Лекциялық материалдың мазмұны


Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж)



бет10/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#3576
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж)

Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды.(1236-1241 ж) Польшаны, Венгрияны,Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада болған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ,Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.

Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.

Алтын Орда ХІІІ-ХІV ғасырларда күшті мемелекет болып тұрды. Бұл тұста оны мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығ, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерден Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш,Хорезм,Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті , Әл –Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, бин Искақ, Фердауси,Низами, Ахмед Йассауи, Сүлеймен Бақырған тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оның әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің езгі ықпалы болды.

Алтын Орда хандары Батый (1256ж өлді), Берке (1257-1266 ж), Мөңке-Темір (1266-1280 ж), Туда-Мөңке (1280-1287 ж), Төле-Бұқа (1287-1291 ж), Тоқты (1291-1312 ж), Өзбек (1312-1342 ж), Жәнібек (1342-1357 ж) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошымен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда – саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнер дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт – бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер- оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада – оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы,оңбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың дуван бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалар мен бағынышты аймақтар басқару үшін губернаторлар – жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың неізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскери күшімен алым-салық жинау еді.Ақ Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда жартылай патриаирхтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдай мейлінше ауыр болды- олар екі жақтан бірдей қан алды: ханға жергілікті алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңірек қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңдеген жерден заттай алынатын салық төледі.Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық жүзім т.б. салықтар болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң мен мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев «Мені Евразиялық деп атайды» атты еңбегінде : «Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге-Еділдегі, Алтын ордадан,Тюмендегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілід» , - дейді.

Аңғал да , ақкөңіл көшпенділер өзінің хандарына қалтқысыз сенді, ал хандар болса, ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған қалалардың тұрғындарымен тығыз байланыста болып, 100 жыл ішінде шынайы мұсылмандарға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген сөз еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары қала қыпшақтары, орыстар, армияндар, гректер, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман,қоңырат,керей, уақ т.б. тайпалар мекендейді. Дешті Қыпшақ аймағы мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүлде аз болды.

Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы – Еділ бойы, басты астанасы – Берке сарайы, неізгі әскери феодалдық күші – қыпшақ тайпалары болды.

Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы сыртқы қақтығыстағы жеңістерімен династия ішіндегі тыныштықты сақтаудағы өздерін Алтын Орда хандығының ішіндегі ең белсендісі екендігін көрсетті. Сарай тағымдағы Батый ұрпағының соңғы мұрагері өлгеннен кейін Жошы ұлдары Орда – ежен, Шайбан және Тоқа-Темір арасында таққа отыруға деген ұмтылыс өріс алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар ең алдымен Ақ Ордада басталды.



Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер.

14-15. Тақырыбы: Кавказдағы түркі халықтары

(ХШ—XVIII ғасырдың I жартысы)

Мақсаты: Кавказ халықтарының тарихымен танысу, Әзірбайжан ұлтының қалыптасуын түсіндіру.

Жоспары:

1. Алтын Орда құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтары (ХШ—XV ғ.)

2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XIV—XVII ғ.)
1.ХШ ғасырдың ортасынан бастап Кавказ халықтары монғол-татар хандарының езгісін бастан кешірді. Монғол езгісінің ең ауыр зардабы монғол феодалдарының пайдасына түсетін қауырт өсіп отырған салық еді. 1253-1257 жылдары монғол хандары салық төлеушілердің (10 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ерлер) санағын жүргізді. Толып жатқан салықтардың ішіндегі ең ауыры астық түсімінің 60%-ке дейінгі бөлігін алатын жер салығы (харадж) болатын. Малшылар әр он бес малдың біреуін беруге тиіс болды.

Салықтың бұдан басқа почта. мындаған адамдарды қазаға ұшыратқан жол салу және оны күту жұмыстары сияқты түрлері де көп еді. Салық төлеуге жағдайы келмейтін шаруалар бүкіл семьясымен құлға айналдырылды.

Сонымен бірге әрбір тоғыз шаруаньң үйінен бір адам хан әскері үшін әскери кызметке баруға тиісті болды.

XIII-XV ғасырлар ішінде қазіргі Дағыстан халықтары: лезгиндердің, аварлардың, дарғыңдардың, кұмықтардың, лактардың тағы басқаларының жерге иелік етіп орналасуы аяқталды. Татар-монғол шапқыншылығының ауыр зардаптары, әсіресе, басым көпшілігі тау-тасқа тығылуға мәжбүр болған аландар мен асыларға қатты тиді. Аландардың ұрпақтары — осетиндер таулы жерлерде қалып қойды да, Кабардин князьдарына тәуелді бодды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарыңда алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топка жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және катардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар бөлініп шықты.

XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері коныстанып отырған жер аумағын иеленді.

Кабардиндер мен осетиндердің Шығыс жақ бөлігінде қазіргі шешендердің, ингуштардың ата-бабалары тұрды. Олардың оңтүстіктегі көршілері қазіргі Грузияның тау халықтары — хевсурлар, тушиндер және пшавтар еді. Шешендердің бірқатар бөлігі авар (хунзах) иемденушісіне тәуелді болды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарында алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топқа жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және қатардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар (ворктер) бөлініп шықты.

XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері қоныстанып отырған жер аумағын иеленеді.

Монғолдардың жаулап алуына дейін Солтүстік Кавказ жазықтарында көшіп-қонып жүрген қыпшақ ордаларының кейбіреулері тауға ығыстырылды. Аландармен, сол сияқты адыгамдармен араласып, олар ерекше түркі тілдес халықтар- қарашайлар мен балқарларды дүниеге келтірді. XIV-XV ғасырларда Солтүстік Кавказда ислам діні үстемдік етуші дінге айналды.

XIII ғасырдың аяғында Қара теңіздің шығыс жағалауында өздерінің бірнеше отарларының (Тмутараканының орнына - Матрега. қазіргі Анапаның орнына — Мана т.б.) негізін салған генуэз саудагерлері белсенділік танытты. Генуэз отарлары сол кезде Еуропаның Шығыспен сауда қатынасын нығайтуда аса маңызды міндет атқарған еді.

2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XIV—XVII ғ.)

Әзірбайжан XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Алтын Орда басқарушылары мен ильхандар арасыңдағы күрестің орталығына айналды. ХШ ғасырдың аяғында Әзірбайжанда қолөнер мен қалалардың едәуір дамуы Еуропа- Азия саудасы үшін маңызды олжа табылатын жолдардың кейбіреуі осы жер аумағын басып өтуге негіз болды. Ал сауда жолы осы арада жібек, жүн, мата, аяқ киім жэне басқа да қолөнер мен кәсіпшілік тауарларын өндіруді жандандыруға себепші бодды. Закавказьенің ірі сауда-қолөнер орталығы ильхандардың астанасы — Тебриз болды.

Хулагид мемлекетінің құлауы және XIV ғасырдың алғашқы жартысынан бастап оның жеке хандықтарға бөлінуі және олардың ильхандармен болған күресте 1356 жылы Тебризді жаулап алған Алтын Орданың ханы Жәнібекті жақтаған көшпелі жергілікті феодалдар мен көшпелі түркі-монғол аксүйектерінің күшеюіне жағдай жасады. Тебриз тұрғындарының алтын ордалықтарға карсы көтерілісінен кейін елде өкімет монғол ақсүйектерінің бір тобынан екінші тобына көше бастады. 1360 жылы Тебризді басып алған Бағдат сұлтаны Увейс Джеланридтің өз қол астына Әзірбайжан, Персия және араб Ирагы, Армения мен Курдистан кіретін үлкен мемлекет құруына мүмкіндік туды. Джеланридтер мемлекеті Темір шапкыншылығы кезіндегі үзілісті қосқанда 1410 жылға дейін өмір сүрді. Темірліктер арасьндагы өзара күрес кезінде ширваншах I Ибрагим жергілікті феодалдардын көмегімен Әзірбайжанды уақытша біріктіріп, астананы Тебризге көшірді. 1410 жылы Әзірбайжанды Қара-Жүсіп жаулап алды. Ол түріктің қара қойлы деген көшпелі тұкымының әкімі еді, алайда оны 1468 жылы түріктің ақ қойлы дейтін екінші тұкымдасы ығыстырьш шығарды. Ал оның басшысы Ұзын-Хасан өз өкіметіне Әзірбайжанды, Арменияны, Иранның біраз бөлігін, араб Ирагы мен Жоғарғы Месопотамияны біріктірген болатын. Ол Шығыста үлкен саяси ықпалы бар қатаң адам еді. Ұзын-Хасан Ақ койлыларды Еуропада күшейіп келе жатқан Осман Түркиясына қарсы одақта деп санады. Бірақ Ақ қойлы мемлекеті көшпенділер құрған басқа да мемлекетгер сияқты ортақ экономикалық негізі мен ортақ саяси мүдделері жоқ кырық құрау ел болды да. Ұзын-Хасан өлгеннен кейін әлсіреп, ақыры құлады.

XV ғасыр ішінде Әзірбайжанда тәуелсіз екі мемлекет: Шекин және Ширван хандықтары болды. XV ғасырдың екінші жартысында ширваншахтардың Ресеймен байланысы басталды.

ХҮІ ғасырдың бас кезіңде Оңтүстік Әзірбайжан мен Иран жер аумағында пайда болған Сефеви мемлекеті негізінен әзірбайжан тайпаларына арқа сүйеген еді.

XVI ғасырдың бірінші жартысында Әзірбайжан да, Армения сияқты, орасан үлкен Сефеви мемлекетінің құрамына кірді. Қырық құрау тайпалар мен халықтардан құралған бұл мемлекетті XVI ғасырдың аяғына дейін көшпелі түрік тайпаларының феодал шонжарлары басқарды. XVI ғасырдағы Әзірбайжанның бүкіл тарихы Түркиянын Сефевидтермсн жүргізген соғыстарына толы.

Әзірбайжан халқының негізгі бұкарасы феодалдарға тәуелді болған шаруалар еді. Көшіп-қонып жүрген тайпалар арасында ұзақ уақыт бойы патриархалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Сол кезде Әзірбайжан жер аумағында феодалдық жер меншігінің төрт түрі (1) мемлекеттік жер {"дивани"), 2) сарайжері ("хассэ"), 3) шіркеу жері ("вакф"), 4) жеке меншікжер ("мульк") болды. Азык-түлік рентасы рентанын жетекші түрі болып қала берді. Әзірбайжанның қалалары (олардың ішіндегі ең ірілері-Сефевид әулеті — 1502—1736 жылдарғы Таяу және Орта Шығыстағы мемлекет билеушілер әулеті. Сефевид әулетінің мемлекеті I Исмаил Ақ койлы және оның одақтастарын жеңгеннен кейін пайда болды. XVI ғасырдың аяғына дейін Исмаил Иран шаһы болды. Сефевид мемлекетінің кұрамына Иран, Әзірбайжан, Армениянын бір бөлігі, казіргі Ауғанстан жерінің басым бөлігі, кей кездері Ирак жерлері де енді. Басында Сефеви мемлекетінің орталығы Әзірбайжанда болды (астанасы 1555 жылға дейін -— Тебриз. 1555-— 1597/98 жыддары — Казвин, 1597/98 жылдары Нефахан болды). Мемлекет діні шиит мәніндегі ислам еді.

Тебриз бен Шемаха) колөнер мен сауданың аса ірі орталықтары болды. Әзірбайжанда істелген жібек маталар басқа елдерге шығарылды. тіпті Еуропа базарларында да кымбат бағаланды. Феодалдық езгі еңсесін түсірген шаруалар мен кала халқы қанаушыларға карсы талай рет бас көтерді. Олардың ең ірілері— 1537 жылы Ширванда болған шаруалар қозғалысы мен 1571 жылы Тебризде болған қала кедейлерінің көтерілісі. Жергілікті әкім көрсеткен қысым түрткі болған Тебриз көтерілісі екі жылға созылды, бірақ ақыры қаталдықпен басып тасталды.

XVI ғасырдың ортасынан бастап Қазан мен Астрахань Ресейге қосылғаннан кейін. Орыс мемлекетінің Әзірбайжанмен сауда байланысы арта түсті. Ширванның бегляр - бегімен сауда шарты жасалды. Орыстың сауда адамдары Шемахаға, ал Әзірбайжан көпестері Мәскеу мен Астраханьға барып жүрді.

Жағдай Сұлтандық Түркияға қарсы күресте Сефевидтерді орыстардан көмек сұрауға итермеледі. XVI ғасырдың аяғыңда шах өкіметі Түркияға карсы жүргізілген соғыста Сефевидтерді қолдағаны үшін Баку мен Дербент қалаларын Ресейге беруді ұсыңды. 1594 жылы Прикаспьеде, Сулак өзені бойында және Тарку қаласына жақын жерде екі орыс бекінісі салынды,бұлар он жыл бойы Ресейдің Әзірбайжанға баратын жол үстіндегі тірек пункті болды.

Сефевид — Түрік әскерлерінің қырғын соғыстары кезіңде әзірбайжан халқы қатты күйзеліске ұшырады. 1555 жылғы шарт бойынша Әзірбайжанның шығыс бөлігі Сефевидтердің билігіне көшті. Осыдан үш жыл еткеннен кейін (60-жылдардың аяқ кезінде) Әзірбайжан түріктерге бағынды, ал 1590 жылғы Иран және Түрік билеушілерінің арасындағы шарт бойынша бүкіл Закавказье Түркияға бағындырылды.

XVII ғасырда Закавказье өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан кешірді. Сефевидтер мемлекетінде үстемдік жағдай әзірбайжан шонжарларын ығыстырып шығарған иран феодалдарына көшті.

1603 жылы шах I Аббас Түркиямен соғыс бастап, бүкіл Шығыс Закавказьені қаратты. Ол өз жағына жергілікті феодалдарды тартуға тырысып, оларға салық жөнінде женілдіктер (мәселен, армян шіркеуіне) берді.

I Аббас өзінің ескери күшін қайта құрды және сыртқы саясатында Осман империясына жау Ресеймен, батыс-еуропалық мемлекеттермен жакыңдасты.

I Аббастың ұстанган саясаты Әзірбайжан мен Армения калаларының жағдайын жақсартты, оларда қолөнер мен сауда дамыды. Бұл қалалардың (Тебриз, Баку. Ереван, Шамаха, Ганджа т.б.) әрқайсысында он мыңдаған адам болды.

Әзірбайжан қалаларында көрнекті орындарды иран шонжарлары мен көпестері иеленді.

Армян көпестерінің шоғырланған жері жібекпен халықаралық сауда жасау орталығы болып табылатын Аракс өзенінің бойыңдағы Джульфа каласы болды. Джульфаның сауда үйлері Венеция, Генуя. Марсель, Амстердаммен және басқа да Батыстың ірі калаларымен өз операцияларын жүргізді.

1605 жылы I Аббас жібекпен сауда жасау орталығын Иранға көшірді де, Джульфаны өртеп жіберді. Астана болған Ис-фаһанньщ маңыңда орналасқан армян көпестері шахтан үлкен артықшылықтар алып, Ресей мен Үндістанның есебінен өз саудасын кеңейтті.

1604 жылы Армения кезекті бақытсыздыққа ұшырады: I Аббас Иранға шегіне отырып, 350 мындай адамды — негізінен армяндарды айдап алып кетті. Жерден алынатын салық (харадж) едәуір өсті, оған ондаған басқа салық алым және Сефевидтер пайдасына натуралдық міндеткерліктер атқару келіп қосылды. Бұның бәрі шаруалар мен колөнершілердің жаңадан бас көтеруіне әкеліп соқты, оның ішінде ең күштісі Ширванда 1614 жылы болып өтті. Шах Аббас халық қозғалысын зорға басты. Дәл осы кезде Карабахта толқу, ал 1633 жылы Казвинде үлкен көтеріліс бұрқ ете қалды...

3. Әзірбайжан халқының ХШ-ғасырлардағы мәдениеті

Закавказье халықтарының феодалдар және шетел қанауына қарсы күрес дәуірінде жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінде әлеуметтік және патриоттық шығармалар көбейді.

XIII—XV ғасырларда Әзірбайжанда мәдени қызмет саласы анағұрлым өсті, өйткені онда Закавказьенің баска елдерімен салыстырғанда экономикалық жағынан белгілі бір дәрежеде ілгері басушылық болды жөне орта ғасыр мәдениеті дамуының басты ошақтары - қалалар шапқыншылықтардан өзгелерге қарағанда аз зардап шеккен еді. Мәдениет саласы бойынша монғол шапқыншылығынан қалған ауыр зардаптар бұған дейін жоғары деңгейде еркендеген сарай іші поэзиясының құлдырауына қатты әсер етті. Алайда Низами дәстүрі бұкара халықтың мұң-арманын бейнелейтін ақындар шығармашылығың онан әрі жігерлендіре түсті. Ақын Фазул-лах Нейми (XIV ғ.) исламға бет бұрған көзқарасты дүниеге әкелді. ХІІI ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басьшда әзірбайжан ақындары парсы тілінде жазуды қойып, өз шығармаларын ана тілінде шығарды. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында азербайжанның аса көрнекті ақыны Шемахиден шыққан Имад – ад – Дин Несими болды. Ол өзінің шығармаларында қанау мен әділетсіздікке қарсы шығып, жер бетіндегі тіршілік атаулының куанышын жырлап, дүниеден тыс жерде тіршілік бар дегенге карсы шықты. Осы себепті де ол айыпқа тартылып, азалтап өлтірілді. XV ғасырдың ал-ғашқы жартысыңда артына аса үлкен поэзиялық мұра, соның Ішінде Шығыста Түркі елдеріне кен таралған "Ләйлі мен Мәжнүн" шығармасын қалдырған әзірбайжанның аса көрнекті акыны Мұхаммед Физулла өмір сүрді. Онын ұлтын сүюге баулитын шығармалары Орта Шығыс халықтарынын әдебиетіне аса зор ықпал етті.

XIV ғасырдың басында Рашид-ад-Дин бастаған бір топ ғалымдар дүние жүзі тарихы бойынша күрделі еңбек — "Шежірелер жинағын" жазды. XIV ғасырда Тебризде ішінде тамаша қолжазбалар жинағы мол кітапханасы, емдеу орны мен обсерваториялы медресесі бар өзіндік "Сауығу үйі" ("Дар-аш-Шифа") салынды. Ғылыми есімі Шығысқа белгілі ғалым Насир-ад-Дин Туси 1259 жылы Марита қаласында салған обсерватория өте кең түрде пайдаланылды.

Әзірбайжан мәдениетінің тарихыңда сол кезде әдебиетпен бірге каллиграфия, сурет өнері мен сәулет өнері салалары бойынша бірқатар бағалы дүниелер жасалды. Әсіресе митниатюра өнері гүлденді. Сәулет ескерткіштерінен ең маныздысы Бакудегі (XV ғ.) ширван-шахтар сарайы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Алтын Орда құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтарын атаңдар



2. Әзірбайжан ұлты қалай қалыптасты және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуын сипатта.

Әдебиеттер

16-17. Тақырыбы: Сібірдегі түркі халықтары.



Мақсаты:

Жоспары:

1.Сібірді мекендеген халықтардың қалыптасуы мен мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттерінің құрылуы.

2.Көшім тұсындағы Сібір хандығы.

1. XV ғасырдың бас кезінде Алтын Орданың ыдырауы барысында Сібір хандығы құрылды. Оның орталығы алғаш Шыңғы-Тура (Тюмень) болды. Хандық өз шеңберінде Сібірдегі Шыңғыс ұрпақтары бас болып, шағын хандыққа біріккен көптеген түркі тілдес халықтардан құралды. XV ғасырдың аяқ кезіндегі ұзаққа созылған қырқыс – тартыстан кейін өкімет билігін Мамед тартып алды. Ол Тобыл мен Орта Ертіс бойындағы түркі ұлыстарын біріктіріп, басқару орталығын Ертістің жағасындағы «Сібір» немесе «Кашлық» деп аталатын байырғы бекініске орналастырды.

Сібір хандығы үстем тап болып есептелетінін бектер мен мырзалар басқарған ұсақ ұлыстардан тұрды. Көшіп – қону мәселелерін және кәсіпшілікке жаратылатын жерлерді тек солар билеп – төстеді. Олар ең жақсы жайылымдар мен су көздерін өздерінің жеке меншігіне айналдырып алды. Сібір хандығының ресми діні болған ислам шонжарлар арасына кеңінен таратыла бастады. Негізгі еңбекші халық ұлыстардың «қара сирақ» кедейлері еді. Олар мырзаға немесе бекке өз шаруашылығынан түскен табыстан жыл сайын «тарту» тартып, ханға ясак салығын төлеп тұратын, ал ұлыс бегінің отрядында әскери қызмет атқаратын.

Сібір хандығын хан басқарды, оған кеңесшілері мен карачалары (уәзірлері), сондай – ақ ханның өзі ұлыстарға жұмсайтын жасауылдар көмектесті. Ұлыс бектері мен мырзалар ханның бағынышты иеліктері болып саналады. Хан олардың ұлыстарының ішкі істеріне араласпайтын. Сібір хандығының саяси тарихы ішкі өзара қырқыс – тартысқа толы болды. Сібір хандығы жаулап алу саясатын жүргізе отырып, башқұрт тайпаларының бір бөлігі мен угорлардың меншігіндегі, сондай – ақ Ертіс бойы мен Ом өзені бойын мекендейтін түркі тілдес тұрғындардың жерлерін басып алды, XV ғасырдың орта шенінде Сібір хандығы батыста Тура өзенінен, шығыста Барабаға дейінгі Батыс Сібірдің орман аралас кең байтақ даласын алып жатты. 1503 жылы Ибақтың немересі Көшім өзбек және ноғай хандарының көмегімен Сібір хандығының өкімет билігіне ие болды. Көшім тұсында Сібір хандығы жеке ұлыстардан тұрды, ол саяси жағынан бірлігі толық бекіген мемлекет еді.

Жошы ұлысының азиялық бөлігінің әлеуметтік дамуы ерекше жолмен жүрді. Дегенмен, Ақ Орданың өмірі мен Көк Орданың өміріндегі «даму» дегенді шартты түрде ғана ұққан жөн. Бейнелеп айтқанда Қыпшақ теңізінде монғол «тамшысы» ізсіз жоғалып кетті. Байқал төңірегіндегі көшпенділер мен сібірлік көшпенділер бір – бірін жан санамауына байланысты жергілікті жұрт ешқандай қарсылықсыз қабылданған текті әулеттер (Шыңғыс ұрпақтары) ғана қалды. Сібірлік көшпенділердің өз ұлысының шекарасын сақтап қалуына, бөтен мәдениетінің, оның ішінде Еділ бойындағы қала тұрғындарының пайдасы үшін 1312 жылы Өзбек хан енгізген мұсылман мәдениетінің тез қабылдануына ата дәстүрлерінің көп көмегі тиді. Жалпы, мұсылмандық әдет – ғұрып далалықтар арасында аса берік сақтала бермейді.



2. Көшім тұсындағы Сібір хандығы.

Көшім тұсындағы Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан халықтарымен қатар көшіп – қонып жүрді. Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы Ертістің оң жақ жағалауында, Тобылдың құяр сағасынан жоғарырақ, қазіргі Тобыл қаласының маңында тұрды. Сібір атауы біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдың соңынан бастап Ертіс өңірінің орманды – далалы алқабын мекендеген түркі тілді тайпаларымен ұзақ жылдар бойы қарым – қатынаста болған «Сыпыр» этникалық тобының атауынан шыққан. Ежелгі Сыпырлардың орталығы кейінірек Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы тұрған жерде болды. Кейіннен бұл жерлер түркілердің ежелгі көшпелі империясының – Батыс Түркі қағанатының, қимақтардың мемлекеттік бірлестіктерінің, қыпшақ тайпалары одағының құрамына енді. Парсы шежірешісі Рашид - ад- Дин Ібір – Сібір елі монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы хан ұлысына, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазды. Алтын Орданың ханы Батыс Сібір жерін өз інісі Шайбанға сыйға тартқан. Осы кезден бастап Сібір жері олардың заңды мұрасы болып есептеледі. Шайбаниліктер XIV ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарында Тюмень хандығын құрып, астанасын – Шыңғы - Тура етті. Бұл – қазіргі Тюмень қаласы. Осындай жағдайда Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жерлері Шыңғыс хан ұрпағы – шайбаниліктердің мұралық ұлысына арналды.

Сібір хандығын көп халықтар, негізінен түркі тайпалары (қыпшақ, арғын, қарлұқ, қаңлы, найман, жалайыр т.б.), сондай – ақ ханты, мансы, барабы түркілері, башқұрттар мекендейтін. Хандықтағы түркі тайпаларын орыс жылнамаларында, кейін тарихи әдебиеттерде «Сібір татарлары» деген ортақ атпен атау орнығып кетті.

Түркі тайпалары Тобыл татарларының құрамында – 78,8; бараба («барама») татарларының құрамында – 77,2%; Тевриз татарларының құрамында - 73%; Том татарларының құрамында 65,6%; Тар татарларының құрамында 42,5% болғандығын зерттеушілер анықтап отыр.

Белгілі башқұрт ғалымы Р.Г. Кузеев башқұрттардың XV ғасырларда Чюльман (Кама) өзенінің бойында «Сібір – Ібір» хандығы қоныстанғанын тарихи деректерге сүйеніп дәлелдейді. жерлері келді. Сібір хандығының құрамында Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын, руларының басым көпшілігі және башқұрттардың бір бөлігі, сонымен бірге Сібірдің байырғы тұрғындары – хантылар мен мансылар болды. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің орта ағысы бойында, Бараба даласында Батыс Сібірдің түркі тілдес

Мекендердің , оларда ұзақ уақыттан бері орыс адамдарды тұрса да, толып жатқан түрікше (ноғайша)

атаулары жоғарыдағы пікірімізді айқын дәләлдейді. Түркі билігі, атап айтқанда, Көшімнің бірлігі Ертіс пен Обь өзендерінің төменгі ағысы бойын мекендеген түркілерге ғана емес, әлсіз халықтар;остяк, вогул, пелым, кондиндарға да жүріп тұрды. Олар Көшімге алым – салық төледі».

Кейін қазақ халқының этногенезін құраған арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары ежелден Сібір жерін қоныстанған сол өлкенің тұрғылықты халқы болған. Ал Сібір хандығын орыс мемлекеті жаулаған кезде олар өз аталасы қазақтарға келіп қосылып, ханты, мансы т.б. өз алдына жеке –жеке халықтар болып қалыптаса бастаған.Бұдан шығатын қорытынды: Сібір хандығының және оның жаулап алуының тарихы түркілік қазақ халқының сан ғасырлық шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасына шығуын, Қазақ хандығы мен мемлекетінің тарихын оқшау қарастырмай, түбі бір туыстар Түркі тарихымен - Сібір, Ноғай, Қазан, Астрахань, Тюмень, Қырым хандықтарының тарихымен бірлікте қарастырған жөн.Шыңғыс хан ұрпақтарының хандары өздерін Солтүстік Қазақстан мен Сібірдің заңды иелеріміз деп санады. Көшімнің хан тағына отыруы туралы белгілі тарихшы Қадірғали Жалайыри өзінің “Жылнамашылар жинағында” Көшімді Шайбани ұрпағынан таратса, Хиуа ханы Әбілғазы өзінің “Түрік шежіресінде” Көшімді шайбанилік тегі туралы жазады.Ш Уалиханов та Көшім қырғыз (қазақ) сұлтаны болған деген пікір айтады.Көшім 1510 жылдар шамасында Ноғай ордасының Алтыұл ұлысында дүниеге келген, Алтыұл ұлысы Жем өзенінің шығысында аралдың солтүстік өңіріне дейінгі жерлерде көшіп- қонған.Көшім жас кезінде Едігенің ұрпақтары-ноғай мырзаларының арасында дұрыс тәрбие алып,кейін олармен жақсы қатынаста болған.Әскер ісіне машықтанған, қайратты әрі жігерлі болған ол 1555 жылдан бастап ноғайлар мен қазақтардың жасақтарын басқарған. Көшім өзінің хандығын әкесінен мұра арқылы емес, ол1563 жылы Шайбани ханның тұқымы Бұқара ханы Мұртазаның баласы Көшім Жәдігер ханды өлтіріп Сібір хандығының тағына отырады.

Көшім Сібір жұртын билеп тұрған Тайбұға руымен ұзаққа созылған ұрыс жүргізді. Ақырында Тайбұғаның билеуші князьдары жеңіліс тауып, Көшімнің билігін мойындады.Көшім Сібір хандығының ханы болуын әсіресе Сібір жеріне ислам дінін таратуға рұқсат еткен және сауда жасау арқылы баюды көздеген Орта Азиялық дінбасылар мен саудагерлер құлшына қолдады. Көшім билеген кезде Сібір хандығының экономикасы дамып,мәдениеті өрлеп, күш - қуатының артқанын оның көршілері: Мәскеу, Қазан, Бұқара,Ноғай, Шығыс Түркістан, Қалмақ елдері елдері мойындап, онымен санасып отырды. Көшім билеген Сібір хандығының бір шеті Тобылға, екінші шеті Ертіске, жоғары жағы Обьтың құяр сағасына жетті. Орал таулары арадағы табиғи шекара болса, оңтүстігі Ор, Тобыл, Есіл өзендерінің басталар тұсында ноғай Ордасымен, қазақ хандығымен, Ертістің бастау алған тұсында жоңғарлармен шекаралас болды.

Сібір хандығының экономикасы мен мәдениетіне келсек, Көшімнің тұсында Сібір хандығында көптеген мәдени құрылыстар ірге көтеріп, қалашықтар, қамалдар салынды. Олар – Ертістің бойындағы Сүзге – Тура, Бесік – Тура бекіністері.

Көшім Орта Азиямен, Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. Ол Сібір ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына ислам діні тарата бастады.

Сібір хандығының саяси құрылысы . Сібір мемлекетінің жоғары билеушісі – хан болды. Хан кеңесі диван деп аталды. Ханды ақсүйектер мен шонжарлар сайлады. Хандық атадан балаға мұра болып қалды. Диван құрамына кеңесшілер – «атақтылар» кірді.


18. Тақырыбы: Ноғайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет