимир Всеволодич Мономах қыпшақ елінің түепкір – түпкіріне бірнеше жорық ұйымдастырған сәттері де болды.
1111 жылғы жорықтың үлкен маңызы болғаын көреміз. Онда орыс әскерлері Қыпшақ хандарының бірінің астанасы – Шарукань қаласын (қазіргі Харьковтың маңында ) басып алды. Бұл жорық аңызға айналып, Мономахтың қыпшақтарды жеңу даңқы Византияға, Венгрияға, Польшаға, Чехия мен Италияға дейін жетті.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың аса жауынгер екі мемлекеті құрылды. Бұлардың бірі Днепр мен Днестр бойындағы тайпаларды (хан Боняк ұрпақтарының әулеті) қамтыды. Бұдан анағұрлым қуатты екіншісі Солтүстік Донецтің, Азовтың, Донның бойындағы және Кубаньдағы тайпаларды біріктірді. Мұнда Шаруканның әулеті билік етті. Оның немересі Кончак жеке Ордалар мен тайпаларды біріктіруде үлкен ерлік көрсетті. Қыпшақ хандытары олардың азиялық ежелгі қоныстары – Батыс Қазақстанның далаларында да қалыптасты.
Орыс князьдарының бірлескен күштері бұрынғысынша қыпшақтарға қарсы ойдағыдай күресті, бірақ жекелеген князьдардың жікшіл, нашар даярланған жорықтары (мәселен, Игорь Святославичтің 1185 жылғы Қыпшақ ханы Кончакқа қарсы жорыққа) сәтсіздікпен аяқталды.
ХІІІ ғасырда Қырымда Қыпшақ – латын – парсы сөздігі құрастырылды, одан біз қыпшақтардың тіл сипатын (түркі тілі екенін), сондай – ақ олардың тұрмысы толығымен түркі дәстүрлі екенін білеміз. Кейіннен – Жошыдан кейін құрылған Орда заманында қыпшақтар осы мемлекеттің негізгі тірегі болды.
Алтын орданың құрылуы және нығаюы
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол империясының батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауына басы болды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы – Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түркменияның,Иранның,Закавказье мен Ефратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханың үлкен ұлы) ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да көшпелі түркі халықтарының жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ бөлігі (Батыс Сібір) Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк Орда деп аталды. Ұлыстың батыс жақ бөлігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне тиді, ол орыстың жылнамаларында Алтын ОРда деген атпен мәлім.
Бұл мемлекеттердің негізгі жерлері монғолдар жаулап алған, табиғаты көшпелі мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және Солтүстік Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен алмастырыла бастады, сонымен бірге мұндағы елдің қоғамдық – саяси және мемлекеттік құрылысы анағұрлым көне формаларға қайта оралды.
Алтын Орда Батый Еуропаға жорық жасап қайтқаннан кейін-1243 жылы құрылды. Оның алғашқы астанасы 1254 ж Еділ бойында салынған Сарай-Батый қаласы болды. Алтын Орданың дербес мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-Темірдің тұсында (1266-1282 жж) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты. Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып, көшпелі аристократия өкілдерінің бірі – Ноғай алға шықты . Осы феодалдық соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін ұстанған және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отырғызды (1312-1342ж.) .
Өзбектің тұсында Алтын Орда ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар , оның ішінде Көк Орданың билеушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. ХІY ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбектің тұсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті.
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан әкімшілігімен байланысты тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйытқысы болған монғолдар көп кешікпей өздері жаулап алған түркі тілдес халықтардың , ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасында қалды. ХІІІ ғасырдың аяғына қара ймонғолдардың қатарындағы қалың бұқарасын былай қойғанда , олардың көшпелі ақсүйектерінің түркіленгендігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми құжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.
Мемлекетті басқару төрт әмірден құрылған Диванның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына берілді.
Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде монғолдардң көшпелі ақсүйектері орасан кең жерлердің, өте көп мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды. ХІV ғасырда араб жазушы Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға , яғни 100 мың сомға дейін жетеді дейді.
Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейіндеп ақшамен (күміспен) ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатфн алым-салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар («сұратулар» деп аталатын) жіберіп тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті. Сауданың баж салығынан алынатын жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды. Жәмшік және көлік борышы, жолаушы жүрген ордалық шендегілер мен олардың нөкерлерінің «күнкөрісі» де шаруалардың иығына түскен үлкен ауыртпалықтар еді. Хандар алым жинауды толығымен мұсылман көпестерінің («бес-ермендердің») билігіне берді. Ал олар халыққа өз ойларынан шығарған қосымша салық салды, шаруалар мен қала тұрғындарын өсімқорлықтың шырмауына түсіріп, қарызды төлеуге шамасы жоқтарды шығыстық базарларда құлдыққа сатты.
ХІІІ ғасырдың аяғында орыс жерлерінен салық жинау князьдарына тапсырылды да, орыс қалаларындағы өкілдер кері шақырылып алынды. Бұл Орданың орыс жерлерінің ішкі саяси өміріне тікелей араласу мүмкіндігінен айырды. Русьтің мемлкеттік саяси бірлігі үшін болған күрестің үлкен маңызы болды.
Жеке князьдардың күшеюіне жол бергісі келмеген Алтын Орда хандары орыс жерлерініңбөлшектелуі және князьдардың арасындағы қырқыстың өрси түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Хандар тіл алғыш князьдерді Ордаға қауіпті және жақпаған князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру немесе жазалаушы әскерлер жіберу арқылы құртып отырды. Хандар жарлық беруді князьдардың арасындағы күндестік пен сауда объектісіне, оларға саяси қысым жасау құралына айналдырып, «тақты» мұра етудің Русьте қалыптасқан тәртібін әдейі бұзып, Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтауы ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Көп жағдайда орыс князьдерінің өздері бұрын қыпшақтарды «қақтығыс-тырғандай» өз бақталастарымен күресте олармен Алтын Орда әскерлерін «қақтығыстырып» жүрді.
Алтын Ордаға қарасты елдерден Русьтің бір айырмашылығы – ол өзінің мемлекеттігін сақтап қалды. Русьтің Алтын Орда хандарына тәуелділігі ең алдымен орыс халқының басқыншыларға беріп тұруға мәжбүр етілген ауыр алымда еді.
Русьтің әскери мүмкіндіктеріне және орыс халқының өз ұлттық мемлекеттігін қорғап қалуға әзір екеніне көзі жеткен монғол-татарлар Русьті тікелей Алтын Орданың құрамына қосудан және орыс жерлерінде өз әкімшілігін жүргізуден бас тартты.
1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзеніндң қаза болған Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің «ең үлкен» князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық береді. Ярославтың ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп, ханға бағынышты екенін тайға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып қайтты.
Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдар өз қолдарына беріп, олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға өкілдер жіберумен шектелді. Өкілдердің міндеті князьдардың іс-әрекеттеріне қатаң бақылау жасау болды. Өкілдердің жеткізуі бойынша «жазықты» болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалаушы әскер жіберетін. Қалай болғанда да Русь өз мемлекеттігін сақтап қалды, орыс халқына монғол-татарлар жағынан ассимилияция қаупі төнбеді. Монғолдар орыс халқына өзінің тілі мен мәдениетін таңа алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |