Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет



бет4/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
abildina Караганда

Жүйелілік тұрғысынан келудің мәні – зерттеу пәніндегі салыстырмалы түрдегі өзіндік компоненттер жеке-жеке емес, бірі-бірімен байланыста, дамуда және қозғалыста қарастырылады. Ол жүйенің басқа элементтерінде жоқ жүйелік қасиеттермен сапалық сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрығыдан қарастырудың функционалдық және тарихи аспектілері тарихилылық, нақтылық, жан-жақты байланыстарды және дамуды ескеру сияқты зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды талап етеді.
Жүйелік тұрығыдан қарастыру педагогикалық теорияның, эксперименттің және практиканың бірлігі принципін іске асыруды қажет етеді.
Педагогикадағы тұлғалық тұрысынан қарастырудың мәні - педагогикалық процесті құрастыру және іске асыруда оның мақсаты, субъектісі, нәтижесі және тиімділігінің басты критериі ретінде тұлғаға бағытталуы. Ол тұлғаның кереметтігін (уникальность), оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін, сыйластыққа деген құқығын мойындауды талап етеді.
Іс-әрекет тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші шарты. Бұл факт педагогикалық зерттеулермен педагогика практикасында іс-әрекеттік тұрғысынан қаратыруды іске асыруды қажет етеді.
Іс-әректттік тұрғысынан қарастыру баланы тану, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына қоюды талап етеді. Бұдан, өз кезегінде, адамның мәні оның іс-әрекетімен салыстырғанда анағұрлым бай, жан-жақты және күрделілігінен туындайтын полисубъектілік (диалогтік) тұрғысынан қарастыру пайда болды. Полисубъектілік тұрғысынан қарастыру адамның позитивті потенциалына, оның өзін-өзі жетілдіру және тұрақты дамуының шексіз шығармашылық мүмкіндіктеріне сеніміне негізделеді. Полисубъектілік, тұлғалық және іс-әрекеттік тұрғыларынан қарастырумен бірлікте ізгілік (гуманистік) педагогикасының негізін құрайды.
Жоғарыда аталған әдіснамалық принциптер мәдениеттанушылық тұрғысынан қарастырумен бірге іске асырылады. Мәдениет бұл жағдайда адамзат іс-әрекетінің айрықша түрі ретінде қарастырылады. Іс-әрекеттің универсалды сипаттамасы ретінде ол іс-әрекеттің әлеуметтік-гуманистік бағдарламасын және бағытын, құндылық ерекшеліктерін, нәтижелерін анықтайды. Сонымен, тұлғаның мәдениетті игеруі оның шығармашылық іс-әрекет әдістерін игеруін де көздейді.
Адам, бала нақты мәдениәлеуметтік ортада өмір сүреді және бір этносқа жатады. Осыған сәйкес мәдениеттанушылық принципінен этнопедагогикалық принципі туындайды. Осыдан интернационалдықтың (жалпыадамзаттықтың), ұлттықтың және даралықтың бірлігін көруге болады.
Аталған әдіснамалық принциптер біріншіден, жалған емес, шын, айқын мәселелерді бөліп алуға және оларды шешу әдістерін, стратегиясын анықтауға, екіншіден, өте маңызды білім бағдарламары жиынтығын диалектикалық бірлікте және тұтастықта талдау, үшіншіден, объективті білімдер алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет