ЖКП 14
|
Жалпы электротехника негіздері
Электротехниканың дамуы туралы жалпы мәліметтер, отандық ғылымның ролі; электр өрісінің негізгі сипаттамалары: қауырттылық, потенциал, кернеу, электрөткізгіштік; тұрақты тоқтың электр тізбектері; электромагнетизм; электр өлшемдер; бірфазалық және үшфазалық электр тізбектері; трансформаторлар; айнымалы және тұрақты тоқтың электр машиналары; электржетектің негіздері; электр энергиясын жеткізу және тарату; электрониканың негіздері туралы жалпы мәліметтер: электровакуумды және газоразрядты аспаптар, жартылай өткізгіш және фотоэлектронды аспаптар; электронды түзеткіштер және тұрақтандырғыштар, күшейткіштер мен генераторлар; микроэлектрониканың интегралды схемалары; микропроцессор және микроЭЕМ.
|
Білімдер:
Негізгі электрлі және магнитті құбылыстарды, электрлі және магнитті өрістердің сипаттамаларын, тұрақты және айнымалы тоқтың тізбектерін. Қарапайым тізбектерді есептеудің әдістерін, түрлі құрылғылардың міндетін, негізгі схемаларын, электр өлшеулердің, электржетектің, электрқатмысздандырудың әдістері туралы негізгі мәліметтерді.
Меңгереді:
Қарапайым электр тізбектерін оқу және құру, электр тізбектерінің қарапайым есептеулерін орындау, қарапайым электр схемаларын құрастыру, ақауларды табу, БӨА пайдалану, зертханалық жабдықтарды дұрыс пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз орындау.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.3
КҚ3.6.19
КҚ 3.6.1
|
ЖКП 15
|
Радиоэлектроника
Радиоэлектрониканың дамуы туралы жалпы мәліметтер; электронды және жартылай өткізгіш аспаптар; электр дабылдар; электронды схемотехниканың негіздері; транзисторлардағы электронды кассаларды; радиобайланыстың негізгі принциптерін; радиоқабылдағыш және радиожеткізгіш құрылғылар.
|
Білімдер:
Электронды аспаптардың құрылысын, әрекет ету принципін, сипаттамалары мен қолданыс саласын, электр дабылдарының түрлерін және олардың сипаттамаларын, дабылдарды сандық кодқа өзгертуді, электрқоректендіру жүйелерін, радиоөлшегіш аспаптардың құрылысын және олардың қолданылуын, күшейткіштердің, генераторлардың және басқа құрылғылардың негізгі көрсеткіштерін және жұмыс режимін, радиобайланыс принципін, радиоқабылдау – жеткізу құрылғыларының құрылысын.
Іскерліктер:
Электронды құрылғылардың схемаларын оқу, түрлі аспаптардың жұмысқа қабілеттілігін және техника схемаларының элементтерін зерттеу және тексеру.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.3
КҚ3.6.20
КҚ3.6.21
КҚ3.6.26
|
ЖКП 16
|
Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Кәсіпорындағы іс-қағаздар түсінігі, жүйесі және ұйымдастыру, оның түсінігі мен жүйесі. Ұйымдастыру - тарату, нормативті-құқықтық, ақша-қаржылық, есептік және анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттың негізгі әдістемесі. АБЖ іс-жүргізу барысында қолдану. Іс- қағаздарын рәсімдеу, сақтау және мұрағаттарға тапсыру.
|
Білімдер:
- құжаттардың және қызмет бабындағы хаттардың негізгі типтері мен формаларын, мемлекеттік тілде іс-жүргізудің негізгі терминологиясын білу.
Іскерліктер:
- қазақ тілде қызметтік құжаттарды рәсімдей алу керек.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
БҚ 6
КҚ 3.6.7
КҚ3.6.11
КҚ3.6.26
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
АП 01
|
ПҚК іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістерінің жалпы курсы
Геологиялық барлау жұмыстарының жалпы цикліндегі геофизикалық әдістердің ролі мен орны; барлау геофизикасының әдістерінің жіктелуі; геофизикалық әдістерді қолдану салалары; магнитті барлаудың, гравибарлаудың, электрбарлаудың, сейсмобарлаудың, радиоактивті әдістердің физикалық-геологиялық негіздері; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулердің негіздері; геофизикалық әдістерде қолданылатын аппаратура мен жабдықтар; далалық геофизикалық әдістерді жүргізудің әдістемесі мен техникасы; далалық материалдарды өңдеу және түсіндіру; геологиялық міндеттерді шешу кезінде геофизикалық әдістерді кешенді пайдалану.
|
Іскерліктер:
Магнитті барлауды, гравибарлауды, электрбарлауды, сейсмобарлауды, радиометриялық және ядролық-физикалық әдістерді қолданудың физикалық негіздері мен геологиялық-геофизикалық алғышарттарын; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулердің мәнін;
Дағдылар:
Қалыпты және аномальді геофизикалық өрістердің карталарымен жұмыс жасау;
түзетулердің есептеу және өлшенген шамалардың параметрлерін анықтау;
далалық құжаттарды рәсімдеу және өңдеу;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.2
КҚ 3.6.3
КҚ3.6.10
КҚ3.6.11
КҚ3.6.15
КҚ3.6.22
|
АП 03
|
Аппаратура және жабдықтар
Гравибарлау аппаратурасы мен жабдықтары – ауырлық күшінің үдеуін өлшеудің әдістері; жерүсті кварцты оптикалық-механикалық гравиметрлердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі: жерүсті кварц гравиметрлерімен өлшеудің техникасы; магнитті барлау аппаратурасы мен жабдықтары, тау жыныстарының магнитті өрісі мен магнитті қасиеттерін өлшеудің әдістері; оптикалық-механикалық магнитометрлер; протонды және квантты магнитометрлер; жерүсті магнитометрлерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері; техникалық қызмет көрсету, жұмысқа дайындау және өлшеу техникасы; электрбарлау аппаратурасы мен жабдықтары – электр және электрмагнитті өрістерді қоздыру және тіркеу туралы негізгі мәліметтер; электрбарлау аппаратурасының негізгі тораптары мен блоктары; кедергі, электрохимиялық поляризация, айнымалы электрмагнитті өрістер әдістерінің аппаратурасы; техникалық қызмет көрсету және электрбарлау аппаратурасын жөндеу; сейсмобарлау аппаратурасы мен жабдықтар – геологиялық ортада серпімді толқындарды қоздыру және қабылдау әдістері туралы негізгі мәліметтер; сейсмостанцияның негізгі тораптары мен блоктары; сейсмобарлау аппаратурасы мен жабдықтарға техникалық қызсет көрсету және жөндеу; радиометриялық және ядролық-физикалық зерттеулерге арналған жабдықтар және радиоактивті сәулеленулерді өлшеу әдістері туралы негізгі мәліметтер; далалық жаяу жүрісті гамма-түсірудің, эманациялық түсірудің және зертханалық зерттеулердің аппаратурасы; радиометрлердің, спектрметрлердің, эманометрлердің негізгі тораптары мен блоктары; радиометрлік аппаратураға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге арналған аппаратура мен жабдықтар – ұңғымалық дабылдарды тіркеу әдістері туралы негізгі мәліметтер; кешенді автоматты каротажды станциялар; көтерме-түсірме құрылғылары мен жабдықтар; каротажды станциялардың өлшеулерді жүргізу техникасы, жөндеу және қызмет көрсету.
|
Білімдер:
Оқытылатын маманданудың әдістері бойынша бақылау-өлшеу геофизикалық аппаратурасының құрылысын, тексеруді, баптауды және пайдалану ережелерін; геофизикалық әдістердің аппаратурасы мен жабдықтары туралы негізгі мәліметтерді;
Іскерліктер:
Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде бақылаулар мен өлшеулерді жүргізу;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.10
КҚ3.6.11
КҚ3.6.12
КҚ3.6.14
КҚ3.6.17
КҚ3.6.19
КҚ3.6.20
КҚ3.6.26
КҚ3.6.27
|
АП 02
|
Әдістердің теориялық негіздері
Гравибарлаудың физикалық-геологиялық негіздерінің негізгі қағидалары – тарту күші, гравитациялық потенциал және оның туындылары, қалыпты гравитациялық өріс және ауырлық күшінің аномалиялары, өрістерді өлшеудің әдістері; магниттібарлаудың – жердің магнитті өрісі және оның ерекшеліктері, геомагнитті өрістің элементтері, магниттібарлаудың тура және кері міндеттерін шешу, магнитті өрісті өлшеудің әдістері; электробарлаудың – электромагнитті өрістің үлгілері, геоэлектрлі қима туралы түсінік, тұрақты, айнымалы және стационарлы емес электромагнитті өрістердің әдістері; электробарлаудың тура және кері міндеттірн шешу; сейсмобарлаудың – серпімді толқындардың ториясы, гармониялық тербелістер, серпімді ортада толқындардың таралу ерекшеліктері, сейсмобарлаудың; радиометрияның ядролық геофизиканың әдістері – радиоактивті өзгерістердің егізгі заңдары,
Радиоактивті сәулеленулердің затпен әрекеттесуі; радиоактивті сәулеленулердің көздері мен детекторлары, радиометрияның әдістері; ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер – электрлі каротаждың, радиоактивті каротаждың және каротаждың басқа түрлерінің физикалық негіздері, ұңғымаларды каротаждау кезінде өлшеу.
|
Білімдер:
Магниттібарлауды, гравибарлауды, электробарлауды, сейсмобарлауды, радиометрлік және ядролық-физикалық әдістерді қолданудың физикалық негіздерін және геологиялық-геофизикалық алғышарттарын; тұрақты, айнымалы және стационарлық емес электромагнитті өрістердің әдістерін; электробарлаудың тура және кері міндеттерін шешуді; ұңғымаларды геофизикалық зерттеуді – электрлі каротаждың, радиоактивті каротаждың және каротаждың басқа түрлерінің физикалық негіздерін, ұңғымаларды каротаждау кезіндегі өлшеу әдістерін.
Іскерліктер:
Электрлі тәжірибеде электрлі және магнитті құбылыстарды пайдалану; олардың құрылысы мен әрекет ету принциптерін геофизикалық аспаптарда және аппаратураларда қолдану;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.2
КҚ 3.6.3
КҚ3.6.10
КҚ3.6.13
КҚ3.6.18
|
АП 04
|
Далалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасы
Суретке түсіру туралы түсінік, далалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасы; далалық геофизикалық әдістердің әдістемесі мен техникасының жалпы қағидалары; түсірулердің негізгі техникалық сипаттамалары; түсірулердің технологиясы және оларды жүргізуді негіздеу, жүргізу жағдайлары, геологиялық міндеті, масштабы, дәлдігі бойынша түсірулердің жіктелуі; түрлі тәсілдермен және әдістермен далалық геофизикалық зерттеулердің жүргізудің әдістемесі мен техникасы; түсірулерді метрологиялық қамсыздандыру.
|
Білімдер:
Геофизикалық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін; геофизикалық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізудің әдістемесі мен техникасын; далалық зерттеулердің нәтижелерін геологиялық түсіндірудің негізгі тәсілдерін;
Іскерліктер:
Геофизикалық зерттеулердің түрлі әдістерімен өлшеулерді жүргізуге арналған құрастыру схемалары мен қондырғыларын құру;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
КҚ3.6.2
КҚ3.6.10
КҚ3.6.11
КҚ3.6.13
КҚ3.6.15
КҚ3.6.16
КҚ3.6.18
КҚ3.6.19
КҚ3.6.22
КҚ3.6.25
КҚ3.6.27
|
АП 05
|
Геофизикалық материалдарды ЭЕМ өңдеу және түсіндіру
Түрлі геофизикалық әдістермен жұмыстарды жүргізу кезінде журналдарды рәсімдеуге және жүргізуге қойылатын жалпы талаптар. Камералды геофизикалық жұмыстардың негізгі кезеңдері мен мазмұны; далалық геофизикалық партияларда және экспедицияларда геофизикалық ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру; геофизикалық ақпаратты өңдеу тәжірибесінде ЭЕМ қолдану жағдайы мен перспктивалары; нәтижелерді өңдеу технологиясының және геофизикалық аномалияларды түсіндірудің негіздері, геофизикалық аномалияларды геологиялық талқылау; компьютерде геофизикалық мәліметтерді өңдеу принциптері, геологиялық міндеттерді алгоритмдеудің негіздері; бағдарламалау тілдері және бағдарламаларды пайдалану, бағдарламалаудың осы заманғы технологиясының негіздері, компьютерлерді бағдарламалық қамсыздандырудың жүйелері, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері, мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелері.
|
Білімдер:
Геофизикалық жұмыстарды жүргізу және геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу кезінде есептеуіш техника мен ЭЕМ қолдану негіздерін; қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін, мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін.
Іскерліктер:
Геофизикалық зерттеулердің мәліметтерін өңдеу үшін қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін, автоматтандырылған жүйелерді қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 5
БҚ 8
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.10
КҚ 3.6.11
КҚ 3.6.13
КҚ 3.6.14
КҚ 3.6.15
КҚ 3.6.18
КҚ 3.6.23
КҚ 3.6.24
КҚ 3.6.27
|
ӨО ж КП
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
КП 00
|
|
Оқу практикасы
|
|
КП 01.2
|
Геодезиялық.
Теодолиттік жұмыстар, ниверлі жұмыстар, тахеометриялық суретке түсіру, есептерді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- өлшеу жұмыстарын жүргізе алу, барлық жұмыстардың түрлері бойынша дала журналын өңдей және толтыра алу керек.
Дағдылар:
- геодезиялық аспаптарды жұмысқа дайындау және кескіндерді бөлуді өткізу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ3.6.11
|
КП 02
|
Жалпы геологиялық
Тәжірибе ауданының геологиялық құрылысын және тірек ққималарын зерттеу; тау жыныстарының, минералдардың, фауна мен флораның эталонды коллекцияларын зерттеу; бағытжолдық түсірімдерді жүргізуге арналған аспаптар, жабдықтар мен керек-жарақтар; далалық зерттеулер; далалық бақылаулардың материалдарын ағымдағы камералды өңдеу; камералды кезең.
|
Іскерліктер:
- төрттік және жартасты жыныстардың негізгі қасиеттерін, оларды құжаттау ережелерін.
Дағдылар:
- жергілікті жерде және карта бойынша бағдарлану
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.9
КҚ3.6.10
КҚ3.6.11
КҚ3.6.15
|
КП 01.2
|
Жұмыс мамандығын меңгеру бойынша
Аппаратура мен жабдықтарды далалық жұмыстарды дайындау, жергілікті жерде бақылаулардың желісін бөлу және картада бақылау нүктелерін байланыстыру, геофизикалық жұмыстардың әр түрлерін орындау, далалық бақылауларға камералды өңдеу жүргізу, тәжірибе бойынша есепті құрастыру, сызу-рәсімдеу жұмыстарын және жұмыс мамандығын алуға біліктілік сынақтарының талаптарын орындау.
|
Іскерліктер:
Геофизикалық жұмыстардың сәйкес түрлері үшін аппаратураны іріктеу; геофизикалық аспаптарды орнату; геофизикалық құралдар мен жабдықтарды пайдалану, қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау ережелерін басшылыққа алу, электрлік тізбектерді құрудың негізгі тәсілдерін орындау, құрастыру аспаптарымен және бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс істеу, сәйкес әдістер бойынша жұмыстарды жүргізудің нұсқаулықтарын орындау (жарылыс жұмыстары, жоғары кернеулік тоқтарымен, иондаушы сәулелермен жұмыс істеу).
Дағдылар:
-нақты жұмыс мамандығының талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.6.27
|
КП 01.3
|
Геофизикалық аппаратураны оқып білу бойынша
Далалық жұмыстарды жүргізуге аппаратураны және жабдықтарды дайындау; жергілікті жерде бақылау желілерін шоғырландыру және бақылау нүктелерін картада байланыстыру; геофизикалық жұмыстардың әр түрлерін орындау; далалық бақылауларды камералды өңдеуді жүргізу; тәжірибе бойынша есепті құру және сызу-безендіру жұмыстарын орындау; жұмыс мамандығын алуға біліктілік сынақтарының қоятын талаптары.
|
Іскерліктер:
Аппаратура мен жабдықтарға қызмет көрсету, пайдалану, күту, сақтау және тасымалдау, негізгі ақаулықтарды анықтау, оларды жоюдың тәсілдері, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру, аппаратураның құжаттамасы мен тексерісін жүргізу, КИП қолдану. Тоқтың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу, аккумуляторларды зарядтауды жүргізу.
Дағдылар:
Геофизикалық аппаратураны іріктеуді, аппаратура мен жабдықтарды, қондырғылардың түрлі схемаларын құрастыруды және бөлектеуді жүргізу, олардың ақауларын тексеру, оларды жұмысқа дайындау, аспаптарды эталондауды және градустауды, баптауды жүргізу, аппаратураларды тексеру құжаттарын жүргізу,
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.10
КҚ 3.6.12
КҚ 3.6.17
КҚ 3.6.19
КҚ 3.6.21
КҚ 3.6.26
|
КП. 01.4
|
Геофизикада ақпараттық технологияларды қолдану бойынша
Ақпарат, оны жинау, жеткізу, өңдеу және жинақтау, геофизикалық міндеттерді шешудің үлгілері, математикалық қамтамасыз ету, бағдарламалық өнімді пайдалану, геофизикалық ақпаратты компьютерлік өңдеуге ұсыну, компьютерлік графиканың негіздері, есепті рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- графикалық редактормен жұмыс жасау, «AutoCad», «MapInfo», «MicroMane» бағдарламаларын сүйемелдеу
Дағдылар:
Геофизикалық зерттеу нәтижелерін компьютерде өңдеу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.10
КҚ 3.6.23
|
КП
01.5
|
Геофизикалық аппаратураны жөндеу және баптау.
Жөндеу жұмыстарын жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістері; геофизикалық аппаратура мен жабдықтарды жөндеу кезінде қолданылатын, бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру; геофизикалық жабдықтардың номенклатурасы мен метрологиялық сипаттамасы; қажетті құжаттарды (ақау ведомостары, аппаратуралық журналдар, техникалық пайдалану төлқұжаттары және т.б.) құрастыруға қойылатын талаптар;
|
Іскерліктер:
Аппаратураға алдын-ала тексеру, тексеру, далалық жұмыстарға дайындауды, пайдалану бойынша техникалық нұсқауларға сәйкес жұмыстарды регламенттеуді жүргізу. Аппаратураны тестілеуді, жеке блоктарды (тораптарды), аппаратураны диагностикалауды, баптауды жүргізу. Аппаратураны тексеру, баптау және реттеу үрдісінде БӨА пайдалану. Аппаратураны және оның жеке тораптарын құрастыруды, (бөлектеуді), жинақтауды жүргізу. Аппаратураны тексеру, жөндеу және баптау нәтижелері бойынша құжаттарды құру.
Дағдылар:
Далалық өлшеулерді жүргізу, олардың сапасын бағалау, далалық құжаттарды жүргізу. Аспаптарды қоректендіру көздерімен толтыру, аккумуляторларды зарядтауды жүргізу. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне сәйкес аппаратураны және жабдықтарды пайдалану.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.12
КҚ 3.6.20
КҚ 3.6.21
КҚ 3.6.26
КҚ 3.6.27
|
|
Мамандану әдістері бойынша геофизикалық
Сейсмикалық станцияда жұмыс дағдыларын меңгеру; сейсмоқабылдағыштарды қолдану, тасымалдау және сақтау ережелері; белгіленген нүктелер бойынша жергілікті жерде сейсмоқабылдағыштарды орнату және оларды сейсмикалық шалғының магистралды желілеріне қосу ережелері; жетектер мен кабельдердің қолданылатын маркалары; сейсмикалық шалғыны; байланыс сымдарын тарқату және орау ережелері мен тәртібі; аккумуляторлар мен батареялардың түрлері; сейсмикалық тербелістерді қоздыру пунктіндегі жұмыс.
|
Іскерліктер:
Далалық жұмыстарға түрлі аппаратура мен жабдықтарды (электробарлау қондырғыларын, сейсмикалық шалғыларды, ГАЖ жүргізуге арналған қондырғыларды, жеке аспаптарды) дайындау және жинақтауды. Учаскені суретке түсіруге дайындауды – геофизикалық бақылаулар желісін бөлу, оларды байланыстыру, жергілікті жерде бекіту. Түрлі әдістер бойынша далалық жұмыстарды орындау, электрқауіпсіздік ережелерін сақтап, тоқтың түрлі көздерімен жұмыс жасау.
Дағдылар:
Таңдалған әдістер бойынша аппаратурамен жұмыс.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 8
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.10
КҚ 3.6.11
КҚ 3.6.13
КҚ 3.6.14
КҚ 3.6.15
КҚ 3.6.16
КҚ 3.6.17
КҚ 3.6.18
КҚ 3.6.19
КҚ 3.6.20
КҚ 3.6.25
КҚ 3.6.27
|
КП 02
|
Өндірістік технологиялық практика
|
|
|
Партия (экспедиция) жұмысының жобасымен және жобаланатын геофизикалық жұмыстардың түрлерімен танысу. Тәжірибе ауданымен және далалық партиядағы жұмыс режимімен танысу. Қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария бойынша нұсқау. Геофизикалық жұмыстардың осы ұйымында жүргізілетін жұмыстардың әдістемесімен және техникасымен танысу. Нақты геофизикалық аппаратураны, геофизикалық станцияларды, жабдықтарды және керек-жарақтарды жинақтауды жүргізу және далалық жұмыстарға дайындау; геофизикалық аппаратура мен геофизикалық станцияларды баптау және тасымалдауға дайындау. Геофизикалық жұмыстардың барлық түрлері бойынша далалық жұмыстарды жүргізу, жергілікті жерде бақылау нүктелерін бөлу, тұрақ нүктесінде өлшеулерді жүргізу, аппаратурамен жұмыс жасау, далалық журналды жүргізу, камералды жұмыстарды жүргізу, далалық материалдарды қабылдау, далалық құжаттарды тіркеу, есепке алу және сақтау ережелері.
|
Іскерліктер:
Аймақты бағдарлау, бақылау нүктелерінің байланысын жүргізу және картаға түсіру, геофизикалық жұмыстардың әртүрлі түрлерін орындау, далалық материалдардың камералды өңдеулерін жүргізу, анықтамалар мен техникалық нұсқаулықтарды пайдалану, аспаптардың негізгі ақаулықтарын жою; жұмыс жоспарларын құру және геофизикалық аппаратура мен жабдықтардың қолданыс және жөндеу кестелерін құру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |