ІҮ» еңбегінде ару (арыг, арік, ерік, ары) тұлғасы «таза, жақсы,
кіршіксіз», «әулие» мағынасында кездеседі. Олай болса, арулау
сөзінің түбірі ару//арығ түрінде дыбысталып, түпкі мағынасы
таза, жақсы деген мәнді иеленген екен. Ш.Сарыбаев: «осындағы
арығ сөзінің қазақ тілінде ару болуы ғ дыбысының түсіп
қалуымен байланысты (салыстыр: сары - сарығ, кіші -кішік, тірі
-тірік», - дейді [3, 43]. Ал қазіргі қазақ тілінде ару қыз
қолданысында әдемі, сұлу, ару ана
тіркесінде ардақты, аяулы,
құрметті деген мағынада жұмсалады. Олай болса, сөздің ішкі
формасы бір-бірінен алшақ кетпейді, сөз семантикасындағы
қандай да бір семалық бөліктің тарылып, екіншісінің кеңеюі
арқылы бұл сөз әдемі, сұлу, ардақты мағыналарда жұмсалатын
болған.
Туынды мағына – басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда
болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып
табылады. Сол себепті туынды мағына сөзжасам процесімен
тікелей байланысты. Туынды мағына өзін тудырған сөздің
алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді.
Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы,
булық деген сөздер туындаған.
Достарыңызбен бөлісу: