Лексикология билетт



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
лексикология билетт

19. Фразеологиялық сөйлемше 
Фразологиялық сөйлемше-мағынасы ерікті сөздердің 
тіркестерінің құралады. Бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты 
болып келеді. Мысалы: айдағаны екі кшкі, ысқырығыжер 
жарады, көрпеңе қарап көсіл, аузы күйген үріп ішер т.б Бұлар 
құрылымы жағынан сөйлемдер сияқты болғанымен, сөйлеу 
кезінде конструкцияланбайды, қалыптасқан, орныққан күйінде, 
даяр қалпында жұмсалу қасиеті жағынан сөйлемдерден 
ажыратылып, фразеологиялық оралымдардың айрықша бір түрі 
ретінде танылады[3 
20.Жеке қолданыстағы метафора . Мысал келтІр 


Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір 
суреткердің шығармасында ғана өмір сүреді. Олардың мағынасы 


контексте ғана ашылады жəне жалпыхалықтық сипат алмай
авторлық метафора деңгейінде қалады. 
21. 
Уақыт өлшемін білдіретін халықтық атауларға мысал келтіріңіз 
Қазақта уақыт мезгілдерін анықтайтын, жіктеп айыратын халық теңеулері 
мен өлшемдері өте бай. Ғалым Н.Уалиев өз еңбегінде мынадай атауларды 
келтіреді: таң, таң атқанда, таң құланиектенгенде, таң бозарып атқанда, 
таң сімірі, ереуіл таң, көгала таң, рауан таң, сабах, құлқын сəрі, сəскемəл, 
сəске, ерте сəске, ұлы сəске, қан сəске, сиыр түс, қозы түс, түс əлеті, 
түсімəлі, талма түс, талмау түс, анық түс, тал түс, шалқар түс, түс қия, 
бесін
, айна бесін, қожа бесін, екінді, 
іңір
, іңір қараңғысы, намазшам, ақсам 
батпай, құптан мезгіл, түннің бір ұйқысында, түннің екі ұйқысында, түн 
жарым, түн ортасы, түн ортасы ауған кез, таң қараңғысы. 
22. 
Табу сөздер, эвфемизмдер. Өзара тығыз байланысы 
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған 
сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Өткен замандарда адамдар 
арасында өмірді жете танып білмеу салдарынан, зат пен оның атауының 
арасында табиғи байланыс бар деп қате түсінушілік болған. Адамзат өзі 
тудырған кейбір сөздерді күнделікті тұрмыста өз атымен атамай, басқаша 
атауға мəжбүр болған. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі 
халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл əдет əсіресе түркі 
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының өмірінде де кең тараған. 
Осындай тарихи оқиғаның нақты бір айғағы ретінде «Аталардың аты» деп 
аталатын мынадай бір аңыз əңгімені келтіруге болады. 
Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір 
сүріпті. Бұлардың отырған ауылы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір 
күнінде ағайынды ақсақалдар үйде əңгіме дүкен құрып отырады. Бір кезде 
иттері жабыла үріп, шулап қоя береді. Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға 
жақта күйбеңдеп жүрген келінге: 
- Шырағым, иттер неге үріп кетті, байқап келші, - деп жұмсайды. 
Келін жүгіре басып далаға шықса, ауылдың арт жағында үлкен бір аю 
түлкіні қуып барады екен де, иттері соған үріпті. Үйге қайта енбек болған 
келін кенет: «Япыр-ау, мұның бəрі аталардың аты ғой, қалай айтсам екен?» 
- деп қысыла-қысыла ішке енеді. 
- Иə, балам, иттер неге үріпті? – деп сұрайды ақсақалдардың бірі. 
Сасқалақтаған келін: 


Ауыл сыртындағы аршалы бетте Атакем Тəкемді зыттыра қуып бара 
жатыр екен, осы ауылдағы Жəкемдердің бəрі соларға қарап үріп жүр, - 
депті («Қазақстан əйелдері», 1967, N7, 27-бет). 
Қазақтың ескі əдет-ғұрпы бойынша келін боп түскен қыз күйеуінің 
туған-туыстарын өз атымен атамайтын болған. Солардың əрқайсысына 
лайықтап (жолына, жасының үлкен-кішісіне қарай) өз тұсынан басқадай ат 
қоюға мəжбүр болған. Мəселен, қызға – қарагөз, бикеш, шырайлым, 
еркежан десе, ұлға – кекілдім, айдарлым, тұлымдым, шырақ, тетелес, 
мырза жігіт, төре жігіт, мырза аға, би аға делінген. Егер аты дөрекілеу 
болса, аттеріс деп те атаған. Сол тəрізді ата-ене, абысын-ажын, қайын аға, 
қайын жұрт, нағашы, жиен-жиеншарларға дейін шетінен ат қойып 
шығатын болған. Келін ат қойғанда кездейсоқ түрде емес, ат қоятын 
адамдардың мінез-құлқын, түр-тұрпатын, жан-жақты тексеріп түрлі 
қасиеттеріне қарай сəйкестендіріп атаған. Мəселен, тете емес қайнысын 
тетелес деп атамаған, тұлым қоймаған қайнысын тұлымдым демеген. 
Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен аттас болып келсе, 
онда келін оларға да басқаша жаңа ат ойлап табатын болған. Мəселен, аты 
Жылқыбай болса мінгіш деп, Қойшыбай болса азбан деп, Бүркітбай болса, 
Үлкен құс деп, Тышқанбай болса қап тесер деп, Қарабай болса баран деп, 
Ақберген болса шаңқан деп атайтын болған. Ауылды жерде əлі күнге дейін 
ескі салт-сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан адамдардың 
арасынан там-тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір кездесе қалса 
ескі ырым, діни ұғым бойынша емес, халықтық этикалық қалыптасқан 
көне əдет-ғұрпы түрінде жұмсалады. Ұят сақтап, сыпайыгершілік білдіру, 
иба тұту рəсімі ретінде қолданылады. Демек, табудың бұл түрінің мəн-
мағынасы түбірімен өзгеріп, көнеріп, біржола күнделікті қолданыстан 
шыққан деуге болады. 
Қазақ тіліндегі табудың бір түрлері табиғаттың дүлей күшімен, 
адамды опат қылатын ауру аттарымен, қаскүнем жыртқыш аң-
жəндіктермен тікелей байланысты шыққан. Мəселен, революцияға дейінгі 
қазақ ауылында жай түсті десек, «адамға қырсығы тиюі мүмкін» деген 
наным бойынша, оны жасыл деп атайтын болған. Шешек ауруының атын 
атасақ, «жұғады», «жабысады» деген сенімге байланысты оның атын тура 
атамай, əулие, қорасан, мейман, қонақ деп өзгеше атаған. Қасқырды 
қасқыр деп атасақ естіп қойып, «малымызға шабады» деп қорқып, оны 
итқұс, қарақұлақ, серек құлақ, ұлыма деп атайтын еді. Жыланды жылан 
десек, «келіп шағады» деп үрейленіп, оны түйме, ала жіп, ұзын құрт деп 
айтқызған. Ұры алған, жоғалған малды ұрланды десек, «мүлдем табылмай 
кетуі мүмкін» деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал суалып 
бітті дегеннің орнына мал байыды, күн батты дегеннің орнына күн 
байыды, жиналған адамдар кетейік, қайтайық дегеннің орнына көбейейік 


деп айтуды əдетке айналдырған еді. Соның нəтижесінде осы ұғымдарға 
қатысты бірнеше синонимдер пайда болған. Бұлар белгілі контексте əр 
түрлі стильдік мəн тудырады. 
Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау 
тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, 
көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен 
алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына 
сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер 
айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталынады. 
Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, 
сыпайыгершілік пен əдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі 
қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгін таңдағы өскелең халқымыздың 
қалыптасқан этикалық жəне эстетикалық нормаларының күнделікті нақ 
көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен 
шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан. 
Қазақ тілінде эвфемизм тəсілімен сөз алмастырудың мынадай 
жолдары бар: 1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше 
аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дəстүрі бар. Мəселен, 
түберкулез немесе құртауруы дегеннің орнына өкпе ауруы, рак немесе 
қылтамақ деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе соз деудің орнына 
жіңішке ауру, сифилис деудің орнына самал немесе мұрнына жел түскен 
деп, мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып 
қолданады. 
2. Адамның дене мүшелеріндегі кем-кетік атаулары болса басқа 
сөздермен алмастырылады. Мəселен, ауру, жарымжан, мүгедек адамды 
дімкəс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, 
сараң естиді, құлағы тосаң деген сөздермен, аяғы ақсақ дегенді аяғының 
ақауы бар деп алмастырып айта беруге болады. 
3. Мағынасы айтушы мен тыңдаушыға бірдей соншама жағымсыз 
дөрекі сөздер алмастырылады. Мəселен, нəжіс, қи, несеп, үлкен дəрет, кіші 
дəрет, дəрет сындыру, ұлы жарақ дегендердің бəрі де белгілі контексте 
сыпайылық тудырады. 
4. Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмастырылады. 
Мəселен, тұрмыс құру, тұрмысқа шығу, баласын құтты орнына қондыру, 
баласын аяқтандыру, қолына құс қондыру, үйлі-баранды болу, семяья құру, 
отау тігу, бөпелі болу, аяғы ауыр тəрізді сөздер үйленуге байланысты 
айтылады. 


5. Қоғам өміріндегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қарым-
қатынастарына қатысты сөздер басқа сөздермен алмастырылады. Мəселен, 
аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, 
сөзге келу, бет жыртысу, жасы ұлғаю, қалтасы тесік, көзіне шөп салды, 
жаяу пошта, ұзын құлақ, аузының желі бар, ішінде бүкпесі бар, сымсыз 
телефон дегендер сыпайылық мəнде айтылады. 
Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір 
тəсілі. Сондықтан алдағы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып 
қалыптасатындығына ешбір шəк келтіруге болмайды. Бұлар тілдегі 
синонимдерді молайтуға белгілі дəрежеде үлес қосып отырады. 
23.Фразеологизмдерге ұйытқы болып жұмсалатын космонимдерге 
мысал келтіріңіз 
24.
Сөздердің стильдік мағынасы 
25.
Жаргондар мен варваризмдер 
Жаргон (
ағылш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет