ГП ОО
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ГП 01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі.
Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.
|
Білімдер:
-кәсіптік қарым-қатынас мөлшерінде қажетті қазақ (орыс) тілдерін білу.
Іскерліктер:
- салада қолданатын терминологияны қолданып құжаттарды оқи, сөйлесе алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.6.7
|
ГП 02
|
Кәсіби шетел тілі.
Дыбыстарды дұрыс айту бойынша жұмыс жүргізу; таныстыратын және оқып білетін оқу; лексикалық материал; сөзжасам; Аффисті сөзжасам; конверсия –сөзжасам тәсілі ретінде; грамматикалық материал; жай сөйлемнің құрылысы; сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы; сөйлеу; тыңдап түсіну; аудиториядан тыс өз бетімен оқу.
|
Білімдер:
- шетел тілін, кәсіптік және әлеуметтік бағыттағы мәтіндерді, сөздікпен оқу үшін қажетті, лексикалық (1200- 1400 бірлік) және грамматикалық деңгейде игеру.
Іскерліктер:
-тұрмыстық және кәсіптік деңгейде сөйлесе алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.6.7
|
ГП 03
|
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесінің маманды дайындаудағы рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психо-физиологиялық негіздері; спорттық өзін-өзі жетілдірудің негіздері, кәсіби-қолданбалы физикалық дайындық.
|
Білімдер:
-салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу.
Іскерліктер:
-спортпен шұғылдану, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
|
ӘЭП 00
|
Әлеуметтік экономикалық пәндер
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану.
Дүниежүзілік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениетінің тарихы. Дінтану негіздері. Мәдениет түсінігі; мәдениет пен өркениет;
қазіргі кездегі мәдениет. Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар мәдениеті. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениеттер мәдениеті. Тайпалық одақтар мен ІХ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Ресей империясының құрамындағы отарлық жағдайдағы (ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы және ХХ ғасырдың басындағы) Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан революция мен Кеңес өкіметінің орнау жылдарында. 20-30 жылдардағы мәдени құрылыс. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғылым, халыққа білім беру, әдебиет пен өнер. 40-жылдардың ортасы мен 80 жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мәдениеті мен ғылымы.
|
Білімдер:
-негізгі түсініктерді;
- түсініктер: конфуцианство; даосизм; Қытай өнерін;
- үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін.
- түсініктер: Ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Аллах, Мекке;
- христиан дінінің негізгі принциптерін және оның құндылықты бағытын;
-Франция мәдениетін: Ашель мәдениетін, проманьондықтарды, галдарды, франктарды, әдебиетті, философияны;
- көшпенділердің өмір сүру дағдысын және құндылықтар жүйесін;
-орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени негізі туралы білімді қалыптастыруды;
- түрік-араб мәдениетінің орта ғасыр Қазақстан мәдениетіне тиген әсерін білу.
Іскерліктер:
- Қытай мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу;
- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдана алу;
- байқау;
- көшпнеділер мәдениетінің материалды және рухани өзгешелігін көрсете алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері.
Философияның қоғамдағы рөлі. Философияның тарихи түрлері. Материя. Диалектика және оның негізгі заңдары. Табиғат - философияны ұғыну пәні ретінде. Қоғамды философиялық тұрғыда түсіну: қоғамның үлгілері; материалдық өндіріс пен оның рөлі; қоғамдық өмірдің салалары мен функционалдық байланыстары. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде. Адам болмысы философия мәселесі ретінде; Тұлға. Бостандық пен жауапкершілік. Сана – қызмет пен бейне ретінде. Таным мен шығармашылық. Философияның адамгершілік мәселелері.
|
Білімдер:
- әлемнің философиялық, ғылыми және діни көріністері туралы түсінік болу, адам өмірінің мәнін;
-ғылым және ғылыми танымдар ролі туралы түсінікті, оның құрылысын, әлеуметті және этикалық мәселелердің түрлері мен әдістерін білу.
Іскерліктер.
− биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларындағы адам іс-әрекетін, оның сана мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтай алуға;
- қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар нормаларын реттей алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
|
ӘЭП 04
|
Саясаттану және әлеуметтану негіздері.
Пәні, негізгі түсініктері мен категориялары. Саяси ойдың тарихы мен қазіргі кездегі саяси мектептер. Саясат. Саяси билік. Демократия билікті жүзеге асыру түрі ретінде. Саяси жүйе. Мемлекет оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде. Саяси партия мен партия жүйесі. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Саясат жүйесіндегі адам. Саяси қызмет: мәні мен мақсаты; саяси қызметтің құралдары мен әдістері; тоталитарлықтан демократиялық қоғамға өтудің өзекті мәселелері. Сыртқы саяси қызмет пен әлемдк саяси үрдіс.
|
Білімдер:
-заңдылықтарды әлеуметті тұрғыда түсіну туралы түсінікті;
-әлеуметтік құрылымдар туралы түсінікті,
әлеуметтік жіктелуді,
әлеуметтік әрекеттестікті;
-тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерін,
реттеу формаларын білу.
Іскерліктер:
- әлеуметті өзгешеліктер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамыту;
- билік мәнің, саясат субъетілерін, саяси қарым –қатынастар мен үрдістерді (Қазақстанда және әлемде) ашып білу;
- саяси жүйелер мен саяси тәртіптер туралы түсінікті қалыптастыру.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
|
ӘЭП 05
|
Құқық негіздері.
Мемлекет пен құқықтың түсінігі мен мәні; құқықтық мемлекет; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқығы; азаматтық құқық негіздері; азаматтық құқықтық қарым-қатынастың субъектілері; меншік құқығы; міндетті құқық; авторлық құқық; еңбек құқығы; еңбек даулары; қылмыстық құқық; отбасы құқығы.
|
Білімдер:
- адам мен азаматтың құқықтары және бостандығын;
оларды жүзеге асыратын механизмдер;
- кәсіптік қызмет аясында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларын білу.
Іскерліктер:
- маманның кәсіптік қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды пайдалана алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 7
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Аналитикалық химия.
Сапалы талдау негіздері: катиондардың аналитикалық топтары (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші); аниондар, тұзды талдау; суда еритіндер; микрохимия негіздері. Сандық талдау негіздері мен оның негзгі әдістері. (гравиметриялық, титрометриялық, нейтралдану, комплексонометрического титрования, окислительно-восстановительного титрования.
Талдаудың физико-химиялық әдістері (колориметрия, фотоколориметриялық, хроматография).
|
Білімдер:
- аналитикалық химияның теориялық негіздерін, физико- химиялық талдауды, зертханалық жұмыстарды жүргізу техникасын;
-экология заңдарының негізгі ұғымдарын білу.
Іскерліктер:
- бағдарламаға сәйкес сынамалардың химиялық зерттеулерді жүргізу;
- минералдар мен тау жыныстарын анықтау үшін химиялық зерттеулерді жүргізу;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ 3.6.2
|
ЖКП. 02
|
Геодезия және маркшейдер ісінің негіздері.
Масштабтар; план және карта; карталардың номенклатурасы; желіні қадау және өлшеу;
Теодолиттік суретке түсіру; ниверлеу; тахеометрикалық суретке түсіру; мензуалды суретке түсіру; аудандарды анықтау; көз мөлшермен суретке түсіру; аэрофототүсіру және фотограм-метрия; маркшейдер ісінің негіздері.
|
Білімдер:
- карталар, пландар, масштабтарды,
- өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды,
әр түрлі суретке түсіру міндеттерінің мәнін білу.
Іскерліктер:
-теодолитті, ниверлі суретке түсіре алу (нәтижелерді өңдеу).
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ3.6.15
|
ЖКП. 03
|
Топографиялық сызу.
Әр түрлі құралдармен сызу, негізгі қаріптерді қолдану және орындау, әр түрлі шартты белгілерді игеру; геологиялық сипатты шартты белгілер және оларды игеру; баспа тұпнұсқалы пландар мен карталарды сызудың қазіргі заманғы әдістері.
|
Білімдер:
- геологиялық карталар үшін әр түрлі мазмұнды шартты белгілерді сызуға қойылатын талаптарды білу.
Іскерліктер:
- әр түрлі міндетті геологиялық карталарды рәсімдеу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.9
|
ЖКП. 04
|
Жалпы геология.
Әлем мен Күн жүйесіндегі Жер; Жердің геодезиялық сипаттамасы; Жердің физикалық қасиеттері оның сыртқы қабаттары, Жер мен жер қыртысының құрылымы, жер қыртысының құрамы; жер қыртысының геологиялық үрдістері мен эволюциясы.
|
Білімдер:
- геохронологиялық және стратиграфиялық шәкілдерді, Жер қыртысы дамуының негізгі ерекшелікткрін,
геологиялық зерттеулердің негізгі түрлері мен әдістерін білу.
Іскерліктер:
- геологиялық карталарда жыныстар жатысының жасын, генезисін және жағдайларын анықтай алу;
- диагностикалық белгілері бойынша ең көп таралған жыныстарды тудыратын минералдар мен тау жыныстарын анықтай алу,
- геологиялық және тектоникалық карталарда қатпарлы және платформалы аймақтарын анықтай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.9
КҚ3.6.10
КҚ3.6.13
КҚ3.6.15
|
ЖКП 05
|
Кристалтану, минералогия и петрография.
Кристалдық заттардың қасиеттері және оның құрылысының негіздері;
минералдар: олардың құрамы, қасиеттері, пайда болуы және зерттеудің негізгі әдістері; минералдардың топтастырылуы; парагенетикалық байланыстар. Петрография: тау жыныстарын зерттеудің негізгі әдістері; магматикалық жыныстар және олардың топтастырылуы; метаморфикалық жыныстар; шөгінді жыныстардың негізгі типтерінің сипаттамасы, олардың қасиеттері, текстура мен құрылымдарының ерекшеліктері;
негізгі жыныстар түрлерінің топтастырылуы мен сипаттамасы.
|
Білімдер:
-минералдардың әр түрлілігін, физикалық қасиеттерін, морфологиясын, минералдардың пайда болу үрдістерін, минералдар топтарын, тау жыныстарының пайда болу жағдайларын білу.
Іскерліктер:
-минералдарды, табиғи жағдайлардағы және үлгілердегі тау жыныстарды анықтау.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.9
КҚ3.6.10
|
ЖКП. 06
|
Қазақстан геологиясы мен палеонтология негіздеріндегі тарихи геология.
Палеонтология негіздері; палеонтология негіздері және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жүйелеу негіздері; организмдердің негізгі типтері мен түрлері: төменгі өсімдіктер (бактериялар, балдырлар); жоғары өсімдіктер және олардың топтастырылуы, қазбалар қалдықтарының құжаты; тарихи-геологиялық қайта құру әдістері; стратиграфия және геохронология, фациональды талдау негіздері; тектоникалық қозғалыстардың негізгі әдістерін оқып білу; геотектоникалық талдау туралы түсінік. Докембриядағы Жердің даму тарихы, палеозойлық, мезозойлық және кайнозондық; Қазақстан геологиясы; Қазақстанның геологиялық зерделенгендігі және аудандануы.
|
Білімдер:
- ең көп таралған қазбалар тобын, флора мне фаунаның диагностикалық белгілерін, геохранология мен стратиграфиясы туралы түсініктерді, олардың белгіленуін білу.
Іскерліктер:
- тау жыныстарының қалдық қазбалы флорасы мен фаунасын, жыныстардың жасын анықтай алу және қазба қалдықтарын құжаттай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.5
КҚ 3.6.9
|
ЖКП. 07
|
Құрылымдық геология және геокарталау.
Құрылымдық түрлерінің топтастырылуы; тау жыныстарының үйлескен және үйлеспеген жатысы;
интрузивті, эффузивті және метаморфиялық жыныстардың жатыс формалары; жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері; карта бойынша ауданның геологиялық құрылымының жалпы талдауы; картаға түсірудің геологиялық түрлері; геологиялық құрылымын құрайтын, жыныстар мен құрылымдардың әр түрлі ландшафты-геологиялық жағдайлары және генетикалық ерекшеліктері бар аудандар мен картографиялау ғарыштық әдістерінің негізгі құрылымдарын суретке түсіру әдістері; геологиялық суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Білімдер:
- негізгі құрылымдық формаларды, олардың пайда болуын, оқып білу әдістерін, сипаттамаларын, жіктелуін білу.
Іскерліктер:
- геологиялық карталарды оқып түсіне алу, картада жыныстар жатысының әр түрлі формаларын бейнелеу, геологиялық тарихтың дамуын геологиялық карта бойынша белгілей алу, магматикалық қызмет формаларын және т.б. білу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.5
КҚ 3.6.9
КҚ3.6.13
КҚ3.6.18
|
ЖКП. 08
|
Гидрогеология және инженерлі геология негіздері.
Жер асты суларының физикалық қасиеттері мен құрамдары; аэрация аймағындағы сулар; грунт сулары; жер асты сулары; артезиан сулары; жарылыстар және карст сулары;
минералды, өндірістік және термалды сулар;
жер асты сулар динамикасының негіздері; инженерлі геология негіздері; әр түрлі мақсаттардағы инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер.
|
Білімдер:
-жер асты суларының түрлерін, олардың құрамын, оқып білу әдістерін, грунт және арынды сыларының элементтерін, грунт түрлерін және олардың физико-механикалық қасиеттерін білу.
Іскерліктер:
- гидроизогипс карталарын құрастыра алу, грунттардың физико-механикалық қасиеттерін анықтай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ 3.6.5
КҚ3.6.10
КҚ3.6.22
|
ЖКП 09
|
Бұрғылау және тау-кен ісінің негіздері
Тау жыныстарының физико-механикалық ерекшеліктері және олардың ұңғыма құрылымына әсері; бұрғылаудың негізгі технологиялық үрдістері; аралас бұрғылаудың қосымша жұмыстары. Бұрғылаудың негізгі түрлерін: колонковалық бұрғылау; соққы-арқанды бұрғылау; тау-кен ісі; бұрғылау- жару жұмыстарын пайдалана барланған жер асты тау қазбаларын жүргізу; желдету, сутөкпе және жарықтандыру; жыныстарды тиеу және тасымалдау; қазбаларды бекіту. Пайдалы қазбалар кенорындардың негізгі ашылымдары, жарылыс жұмыстары.
|
Білімдер:
- ұңғыма және тау қазбалар үңгілеуінің жіктелуін;
Бұрғылау мен үңгілеуде әр түрлі әдістерді қолдану жағдайларын,
жұмыстарды жүргізу технологиясын, құралдарын білу;
- нақтылы жағдайларда тау бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен бұрғылау тәсілдерін таңдай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.22
|
ЖКП. 10
|
Экономика және ГБЖ ұйымдастыру негіздері.
Экономика негіздері; мәні; негізгі түсініктер; жұмыс істеу механизмі; менеджмент және маркетинг негіздері; халық шаруашылық жүйесіндегі сала орыны; геологиялық ұйымдардың негізгі және айналым қаржылары; еңбекті ұйымдастыру және техникалық нормалау; еңбек ақыны ұйымдастыру; геолого-барлау жұмыстарын жоспарлау және жобалау; шығын сметасы; нарықтық қарым –қатынаста қаржыландыру жұмыстары; негізгі және қосымша өндірістерді (геолого-түсіру және іздеу жұмыстары) ұйымдастыру; геофизикалық жұмыстар; бұрғылау жұмыстары; тау-кен жұмыстары; гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жұмыстар; кен және тау жыныстарын сынамалау мен зертханалық зерттеу, топогеодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар; геолого-барлау жұмыстарын өндірістік-техникалық қамтамасыз ету; геолого- барлау жұмыстарының тиімділігі.
|
Білімдер:
Қазіргі заманғы экономиканың қалыптасу негіздері мен экономикалық реформаның бағытталуын, геологиялық кәсіпорындарды қаржыландырудың жалпы мәсілелерін, негізгі және айналым қорларын пайдаланудың құрамдары мен көрсеткіштерін, кәсіпорындағы менеджмент принциптерін білу.
Іскерліктер:
- әр түрлі ГБЖ түрлері бойынша өндіріске кететін өнім бірліктерінің шығынын анықтай алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.8
КҚ3.6.12
КҚ3.6.22
|
ЖКП 11
|
Еңбекті қорғау.
Еңбек заңнамасы туралы жалпы мәлімет. Геологиялық барлау кәсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша жұмыс пен тұрақты бақылауды ұйымдастыру. Еңбек жағдайларын талдау, травматизм мен кәсіптік аурулардың себебтері. Өнеркәсіптік санитария. Өрт қауіпсіздігінің негіздері мен өртті сөндірудің техникалық құралдары. Өнеркәсіптік экология.
|
Білімдер:
- заңнамалық актларды, еңбек пен демалысты ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әр түрлі жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасына қойылатын жалпы талаптарды, өндірістік санитария ережелерін, жеке қорғаныс құралдарын білу.
Іскерліктер:
-әр түрлі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыра алу, әр түрлі апаттық жағдайларда алғашқы көмекті көрсете алу, қауіпсіздік техника норма ережелерінің орындалуын бақылау.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.1
КҚ3.6.11
КҚ3.6.16
КҚ3.6.25
|
ЖКП 12
|
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері; қоршаған ортаны қорғау және минералды ресурстарды тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау іс-тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің саласы ретінде; геологобарлау жұмыстарын жүргізгенде тибағи ортаны қорғау: жер қойнауларын қорғау және табиғи қазбаларды тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластанудан қорғау; ландшафтар мен табиғи ескерткіштерді, атмосфералық ауаны, су ресурстарын, топырақ пен өсімдіктерді, жануарлар әлемін қорғау.
|
Білімдер:
- адамның қоршаған ортамен әрекетінің ерекшеліктерін, қоршаған ортаға техногенді әсерін, ГБЖ –да қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын білу.
Іскерліктер:
- іс-тәжірибеде заңдарды қолдану, нақтылы жағдайларда қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар кешенін құра алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
БҚ 7
КҚ3.6.1
КҚ 3.6.2
КҚ3.6.13
|
ЖКП 13
|
Геология, ПҚК іздеу мен барлау
Пайдалы қазба кенорындарының түзілу жағдайлары; кенді денелердің морфологиясы; пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелуі; пайдалы қазба кенорындарын өнеркәсіптік жіктеу; металды, металды емес және жанғыш пайдалы қазбалардың жіктелуі және олардың бөлінуі, өнеркәсіпте қолданылуы; басты кенді минералдар; минералды шикізатқа өнеркәсіптің қоятын талаптары; минералды шикізаттың жеке түрлерінің өнеркәсіптік кенорындарының бастыгенетикалық түрлері; пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау әдістемесінің негізгі ұғымдары; геологиялық барлау жұмыстарының сатылығын; іздеу критерийлері мен белгілерінің түсінігін; кенорындарды барлау және оның негізгі міндеттері; барлаудың техникалық құралдары; барлау жүйелері; пайдалы қазба кенорындарын сынамалау; іздеу және барлау жұмыстарындағы геологиялық құжаттар; барланған қорларды есептеу; кенорындарды өнеркәсіптік геологиялық-экономикалық бағалау туралы түсінік; тау-кен өндіруші кәсіпорындарға геологиялық қызмет көрсетудің міндеттері.
|
Білімдер:
- іздеу және барлау жұмыстарының негізгі принциптері, әр сатыдағы міндеттер, іздеу алғышарттары мен белгілері, кенорындарын зерттеудің негізгі әдістерін.
Іскерліктер:
- іздеу жұмыстарының жобаларын құру, іздеудің тиімді әдістерін негіздеу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.2
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.9
КҚ3.6.10
КҚ3.6.11
КҚ3.6.13
КҚ3.6.15
КҚ3.6.22
|
Достарыңызбен бөлісу: |