Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет


Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері



бет2/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
abildina Караганда

2.Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері
Ғылыми жұмыстың мақсатын нақты анықтау. Кез-келген кәсіби іс-әрекет сияқты ғылымда да еңбектің табиғи бөлінуі жүреді. Ғалым «ғылыммен»,«педагогикамен» тұтас айналыса алмайды, тек жұмыстың нақты,әрі тар бағытын бөліп, нақты мақсат қойып, бірізділікпен оның нәтижесіне жетуі керек.
Кез-келген ғылыми жүмыстың қасиеті, зерттеушінің жолында әрқашан қызықты құбылыстар мен фактілер кездесіп отырады, олардың құндылығы зор және мүқият зерттеуге деген қажеттілік тудырады. Жаңа құбылыстар мен фактілер ашылатын ғылыми жұмыстан зерттеушінің алаңдаушылық қаупі де кездеседі және ол соңына дейін жалғасады. Бұл көптеген жаңадан қадам басқан зерттеушілердің көпшілігіне тән қателік болып табылады. Ғылыми қызметкердің ең негізгі қасиеті өз айналысатын тек қана бір мәселеге шоғырлана білу қабілеті, ал қалғандарының барлығын бүгінгі күнгі әдебиеттерде сипатталулары бойынша ғана қолдану. Ғылыми жұмыс «алдыңғы ғалымдардың арқасында» құрылады, сондықтан да оған кіріспес бұрын, осы аймақта жасалған еңбектер мен ғылыми әдебиеттерде берілгендердің барлығын қарастырған орынды.Ғалым ғылыми терминологияны меңгеріп, өзінің ұғымдар аппаратынқұруы керек. Қазіргі ғалымдардың артықшылықтары, олар күрделі мәселелерді қарапайым тілмен жазып, айтады. Бірақ ғалым қарапайым тіл мен ғылыми тілдің арасын нақты ажырата білуі керек. Олардың айырмашылығы, қарапайым тілде қолданылатын терминологияның нақтылығына аса талаптар қойылмайды. Кез- келген ғылымда әр түрлі ғылыми мектептердің болуы орын алады (үлкен ғалымдардың өз оқушыларынан құрылғанған ресми емес ұжымдар). Мысалы,
проблемалық оқытумен М.И.Махмутов, И.Я.Лернер. Т.В.Кудрявцевтің мектептері айналысады. Кез -келген ғылыми мектеп өздерінің ұғымдық аппараттарын құрады. Кез- келген ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі жазбаша түрде
хатталуы керек- есеп беру, баяндама. реферат, мақала, дипломдық жұмыс, диссертация, кітап және т.б. түрінде. Бұл талаптар екі жағдайға байланысты. Біріншіден, өзінің идеялары мен қорытындыны ғылыми тілмен тек қана жазбаша түрде баяндауға болады. Сонымен қатар, жас зерттеуші үшін кез-
келген ғылыми жұмысты жазу, тіпті кішігірім мақала жазу қиындық тудырады, себебі ойша «іштей» жеңіл айтылатындар «қағазға түсіруге» келмейді. Міне, осы жерден қарапайым және ғылыми тілдің арасындағы айырмашылық шығады. Ауызша сөйлеуде логикалық кемістіктер аса байқалмайды. Жазбаша бейнелеу бірізділікпен баяндауды талап етеді, ал бұл қиындық тудырады. Екіншіден, кез -келген ғылыми жұмыстың мақсаты- жаңа ғылыми білімді алып, адамдарға жеткізу. Егер ол тек қана зерттеушінің басында ғана қалса, онда бұл білім қажетсіз болып, мәнін жояды. Сонымен қатар ғылыми мақалалардың саны мен көлемі кез-келген ғалымның өнімділігінің көрсеткіші болып табылады. Және әрбір зерттеуші өзінің жарияланған жұмыстарының қатарын әрдайым толықтырып отырады.
3.Ұжымдық ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері
Ғылыми ойдың плюрализмі. Кез -келген ғылыми жұмыс
шығармашылық үрдіс болып табылады. Әрбір зерттеу ұжымының іс-әрекеттері қатаң жоспарлануы керек. Бірақ әрбір ғалым өзінің көзқарасын, ойын білдіруге құқылы және сөзсіз сыйлауды талап етеді. Кез- келген мәжбүрлеу, барлығын бір ғана ортақ көзқарасқа еріксіз көндіру ешқашан жақсы нәтижеге жеткізген жоқ.
Өмір мен тәжірибе әр түрлі теорияларды жоққа шығарып немесе қабылдайды. Мысалы, өз замандарында физика мен философиядағы Р.Гук пен И.Ньютон және физиологиядағы И.П.Павлов пен А.А.Ухтомский сияқты қарсыластарды келтіруге болады. Ғылымдағы коммуникация. Кез - келген ғылыми зерттеулер ғалымдардың белгілі бір бірлестігімен жүргізіледі. Себебі кез- келген зерттеуші тіпті жақсы маманданған зерттеуші өзінің идеяларында, алынған фактілерінде, теориялық құруда қателесу мен бұрмаланушылықтардан қашу үшін өзгелермен
ақылдасып, талқылауды қажет етеді. Жас зерттеушілердің арасында «мен ғылыммен өзім айналысамын, ал нақты нәтиже алған кезде жариялап, талқылаймын және т.б.» сияқты ойлар жиі кездеседі. Бірақ, өкінішке орай бұлай болмайды. Зерттеушіге педагогикалық ұжымда қарым-қатынас міндетті түрде қажет, егер онда ғылыми жұмыс үшін жағдай жасалса, немесе өзінің ғылыми қарым-қатынасын зерттелетін мәселеге қатысты кез- келген ғылыми мекемеден таба алады. Зерттеушінің ғылым саласына сәйкес қызмет ететін барлық әріптестерімен тікелей және жанама қарым-қатынас жасауына мүмкіндігі бар. Тікелей қарым-қатынас арнайы ұйымдастырылған ғылыми және ғылыми- практикалық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, ал жанама қарым-
қатынас ғылыми әдебиеттер арқылы жүзеге асады: журналдардағы. жинақтардағы, кітаптардағы және т.б. мақалалар. Бірінші және екінші жағдайда да зерттеуші бір жағынан өзі қорғап және өзінің нәтижелерін жарияласа, екінші жағынан өзге зерттеушілердің, әріптестерінің айналысып жатқандарын тыңдап,
оқиды.Зерттеудің нәтижесін ендіру ғылыми іс-әрекеттің маңызды сәті болып табылады, себебі ғылымның соңғы мақсаты алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану. Дегенмен, ғылымнан алшақ жатқан нәтижелерді міндетті түрде ендіру керек деп ойлайтын адамдардан сақ болу керек. Ендіру механизмі басқадай. Жеке
зерттеулердің нәтижелері тезистерде, мақалаларда жарияланып, содан кейін кітапқа, брошюраларға, монографияларға жинақталады, содан кейін қысқарылған және жүйеленген түрде жоғарғы оқу орны оқулықтарына және педагог-практиктерге арналған әдістемелік құралдарға айналады. Сонымен қатар зерттеулер әрдайым қолданыла берілмейді. Зерттеулер ғылымды байыту үшін, оның теориясын дамытатын фактілер арсеналдарын байыту үшін жүргізіледі. Тек қана фактілердің, концепциялардың белгілі бір «критикалық массасын» жинақтауда ғана ғылым жетістігін жалпы тәжірибеге ендіруде сапалы дамулар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет