Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет


Тақырып: №2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу, оның әдіснамалық



бет3/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
abildina Караганда

Тақырып: №2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу, оның әдіснамалық принциптері



  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

  2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.

  3. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі.

1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы күрделі, көпмәнді түсініктердің бірі. Көптеген педагогтардың санасында «әдіснама» өмірмен байланысы аз, абстрактілік, педагогика теориясы мен практикасынан алыс жатқан философиялық мәтіндердің жинағы болып көрінеді. Мұндай түсінбеушіліктің себебі педагогикадан алыс жатыр. Өйткені, әдіснаманың өзінің әр деңгейі бар.
Педагогика әдіснамасының мәнін ашпастан барын жалпы әдіснама дегеніміз не? Соған жауап берелік. Қәзіргі кездегі ғылымтануда әдіснаманы ғылыми зерттеушілік іс-әрекет әдістері, формалары және оны құру (жүргізу) принциптері туралы оқу деп анықтайды.
Соңғы жылдары әдіснама туралы оқу өте тез даму үстінде. Әдіснаманың зерттеушілерге көмегі, нормативтік бағыттылығы артты. Оның басты міндеттерінің бірі – зерттеу жұмыстарын әдіснамалық қамтамасыз ету. Әдіснамалық білімдерсіз кез келген, соның ішінде педагогикалық зерттеулерді де сауатты жүргізу мүмкін емес.
Кез-келген әдіснама реттеушілік (регулятивтік) және нормативтік функция атқарады. Әдіснамалық білімдер дескрептивтік (сипаттаушылық) немесе прескриптивтік формаларда (іс-әрекетке тікелей нұсқау) түрінде болуы мүмкін.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдердің 4 деңгейін көрсетеді: философиялық, жалпы ғылымилық, нақты ғылымилық және технологиялық немесе зерттеу әдістемесі.
1-ші, философиялық деңгей – танудың жалпы принциптерін анықтайды. Философиялық білімдер әдіснамалық функция атқарады.
2-ші, жалпы ғылымилық әдіснама – барлық немесе бірнеше ғылымдарда қолдануға болатын теориялық концепциялар. Мысалы, қоршаған шындықтағы құбылыстар мен процесстерді бір-бірімен байланыста, тұтас объект ретінде жүйелілік тұрғысынан қарастыру.
3-ші, нақты ғылымилық әдіснама – арнайы бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу принциптері, әдістері жиынтығы. Педагогика ғылымынан оған келесі мысалды келтіруге болады. Зерттеу пәнін тұлғалық тұрғысынан қарастыру. Оның мәні: кез келген процесті, индивидтің жағдайын, қасиеттерін оның тұлғалық ерекшеліктерін ескерусіз дұрыс түсіну мүмкін емес.
4-ші деңгей – нақты зерттеуді жүргізу әдістемесі. Зерттеуді жүргізу әдістемесі – ақиқат, шын білімдірді алуды қамтамасыз ететін әдістер және процедуралар.
Педагогика әдіснамасына В.В.Краевский келесі анықтама береді: педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты көрсететін білімдерді алу әдістері мен принциптері, педагогикалық теорияның құрылымы және негізі туралы білімдер жүйесі, сонымен қатар осы білімдірді алу және зерттеу бағдарламасын, логикасы мен әдістерін нақтылайтын, зерттеу жұмысының сапасын бағалайтын іс-әрекет жүйесі.
Бұл анықтамадан әдіснаманың екі аспектісін көреміз: білімдер жүйесі және ғылыми-зерттеу іс-әрекет жүйесі. Ғылыми-эерттеу іс-әрекетінің 2 түрін айтуға болады: әдіснамалық зерттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету.
Педагогика әдіснамасының білімдер және іс-әрекет жүйесі ретіндегі мәні 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте Педагогика әдіснамасы - білімдер және іс-әрекет жүйесі.



Іс-әрекет түрлері

Іс-әрекет субъектісі

Әдіснама функциялары

Білім түрлері

Практикалық іс-әрекет





Педагог


Әдістемелік қамтамасыз ету



Теориялық және эмпирикалық білімдер: іс-әрекетті реттейтін нормалар; оқу бағдарламалары, нұсқаулар, ұсыныстар.

Арнайы ғылыми іс-әрекет





Зерттеуші



Әдіснамалық қамтамасыз ету: практикалық іс-әрекет жүйелерінің заңдылықтарын анықтау және оларды құрастыру педагогикалық шындыққа және оқу-тәрбие процесіндегі практикалық іс-әрекет әдістерін жетілдіруге бағытталады.



Шындықтың өзгеруі, педагогикалық жүйелерді құру туралы арнайы ғылыми білімдер.



Әдіснамалық іс-әрекет





Зерт-теуді әдіснамалық қамтамасыз ету



Зерт-теуші



Әдіснамалық зерттеулер (мысалы, оқыту практикасын ғылыми негіздеу әдістерін зерттеу) шындықты ғылыми бейнелеу процесімен нәтижелеріне бағытталған.



Зерттеушілік іс-әрекет бағдарламасын дәйектейтін, сонымен қатар оның сапасын бағалайтын, зерттеу процесін бақылайтын, реттеушілік (регулятивтік) роль атқаратын ерекше білімдерді қолдану.



Тану туралы білімдер: білімді қалай алу керек туралы білімдер. Тануға және танымдық құралдарды (мысалды, дидактикадағы гипотезалар) жетілдіруге тікелей бағытталған әдіснамалық мәселелер.





Әдіс-нама-лық зерттеу-лер



Зерт-теуші



Педагогика ғылымының практикада байланыста даму тенденцияларын және заңдылықтарын анықтау, түсініктік (ұғымдық) құрамын анализдеу.

Әдіснамалық зерттеудің міндеттері педагогика ғылымының даму тенденцияларын, заңдылықтарын ашу, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру принциптерін құру. Педагогика әдіснамасы бойынша зерттеулердің негізгі бағыттары 1 суретте көрсетілген.
Зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету - әдіснамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын құрғанда, зерттеу сапасын бағалағанда қолдану.
Педагогика ғылым ретінде 4 белгімен сипатталады:

  1. мақсаты;

  2. арнайы объектісі болуы;

  3. танудың арнайы құралдарын қолдануы;

  4. терминдердің бір мәнділігі.

Педагогикалық зерттеудің сапасын анықтайтын 11 сипаттамаларды көрсетуге болады. Олар: проблема, тақырып, көкейтестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, гипотеза және қорғайтын қағидалар, ғылыми жаңалығы (новизна), теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы.
Проблема қою «Бұрын зерттелмеген нені зерттеу керек?» деген сұраққа жауап беру. Проблема қарама-қайшылықтан туындайды. Мысалы, жоғары мектептің оқытушысының кәсіби іс-әрекетіне деген педагогикалық талаптар мен олардың арнайы педагогикалық-психологиялық даярлығы болмауы арасындағы қарама-қайшылық.
Тақырыбы – зерттейтін проблемамызды қалай атау керек екендігін анықтау.
Зерттеу көкейтестілігі аталған проблеманы қәзіргі кезде не үшін зерттеу қажеттілігін анықтаумен тікелей байланысты.
Объект – зерттеуде не қарастырылатынын анықтау. Бірақ объект туралы толық, жан-жақты білім алу мүмкін емес. Сондықтан объектінің қай жағы, қандай қыры, байланыстары, қызметтері қарастырылады, соны көрсеткенде зерттеуші зерттеу пәнін анықтайды. Масалы, зерттеу тақырыбы - «Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың моральдік жауапкершілігін тәрбиелеу». Бұл тақырып бойынша зерттеу объектісі - оқушылардың адамгершілік тәрбиесі. Ал эерттеу пәні –моральдік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар жүйесі.
Зерттеу мақсаты – жұмысты орындау барысында алынатын нәтиже.
Зерттеу міндеттері – осы мақсатқа жету үшін не істеу керек екендігін анықтау.
Гипотеза – ақиқаттылығы, шындығы әлі анықталмаған, дәлелдеуді қажет ететін ғылыми болжам, ғылыми тұжырым.
Ғылыми жаңалығы – қандай нәтиже бірінші рет алынып отыр, бұрын істелмеген не істелді? деген сұраққа жауап беру.
Теориялық маңыздылығы (мәнділігі) - ғылымдағы қандай концепцияға, қандай теорияға өзгеріс, жаңалық енгізілді?
Практикалық маңыздылығы – зерттеу барысында алынған ғылыми білімдер қандай практикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді? деген сұраққа жауап береді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы (мәнділігі) - алынған зерттеу нәтижесі қандай практикалық проблеманы шешуге мүмкіндік беретіні.

  1. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.

Әдіснамалық принциптер – педагогикалық жүйелерді практикалық және зерттеушілік түрлендірулердің негізінде жататын негізгі қағидалар. Принциптер әрқашан ғылыми негізділген, қортыылған сипатта және орындалуы міндетті болуы керек.
Педагогиканың әдіснамалық принциптері: жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, полисубъектілік, мәдениеттанушылық, этнопедагогика-лық, антропологиялық, аксеологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет