Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні



бет5/9
Дата07.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#181999
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пәндер циклі мен кәсіптік іс-тәжірибе бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғарылатылған деңгей).



Циклдің белгісі

Пәндер, іс-тәжірибелердің атауы мен негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, Іскерліктер пен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттіліктер коды

ЖБП.00

Жалпы білім беретін пәндер




ЖГП 00


Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01



Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.



Білімдер:

-кәсіптік қарым-қатынас мөлшерінде қажетті қазақ (орыс) тілдерін білу.



Іскерліктер:

- салада қолданатын терминологияны қолданып құжаттарды оқи, сөйлесе алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ 6


БҚ 7

ЖБП 02



Кәсіптік шетел тілі.

Дыбыстарды дұрыс айту бойынша жұмы жүргізу; таныстыратын және оқып білетін оқу; лексикалық материал; сөзжасам; Аффисті сөзжасам; конверсия –сөзжасам тәсілі ретінде; грамматикалық материал; жай сөйлемнің құрылысы; сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы; сөйлеу; тыңдап түсіну; аудиториядан тыс өз бетімен оқу.



Білімдер:

- шетел тілін, кәсіптік және әлеуметтік бағыттағы мәтіндерді, сөздікпен оқу үшін қажетті, лексикалық (1200- 1400 бірлік) және грамматикалық деңгейде игеру.



Іскерліктер:

-тұрмыстық және кәсіптік деңгейде сөйлесе алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 4

БҚ 6


БҚ 7

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Геодезия және маркшейдер ісінің негіздері.

Масштабтар; план және карта; карталардың номенклатурасы; желіні қадау және өлшеу;

Теодолиттік суретке түсіру; ниверлеу; тахеометрикалық суретке түсіру; мензуалды суретке түсіру; аудандарды анықтау; көз мөлшермен суретке түсіру; аэрофототүсіру және фотограм-метрия; маркшейдер ісінің негіздері.


Білімдер:

- карталар, пландар, масштабтарды,

- өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды,

әр түрлі суретке түсіру міндеттерінің мәнін білу.



Іскерліктер:

-теодолитті, ниверлі суретке түсіре алу керек.



БҚ 2

БҚ 8


КҚ 2.1.2

КҚ 2.1.4




ЖКП 02

Топографиялық сызу.

Негізгі шартты белгілерді қолдану және орындау; әр түрлі сипатты шартты белгілерді игеру; геологиялық сипатты шартты белгілер және оларды игеру; баспа тұпнұсқалы пландар мен карталарды сызудың қазіргі заманғы әдістері.



Білімдер:

- геологиялық карталар үшін әр түрлі мазмұнды шартты белгілерді сызуға қойылатын талаптарды білу.



Іскерліктер:

- әр түрлі міндетті геологиялық карталарды рәсімдеу.



БҚ 5

КҚ 2.2.8



ЖКП 03

Жалпы геология.

Әлем мен Күн жүйесіндегі Жер; Жердің геодезиялық сипаттамасы; Жердің физикалық қасиеттері оның сыртқы қабаттары, Жер мен жер қыртысының құрылымы, жер қыртысының құрамы; жер қыртысының геологиялық үрдістері мен эволюциясы.





Білімдер:

- геохронологиялық және стратиграфиялық шәкілдерді, Жер қыртысы дамуының негізгі ерекшелікткрін,

геологиялық зерттеулердің негізгі түрлері мен әдістерін білу.

Іскерліктер:

- геологиялық карталарда жыныстар жатысының жасын, генезисін және жағдайларын анықтай алу;

- диагностикалық белгілері бойынша ең көп таралған жыныстарды тудыратын минералдар мен тау жыныстарын анықтай алу,

- геологиялық және тектоникалық карталарда қатпарлы және платформалы аймақтарын анықтай алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.2.8

КҚ 2.4.6


КҚ 2.5.4


ЖКП 04

Кристалтану, минералогия и петрография.

Кристалдық заттардың қасиеттері және оның құрылысының негіздері;

минералдар: олардың құрамы, қасиеттері, пайда болуы және зерттеудің негізгі әдістері; минералдардың топтастырылуы; парагенетикалық байланыстар. Петрография: тау жыныстарын зерттеудің негізгі әдістері; магматикалық жыныстар және олардың топтастырылуы; метаморфикалық жыныстар; шөгінді жыныстардың негізгі типтерінің сипаттамасы, олардың қасиеттері, текстура мен құрылымдарының ерекшеліктері;

негізгі жыныстар түрлерінің топтастырылуы мен сипаттамасы.



Білімдер:

-минералдардың әр түрлілігін, физикалық қасиеттерін, морфологиясын, минералдардың пайда болу үрдістерін, минералдар топтарын, тау жыныстарының пайда болу жағдайларын білу.



Іскерліктер:

-минералдарды, табиғи жағдайлардағы және үлгілердегі тау жыныстарды анықтау.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.4.6

ЖКП 05

Қазақстан геологиясы мен палеонтология негіздеріндегі тарихи геология.

Палеонтология негіздері; палеонтология негіздері және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жүйелеу негіздері; қазбалар қалдықтарының құжаты; тарихи-геологиялық қайта құру әдістері; стратиграфия және геохронология, фациональды талдау негіздері; тектоникалық қозғалыстардың негізгі әдістерін оқып білу; геотектоникалық талдау туралы түсінік. Докембриядағы Жердің даму тарихы, палеозойлық, мезозойлық және кайнозондық; Қазақстан геологиясы.



Білімдер:

- ең көп таралған қазбалар тобын, флора мне фаунасын, оларды жетекшілік ететін формалары мне диагностикалық себебтерін, жердің даму тарихын, шеқарасын, бедерін, Қазақстанның негізгі құрылымдарын, тектоникасын білу.



Іскерліктер:

- жыныстардың жасын анықтай алу және қазба қалдықтарын құжаттай алу керек.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.2.8


ЖКП 06

Құрылымдық геология және геологиялық картаға түсіру.

Құрылымдық түрлерінің топтастырылуы; жыныстар қатпарларының бұзылуы;тау жыныстарының жарылған бұзылыстары; интрузивті, эффузивті және метаморфиялық жыныстардың жатыс формалары; жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері; карта бойынша ауданның геологиялық құрылымының жалпы талдауы; картаға түсірудің геологиялық түрлері; геологиялық құрылымын құрайтын, жыныстар мен құрылымдардың әр түрлі ландшафты-геологиялық жағдайлары және генетикалық ерекшеліктері бар аудандар мен картографиялау ғарыштық әдістерінің негізгі құрылымдарын суретке түсіру әдістері; геологиялық суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.



Білімдер:

- негізгі құрылымдық формаларды, олардың пайда болуын, оқып білу әдістерін, сипаттамаларын, жіктелуін білу.



Іскерліктер:

- геологиялық карталарды оқып түсіне алу, картада жыныстар жатысының әр түрлі формаларын бейнелеу, геологиялық тарихтың дамуын геологиялық карта бойынша белгілей алу, магматикалық қызмет формаларын және т.б. білу.





БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.5.6

ЖКП 07

Бұрғылау және тау-кен ісінің негіздері

Тау жыныстарының физико-механикалық ерекшеліктері және олардың ұңғыма құрылымына әсері; бұрғылаудың негізгі технологиялық үрдістері; аралас бұрғылаудың қосымша жұмыстары. Бұрғылаудың негізгі түрлерін: колонковалық бұрғылау; соққы-арқанды бұрғылау; тау-кен ісі; бұрғылау- жару жұмыстарын пайдалана барланған жер асты тау қазбаларын жүргізу; желдету, сутөкпе және жарықтандыру; жыныстарды тиеу және тасымалдау; қазбаларды бекіту. Пайдалы қазбалар кенорындардың негізгі ашылымдары, жарылыс жұмыстары.



Білімдер:

- ұңғыма және тау қазбалар үңгілеуінің жіктелуін;

Бұрғылау мен үңгілеуде әр түрлі әдістерді қолдану жағдайларын,

жұмыстарды жүргізу технологиясын, құралдарын білу;

- нақтылы жағдайларда тау бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен бұрғылау тәсілдерін таңдай алу керек.


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.14

КҚ 2.1.16

КҚ 2.2.8


КҚ 2.2.1

КҚ 2.4.91.4.10




ЖКП 08

Еңбекті қорғау.

Еңбек заңнамасы туралы жалпы мәлімет. Геологиялық барлау кәсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша жұмыс пен тұрақты бақылауды ұйымдастыру. Еңбек жағдайларын талдау, травматизм мен кәсіптік аурулардың себебтері. Өнеркәсіптік санитария. Өрт қауіпсіздігінің негіздері мен өртті сөндірудің техникалық құралдары. Өнеркәсіптік экология.



Білімдер:

Заңнамалық актілер, еңбек туралы актілер,

қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтік-техникалық құжаттар, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі,өндірістік орындар мен жұмыс орындарына қойылатын жалпы талаптар, қауіпті зиянды өндірістік факторлар әсерінен қорғану тәсілдері мен геологиялық барлау саласында еңбекті қорғау мәселелері, өртке қарсы қорғаныстың негізгі іс-шаралары және өрт сөндіру құралдары, өндірістік санитария және экология.

Іскерліктер:

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, қорғаныстың техникалық құралдарының дұрыстығын тексеру, бақытсыз жағдайлардың тергеуі мен есебін жүргізу, далалық жұмыстарда еңбекті қорғау жағдайларын талдау, өндірістік санитарияны бақылау және қорғау құрылдарын пайдалану, ГБЖ жүзеге асыту және еңбекті қорғау және ҚТ бойынша бақылауды жүзеге асыру.



БҚ 1

БҚ 2


КҚ 2.1.2

КҚ 2.2.2


КҚ 2.3.1

КҚ 2.4.1


КҚ 2.5.1


АП 00

Арнайы пәндер

АП. 01

ПҚК іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістерінің жалпы курсы

Геологиялық барлау жұмыстарының жалпы цикліндегі геофизикалық әдістердің ролі мен орны; барлау геофизикасының әдістерінің жіктелуі; геофизикалық әдістерді қолдану салалары; магнитті барлаудың, гравибарлаудың, электрбарлаудың, сейсмобарлаудың, радиоактивті әдістердің физикалық-геологиялық негіздері; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулердің негіздері; геофизикалық әдістерде қолданылатын аппаратура мен жабдықтар; далалық геофизикалық әдістерді жүргізудің әдістемесі мен техникасы; далалық материалдарды өңдеу және түсіндіру; геологиялық міндеттерді шешу кезінде геофизикалық әдістерді кешенді пайдалану.




Білімдер:

Магнитті барлауды, гравибарлауды, электрбарлауды, сейсмобарлауды, радиометриялық және ядролық-физикалық әдістерді қолданудың физикалық негіздері мен геологиялық-геофизикалық алғышарттарын; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулердің мәнін;



Іскерліктер:

Қалыпты және аномальді геофизикалық өрістердің карталарымен жұмыс жасау;

түзетулердің есептеу және өлшенген шамалардың параметрлерін анықтау;

далалық құжаттарды рәсімдеу және өңдеу;





БҚ 5

КҚ 2.1.10

КҚ 2.2.5,

КҚ 2.3.6

КҚ 2. 3.4

КҚ 2.4.6


КҚ 2.5.2,


АП. 03

Аппаратура және жабдықтар

Гравибарлау аппаратурасы мен жабдықтары – ауырлық күшінің үдеуін өлшеудің әдістері; жерүсті кварцты оптикалық-механикалық гравиметрлердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі: жерүсті кварц гравиметрлерімен өлшеудің техникасы; магнитті барлау аппаратурасы мен жабдықтары, тау жыныстарының магнитті өрісі мен магнитті қасиеттерін өлшеудің әдістері; оптикалық-механикалық магнитометрлер; протонды және квантты магнитометрлер; жерүсті магнитометрлерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері; техникалық қызмет көрсету, жұмысқа дайындау және өлшеу техникасы; электрбарлау аппаратурасы мен жабдықтары – электр және электрмагнитті өрістерді қоздыру және тіркеу туралы негізгі мәліметтер; электрбарлау аппаратурасының негізгі тораптары мен блоктары; кедергі, электрохимиялық поляризация, айнымалы электрмагнитті өрістер әдістерінің аппаратурасы; техникалық қызмет көрсету және электрбарлау аппаратурасын жөндеу; сейсмобарлау аппаратурасы мен жабдықтар – геологиялық ортада серпімді толқындарды қоздыру және қабылдау әдістері туралы негізгі мәліметтер; сейсмостанцияның негізгі тораптары мен блоктары; сейсмобарлау аппаратурасы мен жабдықтарға техникалық қызсет көрсету және жөндеу; радиометриялық және ядролық-физикалық зерттеулерге арналған жабдықтар және радиоактивті сәулеленулерді өлшеу әдістері туралы негізгі мәліметтер; далалық жаяу жүрісті гамма-түсірудің, эманациялық түсірудің және зертханалық зерттеулердің аппаратурасы; радиометрлердің, спектрметрлердің, эманометрлердің негізгі тораптары мен блоктары; радиометрлік аппаратураға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге арналған аппаратура мен жабдықтар – ұңғымалық дабылдарды тіркеу әдістері туралы негізгі мәліметтер; кешенді автоматты каротажды станциялар; көтерме-түсірме құрылғылары мен жабдықтар; каротажды станциялардың өлшеулерді жүргізу техникасы, жөндеу және қызмет көрсету.



Білімдер:

Оқытылатын маманданудың әдістері бойынша бақылау-өлшеу геофизикалық аппаратурасының құрылысын, тексеруді, баптауды және пайдалану ережелерін; геофизикалық әдістердің аппаратурасы мен жабдықтары туралы негізгі мәліметтерді;



Іскерліктер:

Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде бақылаулар мен өлшеулерді жүргізу;





БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 2.1.1


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.10

КҚ 2.1.15

КҚ 2.2.1


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.6


КҚ 2.2.12

КҚ 2.3.4


КҚ 2.3.5

КҚ 2.3.6


КҚ 2.3.10

КҚ 2.4.8


КҚ 2.4.12

КҚ 2.5.2



АП. 02

Әдістердің теориялық негіздері

Гравибарлаудың физикалық-геологиялық негіздерінің негізгі қағидалары – тарту күші, гравитациялық потенциал және оның туындылары, қалыпты гравитациялық өріс және ауырлық күшінің аномалиялары, өрістерді өлшеудің әдістері; магниттібарлаудың – жердің магнитті өрісі және оның ерекшеліктері, геомагнитті өрістің элементтері, магниттібарлаудың тура және кері міндеттерін шешу, магнитті өрісті өлшеудің әдістері; электробарлаудың – электромагнитті өрістің үлгілері, геоэлектрлі қима туралы түсінік, тұрақты, айнымалы және стационарлы емес электромагнитті өрістердің әдістері; электробарлаудың тура және кері міндеттірн шешу; сейсмобарлаудың – серпімді толқындардың ториясы, гармониялық тербелістер, серпімді ортада толқындардың таралу ерекшеліктері, сейсмобарлаудың; радиометрияның ядролық геофизиканың әдістері – радиоактивті өзгерістердің егізгі заңдары,

Радиоактивті сәулеленулердің затпен әрекеттесуі; радиоактивті сәулеленулердің көздері мен детекторлары, радиометрияның әдістері; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер – электрлі каротаждың, радиоактивті каротаждың және каротаждың басқа түрлерінің физикалық негіздері, ұңғымаларды каротаждау кезінде өлшеу.


Білімдер:

Магниттібарлауды, гравибарлауды, электробарлауды, сейсмобарлауды, радиометрлік және ядролық-физикалық әдістерді қолданудың физикалық негіздерін және геологиялық-геофизикалық алғышарттарын; тұрақты, айнымалы және стационарлық емес электромагнитті өрістердің әдістерін; электробарлаудың тура және кері міндеттерін шешуді; ұңғымаларды геофизикалық зерттеуді – электрлі каротаждың, радиоактивті каротаждың және каротаждың басқа түрлерінің физикалық негіздерін, ұңғымаларды каротаждау кезіндегі өлшеу әдістерін.



Іскерліктер:

Электрлі тәжірибеде электрлі және магнитті құбылыстарды пайдалану; олардың құрылысы мен әрекет ету принциптерін геофизикалық аспаптарда және аппаратураларда қолдану;




БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ 2.1.4

КҚ 2.2.4


КҚ 2.3.2

КҚ 2.5.2


АП. 04

Далалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасы

Суретке түсіру туралы түсінік, далалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасы; далалық геофизикалық әдістердің әдістемесі мен техникасының жалпы қағидалары; түсірулердің негізгі техникалық сипаттамалары; түсірулердің технологиясы және оларды жүргізуді негіздеу, жүргізу жағдайлары, геологиялық міндеті, масштабы, дәлдігі бойынша түсірулердің жіктелуі; түрлі тәсілдермен және әдістермен далалық геофизикалық зерттеулердің жүргізудің әдістемесі мен техникасы; түсірулерді метрологиялық қамсыздандыру.



Білімдер:

Геофизикалық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін; геофизикалық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізудің әдістемесі мен техникасын; далалық зерттеулердің нәтижелерін геологиялық түсіндірудің негізгі тәсілдерін;



Іскерліктер:

Геофизикалық зерттеулердің түрлі әдістерімен өлшеулерді жүргізуге арналған құрастыру схемалары мен қондырғыларын құру;





БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ 2.1.7

КҚ 2.1.8


КҚ 2.1.16

КҚ 2.2.5


КҚ 2.2.10

КҚ 2.2.11

КҚ 2.3.4

КҚ 2.3.6


КҚ 2.4.6

КҚ 2.4.7


КҚ 2.5.6

КҚ 2.5.7


КҚ 2.5.8

КҚ 2.5.9


АП. 05

Геофизикалық материалдарды ЭЕМ өңдеу және түсіндіру

Түрлі геофизикалық әдістермен жұмыстарды жүргізу кезінде журналдарды рәсімдеуге және жүргізуге қойылатын жалпы талаптар. Камералды геофизикалық жұмыстардың негізгі кезеңдері мен мазмұны; далалық геофизикалық партиялар мен экспедицияларда геофизикалық ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру; геофизикалық ақпаратты өңдеу тәжірибесінде ЭЕМ қолдану жағдайы мен келешегі; нәтижелерді өңдеу технологияларының негіздері және геофизикалық аномалияларды түсіндіру, геофизикалық аномалияларды геологиялық түсіндіру; геофизикалық мәліметтерді компьютерлерде өңдеудің принциптері, геологиялық міндеттерді алгоритмдеудің негіздері; бағдарламалаудың тілдері және бағдарламаларды қолдану, бағдарламалаудың осы заманғы технологиясының негіздері, компьютерлерді бағдарламалық қамсыздандыру жүйелері, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері, мәліметтерді өңдеудің атвоматтандырылған жүйелері.



Білімдер:

Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде және геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу кезінде есептеу техникасын және ЭЕМ пайдалану негіздерін; қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін, мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін.



Іскерліктер:

Геофизикалық зерттеулердің мәліметтерін өңдеу үшін автоматтандырылған жүйелерді, қолданбалы бағдарламаларды қолдану.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

КҚ 2.2.5


КҚ 2.3.6

КҚ 2.5.3


КҚ 2.5.7

КҚ 2.5.10

КҚ 2.5.11


БҰАП

Білім беру ұйымдарымен анықталатын пәндер

ӨО ж КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

КП 01

Оқу практикасы

КП 01.1

Жалпы геологиялық практика

Геологиялық құрылыс пен іс-тәжірибе ауданының тірек қималарын оқып білу; тау жыныстардың, минералдардың фауна мен флоралардың эталоды жиынтықтырын оқып білу; маршрутты суретке түсіру өндірісіне арналған аспаптар, құралдар мен жабдықтар; дала зерттеулері; дала материалдарын бақылаудың ағымдағы камеральды өңдеу; камеральды кезең.



Білімдер:

-төрттік және тасты жыныстардың негізгі қасиеттерін, олардың құжаттар ережелерін білу.



Іскерліктер:

- жергілікті жерде карта бойынша бағдарлай білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.8


КҚ 2.4.6

КП 01.2

Геодезиялық.

Теодолиттік жұмыстар, ниверлі жұмыстар, тахеометриялық суретке түсіру, есептерді рәсімдеу.



Іскерліктер:

- өлшеу жұмыстарын жүргізе алу, барлық жұмыстардың түрлері бойынша дала журналын өңдей және толтыра алу керек.



Дағдылар:

- геодезиялық кескіндерді бөлу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


КҚ 2.2.5

КҚ 2.3.6


КҚ 2.4.6

КП 01.3

Геофизикалық аппаратураны оқып білу бойынша

Далалық жұмыстарды жүргізуге аппаратураны және жабдықтарды дайындау; жергілікті жерде бақылау желілерін шоғырландыру және бақылау нүктелерін картада байланыстыру; геофизикалық жұмыстардың әр түрлерін орындау; далалық бақылауларды камералды өңдеуді жүргізу; тәжірибе бойынша есепті құру және сызу-рәсімдеу жұмыстарын орындау; жұмыс мамандығын алуға біліктілік сынақтарының қоятын талаптары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет