Тақырып: №3 ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІН АНЫҚТАУ - ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ
Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Зерттеу өзектілігін дәлелдеу бағыттары:
1.Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі
Зерттеу жұмысы зерттеудің объективті аймағын өңдеуден басталады, яғни шешімін табуды талап ететін маңызды мәселелер жинақталған педагогикалық шындықтың сферасынак. Объектілік аймақты таңдау келесі объективті факторлармен анықталады: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің саны, жаңалығы мен перспективтілігі және субъективтік факторлар: білімі, өмірлік тәжірибесі, бейімділіктері, зерттеушінің қызығушылықтары, оның қандай да бір тәжірибелік іс-әрекет бағытымен байланысы, белгілі бір тақырыпқа бағытталғак оның ғылыми ұжымымен, ғылыми жетекшісімен аныкталады. Білім беру-тәрбиелеу жүйесін жаңартумен байланысты өзекті сфералар өте көп. Бұл, біріншіден тәрбиенің жаңа мазмұнын анықтау мен тексеру, бұл оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді технологиялары мек әдістемелерін өңдеу, қатынастарды қалыптастыру, білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жаңа типтеріне көшу, мектеп және әлеуметтік сферамен байланысты мәселелер, білім берудің тиімді технологияларына көшу. Келесі қадам бір бірімен тығыз байланысты мәселе мен зерттеу тақырыбын анықтау. Мәні жағынан, тақырыптың мазмүнында мәселе болу керек, және тақырыпты саналы анықтап оны нақтылау үшін зерттеу мәселесін табу керек. Зерттеу мәселесі «білу мен білмеу» жағдайы ретінде көрініс береді, яғни мәселеде ғылыми білімдегі аралық бейнеленеді. Мәселе - таныс нәрсе мен таныс емес нәрсенің арасындағы көпір, оны белгіліні салыстыра отырып, белгілі бір аймағына бағыттала отырып қана табуға болады. Егер қойылған мәселе мен оның мазмұны еш нәрсемен қайшы келмесе, онда оның нәтижесіз болу қаупі бар. Қойылған фактілер мен теориялық ойлардың қайшылығы, фактілерді түсіндіру мен интерпретациялау арасындағы қайшылықтар мәселенің мәні болып табылады. Ғылыми мәселе өздігінен пайда болмайды, тәжірибе мен ғылыми әдістерді терең зерттеудің нәтижесі болып табылады., танымдык үрдістердің тарихи белгілі бір кезеңіндегі қайшылықтарын бейнелейді. Ғылыми мәселені қалыптастыру дегеніміз - екіншілердің арасынан маңыздыны бөліп алу біліктілігін көрсету деген сөз, белгілі нәрсе мен ғылымда белгісіз зерттеу пәнін анықтау. Осылайша, зерттеу пәніне қатысты білу мен білмеудің арасындағы шекараны көрсету мүмкін болса, онда ғылыми мәселені ашу қиын болмайды.
Бүгінгі күні мысалы, білім берудің нормативті мазмүны мен жеке мүмкіндіктер, бейімділіктер, қызығушылықтар арасында; дені сау адамдарды қалыптастыру міндеті мен мектептегі сабақтардың бірсарындылығы, гиподинамика, оқу тапсырмаларының жүктемесі арасындағы піскен қайшылықтар нақты анықталып отыр. Анықталған қайшылықтардан шығатын мәселе өзекті болып, өмірге кіретін немесе кіруге тиісті жаңаны бейімдеуі керек. Қазіргі таңдағы мәселелер, білім беруді гуманизациялау және демократиялау, жеке ерекшеліктерді ескеру және әрбір оқушының мүмкіндіктерін дамыту, мектептерде тәрбиелеуші ортаны қалыптастырумен байланысты.
Тәжірибелік міндеттерден ғылыми мәселеге өту үшін кем дегенде екі процедураны іске асыру керек: осы тәжірибелік міндеттерді,шешу үшін, қандай ғылыми білімнің керек екендігін анықтау; осы білімнің ғылымда бар екендігіне көз жеткізу. Егер білім бар болып және оларды тек таңдап, жүйелеп, пайдалану керек болса, онда ғылыми мәселе пайда болмайды. Егер қажетті білім жеткіліксіз болса, толық және айқын емес болса, онда мәселе туындайды. Оны бөліп алып, ары қарай шешу үшін тақырып бойынша бар нәрселерді толық қарастыру керек. Тәжірибелік міндетті шешу үшін теориялық және қолданбалы мәселелердің түтас кешенін өңдеу керек, керісінше, ірі ғылыми мәселені шешу үшін тәжірибелік міндетердің біреуін ғана емес түтас катарык шешу керек.Мәселедегі қайшылық тақырыптан тікелей және жанама түрде өз бейнесін табу керек. Мәселені дұрыс кою - ғылыми ізденістің жемісті болуының шарты. Мәселе тақырыпта болуы мүмкін немесе тақырыптың мәселелігі оны талқылаудан табылуы керек. Мәселеден шыккан тақырып педагогикалық процестің белгілі бір кезеңдері мен жағдайына және жалпы мәселенің белгілі аспектілерін ашумен байланысты нақты объектілерге айқын болу керек.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі дегеніміз - қазіргі кезеңдегі қоғамның халықтық білім беруге, мәселенің ғылыми әдебиеттерде өңделуіне, мектеп тәжірибесіндегі оның жағдайына қойылатын талаптардың бейнеленуі. Таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу кез келген зерттеудің бастапқы кезеңі болып табылады. Өзектіліктің бейнеленуі көп сөзбен жеткізілмеу керек. Оны бейнелеуде алыстан бастаудың қажеті жоқ. Оның маңыздылығы, яғни мәселелік ситуацияның және тақырып өзектілігінің неден көрініс беретіндігін машиналық жазумен бір бетпен жеткізген жеткілікті.
Кез-келген ғылыми зерттеу жаңа қүбылыстарды тану үрдісіндегі белгілі қиындықтарды жою үшін, бұрын белгісіз болған фактілерді түсіну үшін және танымдық емес фактілерді түсіндірудің ескі жолдарының толық еместігін көрсету үшін жүргізіледі. Бұл қиындықтар ғылыми білім танымның жаңа міндеттерін шешуде жеткіліксіз болған жағдайда айқын көрініс береді.
Зерттеу өзектілігін негіздеудің бірнеше жолдары бар: жеке фактілер бойынша тәжірибедегі мәселенің күйі және тақырып анықталады; автор немесе өзге ғалымдар орындаған зерттеудің мәліметтері талданады; қолымызда фактілер бар - олардың ішіндегілері; қандай да бір нәтиже беретін себептер анықталады (мысалы, компьютерлік оқытуды ендіру төменгі сынып оқушыларының интеллектуалдық рфераларының дамуына қалай әсер етеді, осыдан барып өзектілік туындайұы); тәжірибенің даму тенденциясы, оның қажеттіліктері талданады; тәжірибенің және теорияның қажетіліктерін анықтау жолы бойынша негіздеу жүреді.
Барлық аталған бағыттар біржақты немесе шектеулі. Мысалы, егер тек қана тәжірибенің қажеттілігінен ғана бастасақ, онда осы мәселенің теорияда шешілген мәселе екендігін аңғармай қалуымыз мүмкін.
Зерттеу өзектілігін дәлелдеу бағыттары:
адамдардың көпшіліктері осы зерттеуді жүзеге асыру қажеттілігін каншалықты қалайтындығын анықтау;
осындай қажеттіліктер қоғамда бар ма;
тәжірибенің жағдайы қарастырылады, егер қажеттілік бар болса, онда осы мәселенің тәжірибе аркылы қаншалықты қанағаттанатынын анықтау;
ұсынылға мәселелердің теориядағы өзектілігі анықталады.
Мысал ретінде, тақырып өзектілігін негіздеуді теорияның дамуының қажеттілігімен қалай жүзеге асатындығын қарастырып көрейік. Келесі бағыттар ұсынылады: і) әдісетді қарастыру негізінде қандай да бір толықтырулар енгізуді табу; 2) зерттелген және зерттелмегендерді ашу және объектіні дамытудың қажеттілігін анықтай отырып, зерттеу жүргізудің қажетекендігі туралы қорытынды жасау; 3) осы кезге дейін мәселе қандай теориялық позициялармен шешілгендігін қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |