Лексикология билетт


Сөз мағынасындағы қозғалыс (эволюция)



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
лексикология билетт

20.Сөз мағынасындағы қозғалыс (эволюция)
 
Тіл – «жанды» құбылыс. Сан ғасырдан бері қазақтың ұлттық тілі дəл 
бүгінгідей қалпында болмады. Сөздердің актив (белсенді) қабаттары 
пассив (белсенді емес) қабатқа ауысып, көршілес жатқан халықтардың 
тілінен кірме сөздер тілімізге енді, кейбір сөздердің мағыналары кеңейіп 
жатса, кейбір сөздердің қолданыс аясы тарылып жатады. Бұл жөнінде 
ғалым Р.Сыздықова: «Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан, яғни 
жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен қатар сөз 
мағынасының күңгірттенуі не мүлде ұмтылуы ауысуы, кеңеюі, тарылуы т.т 
құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады» деп көрсетеді [1, 
165]. Тіл өз басынан бірнеше даму кезеңдерін өткізеді жəне осы кезеңдер 
тілдің дамуына өзгерістер əкеледі. Сондықтан тіл –қоғамдық құбылыс деп 
айтсақ болады, яғни қоғамдағы болып жатқан кез келген жаңалық алдымен 
тілде көрініс табады. Осы жаңалықтар жоғарыда көрсеткендей, тілімізге 
жаңа атаулардың пайда болуына себін тигізіп жатса, енді бір жаңалықтар 
тілдегі белсенді сөздердің тілдік қолданыстан шағып қалуына əсерін 
тигізеді, ендігі бір кезеңде пассив қатардағы сөздер тілімізге қайта оралып 
жатады. Осы тілімізге қайта оралған байырғы сөздерді аэлогизмдер деп 
атаймыз. Қазіргі таң – қазақ тілінің қарқынды дамып, төл сөздеріміздің 
тілімізге оралып жатқан кезеңі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мəртебесі 
берілуіне байланысты ол кешегі кеңестік кезеңде атқармаған бірқатар 
қызметтерді атқарып, оған осыған дейін жүктелмеген жаңа міндеттер 
жүктеле бастады. Қазақ тілі мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу секілді 
қызметтерге біртіндеп араласа бастады. Қазақ тілінде шығатын мерзімді 
басылымдардың, газет-журналдардың саны едəуір артты. Ғылыми, сөздік-
анықтамалық, публицистикалық, оқу-əдістемелік жəне көркем əдебиеттер 
саны артты. Қоғам өмірінің барлық саласындағы қазақ тілінің қолданыс 
аясы біршама кеңейді, осыған орай лексикалық қорында да көптеген 
өзгерістер болды. 
Бірқатар сөздер қазақ салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпы, өмір сүру дағдыларына 
байланысты ұғымдарды атауға қолданылған, бүгінгі күні ол сөздердің дені 
жаңа ұғымдарды білдіруде жұмсалады. Мыслы тұғыр сөзінің түпкі 
мағынасы – қырандарды аңға салғаннан басқа уақыттарды қондырып қою 
үшін қолданылатын жабдық атауы (4, 44) болса, қазіргі баспасөз бетінде 
трамплин сөзінің баламасы ретінде қолданылады: Қос тұғыр «Сұңқар» 
саябағына айналды («Алаш айнасы» 26 тамыз, 2011жыл.
№151). Ұстын сөзінің түпкі мағынасы – үй құрылысының үстіңгі жағын 


көтеріп ұстап тұру үшін қойылатын тіреу (4; 46) болса, қазірде 
абстрактіленіп рухани ұстын, имандылықтың ұстыны секілді тіркестерде 
көрініс тапты. Сондай-ақ ислам дінінің əсерімен тілімізге енген уəжіп 
сөзінің бастапқы мағынасы – бұлжытпай орындалатын заң, қағида, 
міндетті шарт (1; 850) болса, бүгінде «режим» сөзінің баламасы ретінде 
қолдану туралы ұсыныстар жасалуда: Енді осы «уəжіпті» ресми 
құжаттарда жиі ұшырасатын «режим» терминінің орнына қолдансақ қалай 
болар еді деген ой келіп отыр (Кеңес Юсуп. «Ана тілі», 17-23 маусым 2010 
жыл. №24). Сол секілді борыш, міндет, парыз, мақсат (1;850) мағынасында 
жұмсалып, кейін пассив қабатқа ауысқан уəзипа сөзі «функция» 
терминінің баламасы ретінде қолдануға болады (Кеңес Юсуп. «Ана тілі», 
17-23 маусым 2010 жыл. №24). Тілімізде мағынасы жағынан күңгірттеніп, 
тілдік қолданыстан шығып қалған сөздердің қайта оралуы заң саласында 
да кездесетін құүбылыс. Заң, құқық терминдері де лексикалақ қордың 
басқа стильдік топтарының құрамындағы атаулар сияқты жаңа сөздермен 
толығып не болмаса терминдік мəннен ажырап, қолданыстан шығып, 
қалып отырады, яғни, бұл саладағы терминдер құрамында да сөздердің 
архаизмденуі жəне неологизмдердің пайда болуы – үйреншікті құбылыс. 
Мұндай өзгерістерге əртүрлі тарихи-əлеуметтік оқиғалар, бұл оқиғаға 
берілген əрқилы баға мен қоғамдық пікірлер түрткі болады. Бір кезде 
адамдар арасындағы қатанасты жүйелі түрде жүргізуші, əділет нормасын 
сақтап қорғаушы, қылмыстыға жазалау үкімін шығаратындар билер 
болғанын айтқанбыз, ол кезде "би "сөзі архаизмденіп, оның қызметін 
атқарып отырған сөз ( сот) құрамына енді. Бұрын əділеттілік нормасын 
бұзған адамдарды "күнəкəр" деп тауып, оны ислам дінінің ережелеріне 
сəйкес жазлайтын. Оның істеген ісін "күнə" дейтін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет