Негізгі сөздік қор — сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар
бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда
негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі əлдеқайда шағын болады.
Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең
қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ
тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі
тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп
мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел,
жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі
сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері
кіреді. Мысалы,
•
туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда,
құдағи, жеңге;
•
мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;
•
хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;
•
ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;
•
киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;
•
жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық,
пышақ, біз;
•
сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты,
жұмсақ, жылы, суық т. б.
Ежелден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады.
Мысалы, дастарқан, астар, жеке, жəрдем, жанжал, жануар, сыпайы,
қорек, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп,
ғылым, рет, самауыр, бөтелке, бəтіңке т. б.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл
белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік
ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға
болады.
•
1. Негізгі сөздік қорға тəн басты белгі — тұрақтылық. Оған
бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе
жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы
көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған
ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Ү ғасырдан
қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім,
көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң,
алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш,
алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар,
кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың
тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы
керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол
тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның
дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске
ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор — тарихи дамып
отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі
сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды.
Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған,
қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда
келтірілген мысалдарды қараңыз).
•
2 . Негізгі сөздік қорға тəн екінші басты белгі - оның сөз тудыруға
ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам
молайып байымас еді. Əсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды
түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне
жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен əр түрлі сөзжасам
тəсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес,
күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ,
Достарыңызбен бөлісу: |