Лекцияның оқыту нәтижелері



бет3/6
Дата28.02.2023
өлшемі55.37 Kb.
#470207
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
EUGLUFCFWKOB27022023113002

б. Ақыл-ой жағы идеалды жақтардың біреуін ғана құрастырады. Қабылдау жағы басқа. Жеке адам әрекетінің үшінші дербес жағы болып сөйлеу жағы бола алуы мүмкін. Қалай алсаңыз да ақыл-ой еңбектік жағы тек әрекеттің сөйлеу формасының негізінде пайда болады.
в. Әрекет идеалды жаққа немесе толығымен немесе өзінің бағыттану бөлігінде ғана көшіріледі. Осы соңғы жағдайда әрекеттің орындаушылық бөлігі материалдық жақта қалады да және бағдарланушы бөлікпен бірге өзгере отырып, ең соңында қозғалыс дағдысына айналады.
г. Әрекеттің идеалды жаққа, атап айтқанда ақыл-ой жағына көшуі оның пәндік мазмұнының осы әрбір жақтардың құралы арқылы бейнеленуі арқылы беріледі және әрекет формаларының көпретті, тізбекті түрде өзгеруімен көрінеді.
д. Әрекеттің ақыл-ой жағына көшуі, интериоризациялауы оның өзгеруінің тек бір ғана бағытын құрастырады. Басқа, сөзсіз болатын және маңыздылығы одан төмен емес ағымдар өзгерістер құрайды: әрекеттер буынының толықтығын, оларды бөлу өлшемдері, оларды меңгеру өлшемдері, қарқыны мен күштік көрсеткіштердің ырғағы. Бұл өзгерістер біріншіден, кері байланыстың формасы мен орындалу әдісінің ауысуымын, екіншіден, қол жеткізілген әрекеттің сапасын анықтайды. Осы өзгерістердің біріншілері идеалды орындалған әрекеттерді бірдемеге тап қылады, ол барып өзін-өзі байқауда психикалық процесс ретінде ашылады; екіншілері әрекеттің иімділік, ақыл-парасаттылық, саналылық, сындарлық сияқты қасиеттерін қалыптастыруды басқаруға мүмкіндік береді».
П.Я. Гальперин орындалатын әрекеттердің негізгі сипаттамасы ақыл- парасаттылық деп санаған. Байқап көру және қателесу типі бойынша дәстүрлі оқытумен салыстырғанда П.Я.Гальперин екінші, әсіресе үшінші оқыту типінің басымды жақтарын негіздемеледі, онда оқушы әрекетінің толық бағыттану негізі жүзеге асырылады.
Кәсіптік (жоғары және орта) білім беруде қазіргі уақытта белгілік-контекстік немесе контекстік оқыту кеңінен жайылған. Бұл оқытуда ақпарат оқу мәтіндері түрінде ұсынылады («белгілік»), ал ондағы орналасқан ақпараттың негізінде құрылған тапсырмалар болашақ кәсіби қызметтің контексін құрады. А.А. Вербицкий бойынша, болашақ кәсіби қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұны оқу процесінде барлық дидактикалық құралдармен, әдістермен үлгіленеді, олардың ішінде негізгі орынды іскерлік ойын алады. Іскерлік ойын қазіргі замандағы жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде кеңінен таралған, көпнұсқалы форма екені белгілі.
Ойындардың инновациялық, позициялық түрлері (А.А. Тюков); ұйымдастырушы- оқытушы ойындар (С.Д. Неверкович); оқытушы ойындар (В.С. Лазарев); ұйымдастырушылық-ойлау ойындары (О.С. Анисимов); ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар (Ю.В. Громыко) және т.б. А.А.Вербицкий және оның ізін басушылардың тұжырымдамасында іскерлік ойын оқытушы ойын болып табылады. Бұл таңбалық-контекстік оқытудың формасы, онда оған қатысушылар
«жалған кәсіптік әрекетті» жүзеге асырады, «ондай әрекетте оқудың да еңбектің де нышандары бар». Іскерлік ойын белсенді әрекетті оқытудың формасы. Ол мақсаттарды анықтауды (ойындық және педагогикалық; дидактикалық және тәрбие берушілік), ойынның мазмұны және ойындық және имитациялық үлгілердің болуы (А.А.Вербицкий, Н.В.Борисов). Кәсіптік шындықтың дидактикалық жағынан сұрыпталған (жалпылану, қарапайымдау, проблематизациялау) үзінді көрініс табатын имитациялық үлгі студенттердің жалған кәсіптік қызметінің пәндік негізі болып табылады. Ойындық модельдің өзінің құрылымы бар, ол төменде келтірілген.
Ойындық модельдің құрылымы

Ойындық модельдің
элементтері

Конструктивті тәсілдер

Ойынның мақсаты

Ойындық мақсатты тұжырымдау

Ойынның сценарийі

«Апаттар» жасау
Мінез-құлықтық қарама-қайшылықтар ұйымдастыру Имитация объектінде процестің іс жүзіндегі уақытына
қатысты ойын уақытын қысқарту немес созу

Рөлдер жиыны мен ойнаушылардың міндеттері

Қызығушылықтары бойынша қарама-қайшы рөлдерді енгізу
Қосарланған рөлдерді енгізу (ойын процесінде рөлдердің ауысуы)
Рөлдің портретін құру
Рөлдерді түрлері бойынша бөлу Икс кейіпкерін ойынға кіргізу
Ойын құқықтары мен ойыншылардың міндеттерін құрастыру

Ойын ережелері

Ойын ережелерін құрастыру (іс жүзіндегісіне қосымша)

Ойындық құжаттаманың жиыны

Құжаттаманың ойындық «бумасы»
Тану белгілерін, символдар мен эмблемалар жасау Графиканы пайдаланып ойын материалдарын рәсімдеу

Бағалау жүйесі

Өлшемдер, балдар жүйесі, бағалау нәтижесін көзбен
көру

Оқытудың берілген бағыты жүйелілік, белсенділік принциптерін жүзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мүддесін орындайды, яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік дайындығы.


Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары: дәстүрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде және ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде), оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекстік оқыту «таза» күйінде, бастапқы нұсқасында сирек жүзеге асырылады. Олардың әрқайсысы басқасының элементтерін қамтиды. Мысалы, ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен белгілік- контекстік оқыту мәселе қоюшылықты, проблемалық тапсырамаларды кіргізеді; дәстүрлі оқыту контекстіліктің элементтерін кіргізеді және т.б.
Тұлғалық іс-әрекет - білім беру процесін ұйымдастырудың негізі.
Оқытуда қолданылатын келістің жалпы анықтамасы. Оқу процесін талдау барысында «келіс» категориясы дәстүрлі түрде оқытушының, яғни мұғалімнің тұрғысынан қарастырылады. Осы контексте 80-ші жылдардың ортасында тұжырымдалған оқытуға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан келу көбінде оқушының күрделілігі мен проблематикасы әртүрлі, арнайы ұйымдастырылған оқу тапсырмаларын шешу барысында педагогтың оқушының оқу қызметін субъектік
бағытталынған ұйымдастыру және басқару ретінде қарастырылған. Бұл тапсырмалар оқушылардың тек пәндік және коммуникативтік құзырлығын ғана дамытпайды, оның өзін де тұлға ретінде дамытады. Сол мезгілде тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқушы позициясынан да қарастырыла алатыны белгілі болды. Д.Б. Элькониннің оқу қызметіне берілген анықтамасына сүйене келе, оның ерекшелігі - ол осы қызмет субъектісінің дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған, тұлғалық-іс-әрекеттік келіс бағытының екі жақтылы туралы мәселе көтерілген: педагогтың позициясынан және оқушы позициясынан. Мәселені осылай көтеру көп жылдық зерттеулердің нәтижелерінде
«кездеседі» (И.С. Якиманская, А.К. Маркова, А.Б. Орлов және т.б.), олар тек қана ескерудің маңыздылығын ғана емес оқыту процесінде оқушының жеке-психологиялық сипаттамаларын арнайы ұйымдасты-руды қажет екенін көрсеткен: мотивация, бейімделу, қабілеттілік, коммуникативтік, бір нәрсеге басымдылық беру деңгейі, когнитивтік стиль және т.б.
Өзінің анықтамасы бойынша «оқытудағы келіс» көпмағыналы. Бұл а) қоғамдық сананы қолданушылар ретіндегі оқыту субъектілерінің әлеуметтік ұстанымдары көрініс табатын дүниетанымдық категория; б) мұғалім (оқытушы) және оқушы (студент) педагогикалық өзара әрекеттесудің субъектілерінің өзін және білім беру процесінің барлық компоненттерін қоса отырып, білім беру процесін ғаламдық және жүйелі ұйымдастыру. Келіс категория ретінде «оқыту стратегиясы» ұғымынан кең – ол оны әдістерін, формаларын, оқыту тәсілдерін анықтай отырып өзіне кіргізеді.
Тәсілдің тұлғалық-әрекеттік негіздері психологияда Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің, Б.Г. Ананьевтің жұмыстарында көрініс тапқан, онда тұлға әрекеттің субъекті ретінде қарастырылады, ол өзі әрекетте және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып қалыптасып, осы әрекет пен қарым- қатынастың сипатын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет