|
Слесарлы-монтаждық жұмыстың технологиялық процестері
Монтаждауға түсетін бөлшектер мен арматуралардың, құбырлардың, құрылғылардың, механизмдердің техникалық сипаттамасы. Құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, қосымша механизмдерді монтаждау және құрастыру, бөлшектеу, демонтаждың типтік технологиялық процестері және әдістері; оларды орындау. Кеме монтаждаушы слесарының жұмысшы технологиялық және техникалық құжаттары; қолданылатын аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар. Құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, механизмдерді монтаждау және құрастыру, бөлшектеу, демонтаждаудағы типтік ақаулар; оның анықтамасы. Кемедегі, стапелдегі, цехтағы слесарлы-монтаждық жұмыстарды типтік сынақтау және тексеру.
|
Білімдер:
- монтаждауға түскен механизмдер, құрылғылар, құбырлар, арматуралар және бөлшектердің атауларын;
- құбырлардың жалғану типтерін;
- құбырлар мен арматураларды, құрылғыларды, қосымша механизмдерді құрастыру, бөлшектеу, демонтаждау тағайындалуын және жүйелілігін;
- құбырлардың механизмнен, цестерннен, бөліктен айыру ережесін және тәсілдерін.
Іскерліктер:
- жауапсыз түйіндерді, орталықтандырылмаған қосалқы және палубалық (жетексіз) механиздерді, жылу алмастыратын аппатураларды құрастыру және бөлшектеу кезіндегі слесарлық операцияларды орындайды;
- әртүрлі жабдықтар қолданысымен табақты және профилді материалдан технологиялық тығындарды, қапсырма шегесін, дара ілмекті, кронштейндерді, қаптамаларды, панелдерді дайындайды;
- пневматикалық және электрлік машина, слесарлық аспаптар көмегімен іргетастың тіреуіш бетін, орындықтарын, приварогін, вварышті қорғайды;
- қайта қалпына келмейтін барлық жүйедегі арматуралар мен құбырларға және қуаты 50кВт электр жабдығына демонтаждау жасайды;
- арматуралар, құбырларға және жабдықтардың 1,5 МПа (15 ктс/см) дейінгі қысымымен цехта гидравликалық сынақ жүргізеді;
- қосалқы механизмдер, жабдықтар мен құбырлардың (арнаулы жүйеден басқасы: гидравлика, ауаның жоғарғы қысымы, бас және қосымша булар) сыртқы консервациясын және майсыздандыру, жуу, расконсервациялауын жасайды;
- орталықтанбаған қосалқы механизмді, электр жабдықтарын, жылу алмасқыш аппараттар агрегатын, құбырларды, арматураны монтаждау, жөндеу, бөлшектеу және кеме турбина дизелін, құбыр білігін, құрылысын, арнайы жүйе мен құбырларын демонтаждау кезіндегі жұмыстарды орындауға қатынасуды.
|
КҚ 2.12.1.- 2.12.7.
|
|
Ағаш өңдейтін станоктар және жабдықтар
Ағаш өңдеуші станоктар туралы жалпы мағлұматтар, оның пайдалану мақсаты және жұмысты орындалуы бойынша классификациясы. Аралы станоктар, стоноктың құрал-саймандары, кесуші аспаптар, қоршаулар. Жұмыс тәсілдері. Сүргілейтін станоктар, оның құрылысы, тағайындалуы; реттейтін және қоршайтын құрылғылар. Жұмыс тәсілдері. Фрезерлі станоктар, оның құрылысы, сақтандырғыш құрылғысы, фрезді бекіту және орнату. Жұмыс тәсілдері. Бұрғылаушы, шипокескіш, тегістеу, токарлы және басқа станоктар, олардың құрылымы, сақтандырғыш және қоршағыш құрылғылары, құрылысы. Жұмыс тәсілдері. Ағаш желімдеуге арналған жабдықтар (струбциналар, механикалық және гидравликалық воймалар, пресстер), құрылымы, пайдалану саласы. Жұмыс тәсілдері. Ағаш өңдеуші станоктар мен жабдықтарды техникалық пайдалану ережелері. Қолданылатын жабдықтар мен ағаш өңдеуші станоктардың жұмысы кезіндегі қауіпсіз еңбегінің әдістері.
Ағаштан жасалған конструкцияның элементтерін жалғау тәсілдері
Ағаштан жасалған бөлшектердің жалғану тәсілдері және негізгі түрлері: бұрышпен, ұзына бойына тұтастыра және ұзарта отырып, ені бойынша топтастыру және пакет қабатымен, бұрыштық қосылыспен жалғау. Бұрыштық байлау, тавролы байлау, крестеп байлаудың түрлері. Ені бойынша тақтай жиектерін біріктіру және ұзындығын жалғаудың түрлері. Шпонка және ұштықтағы шиттерді біріктіру тәсілдері. Ағаш элементтерін желімдеп жалғау, желімдеуші жалғауыштың түрлері. Бекітуші құрылғының типтері және оның тағайындалуы, оларды пайдалану шарты, орналастыру ережелері және оның қондырғысы. Әртүрлі элементтегі ағаш конструкциясының жалғануын орындау тәсілдері мен әдістері. Жұмысты орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің әдістері. Ағаш ұсталық жұмысының орындалуы
Ағаш бұйымынан, дайын бөлшегінен қарапайым жәшіктерді дайындау. Ағаш ұсталық бұйымдарын жинау және дайындау. Кемені, ялды, шлюпканы жөндеу және құру кезіндегі ағаш бөлшектері мен конструкциясын бекіту, түсіру, бөлшектеудегі ұсталық жұмыстарын орындау. Кемені, шлюпокті, катерді, баркасты құрастыру кезіндегі қарапайым түйіндер мен бөлшектерді дайындау және қондыру. Темір бетонды кемені жөндеу және құрылыс жүргізу кезінде шегендеп бекіту және оны босату жұмыстарын орындау. Кемеге су өткізбеушілігін қамту үшін саңылаулар мен жақтауларын тығындау және тығындау үшін шіктерін өңдеу, палубаның табанын төсеу жұмыстарын орындау. Кеменің ішкі беттеріне антисептік ерітіндіні себу және оны дайындау. Ағашты төсемдер құрылғысымен үш қабатқа дейін дайын элементтен металды ағаштар құрастыру және үш қабатқа дейінгі ұстылық ағаштарды дайындау. Ұсталық және металды ағаштардан төрт және одан да көп қабатты әзірлеу. Кемені, яхтаны, ялды, баркасты, шлюпканы құрудағы және қалау кезіндегі ұсталық жұмыстарын орындаудың технологиялық жүйелігі. Кеменің ағаш ұсталық жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздік талаптары.
|
Білімдер:
- материалдарды жай өңдеу тәсілдерін;
- шлюпка және ялдың, металды және ағаш кемесінің ағаш бөлігінің атауларын және тағайындалуын;
- ағашты конструкцияның материалдарын сақтай отырып, бөлшектеу тәсілдерін және жарамды материалды сорттауын;
- өте көп тараған арнаулы жалғағыштың қолдану шарттарын және тағайындалуын;
- бақылау-өлшегіш және ағаш ұсталық аспаптар;
- металды кеменің ағашты бөлігінің және ағаш кемесінің конструкциясын;
- кемелер тоқтайтын және доктардың түсіруші құрылғысының жеке бөліктерін дайындау ережесін;
- врубок конструкциясын;
- палубаның алдын ала строжкаға қойылатын талаптарын;
- палубаның механизмдері мен жабдықтарын бекітуді;
- өңдеудегі жіберілу мен шектерін;
- ағаштың бүлінуден қорғау бойынша шараларын;
- кеме жөндеуде және кеме құрылысында қолданылатын фанерлер және кесілген материалдардың сапасын анықтауды;
- баркастар, катерлер мен шлюпкалар жабдығын және саймандарын;
- конопаталы пневматикалық машинасының жұмыс принципін;
- пакляны отырғызу тығыздығын анықтауды;
- негізгі тығындаушы материалдардың сапасын және сортын, тағайындалуын;
- тығыздайтын паз түрлерін;
- кемедегі тығыздауды жұмысына қойылатын талаптарды;
- ленталы, дөңгелеккескіш, бұрғылаушы және сүргілеуші станоктарды қолдану мақсаты және жөнге келтіру, құрылымын;
- кеме құрылысы мен кеме жөндеуде қолданылатын желімдегішті құрамын, оның рецептурасын, тағайындалуын, тәсілдерін;
- күнделікті жабдықтардың ақауларын пайда болу себептерін;
- өнімнің ақаулық түрлерін, себептерін, ескерту тәсілдері мен оларды жоюды;
- жабдықтарды күту және техникалық пайдалану ережелерін;
- орындалған жұмыс сапасына қойылатын талаптарын;
- сигнализация, көтергіш-көлік жабдықтарын басқару ережесін және стропалды жұмыс ережелерін;
- еңбек қорғау әдістерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.
Іскерліктер:
- бөренелерді екіге, үш және төрт жиекке ығыстыруды, сүргілейді және оның басқа да көлденең кесуін орындауды;
- баркасты, катерді, жұмысшы шлюпкасын, кемені құрастыру кезіндегі қарапайым түйіндер мен бөлшектерді орнатуды және дайындауды;
- темірбетонды кемелерді жөндеу және жасау кезеңіндегі қалыптау және қалыптан шығару бойынша қарапайым жұмыстарын орындауды;
- түсіруші құрылғысы бөлшектерін, кеме инвентарын дайындауды;
- понтондардың тіреуші конструкциясын және кильблокты кеме астына тік қорғауын орнатуды және дайындауды;
- ағаш палубаны алдын ала қаттыраң бойынша жұмыстарын орындауды;
- жақтауларын тығындауға бөлуді;
- қолмен және механикаландырылған тығындау жұмыстарын атқаруды;
- палубаның төсемдер сапасын тексеруді және сынауды;
- әртүрлі пазға арналған көбікті және смолаланған паклиден ширатылған жіпті есуді және орап бұрауды;
- шайырды қайнатуды;
- шкимушгар немесе вензелиді өруді;
- біліктегі ширатылған жіп пен таспаны ыстық шайырда оларды сығып шайырлауды;
- станоктағы ширатылған жіп паклонын талшықтауды;
- антисептикалық ерітіндіні дайындауды;
- үш қабатқа дейін ұсталы (ішкі және сыртқы) ағаштарды дайындауды;
- үш қабатқа дейін металды (дайын элементтен) ағаштарды жинауды;
- төрт қабатты және одан да көп ұсталық және металды (дайын элементтерден) ағаштарды бөлшектеуді;
- қарапайым шаблондар мен макетті дайындауды және орналастыруды;
- орташа күрделіктегі ағашты жалғауын орындауды;
- ленталы, дөңгелеккескіш, сүргілеу және бұрғылау станогіндегі жұмыстарды орындауды;
- жабдықтарды пайдалану процесіндегі пайда болатын күнделікті түрдегі ақауларды жояды және анықтауды;
- өнімнің дефектісін ескертеді және жояды;
- наваторлық жұмыс тәжірибесін және еңбекті алдыңғы қатарлы әдістерін қолдануды;
- отынды-энергетикалық және материалды ресурстарды, шикізаттарды үнемді және тиімді пайдалануды;
- көтергіш-транспортты жабдықпен басқарады және сигнализацияны пайдалануды;
- бекітілген техникалық құжатнамаларды қолдануды;
- жұмысқа жұмыс орнын ұтымды және уақытында дайындауды;
- ең жоғарғы біліктілікті кеме балташысының жетекшілігімен кемені, яхтаны, баркасты, шлюпканы құру және жасау кезіндегі жұмыстарды орындауды.
|
КҚ 2.4.1. – 2.4.7.
КҚ2.5.1. – 2.5.7.
КҚ2.2.1. – 2.2.7.
КҚ2.6.1. – 2.6.7.
КҚ2.7.1. – 2.7.7.
КҚ2.9.1. – 2.9.7.
|
|
Ағаштан жасалған кемелердің жабдықтары мен құрылғылары
Жүзу аумағы, тағайындалуы, қозғалыс құралдары бойынша ағаш кемесінің типтері және классификациясы. Кеме типтеріне қойылатын талаптар. Кеме типтеріне тәуелді кеменің корпусты формасы және кеменің негізгі біркелкілігі. Корпус қимасының түрлері туралы ұғымдары, олардың атаулары. Кеме корпусының конструкциясы – сыртқы қаптама, көлденең және ұзына бойындағы байланыс. Рубка мен қондырма құрылысы, оның конструкциясы, кемедегі орналасуы (бак, жартыбак, ют және жартыют). Технологиялық құжатнамалары.
Ағаштан жасалған кемені жасау кезіндегі дайындық және дайындау жұмыстары
Шаблондар, рейкалар, кондукторлар дайындау және плазадағы кемені бөліп қою. Кесілген материалдарды дайындау үлгілері, оларды қолмен және станокпен өңдеу. Дайындау жұмысының жалпы сипаттамасы, дайындау жұмыстарындағы бөлшектерді топқа бөлу, әрбір топтың бөлшектеріне ағаш өңдеуші станоктарын пайдалану. Сыртқы қаптамаға белдік дайындау, белдік пішіндері, қолданылатын материалдар, өңдеу технологиясы, қолданылатын жабдықтар. Форштевн және ахтерштевнге дайындама, оларды қырлы бөренеден және желімденген дайындамадан дайындау, дайындалу тәсілі және кезектілігі. Ұзындықпен байланысты бөлшектерді дайындау, оларды дайындау технологиясы және процестері, желімденген дайындаманы қолдану. Корпустар мен қондырма түйіндерін алдын ала құрастыру. Плазалар құрылғысы, оның тағайындалуы, онымен орындалатын жұмыстың түрлері, қабылданған масштабтағы плазаның теориялық сызбасын ажырату. Стапелдің құрылғысы, тұрақты және уақытша стапелдер, олардың түрлері (брусты стапель, стапель-кондуктор, болван), стапелді тексеру. Стапелді тексеру немесе дайындау, корпустың стапелін құрастыру, құрастырудың технологиялық кезектілігі. Инвентарлы заттарды бекіту және орналастыру, сызбаға байланысты қамтамасыз ету. Дайындама, жинау, құрастыру, өңдеу және басқа жұмыстардың технологиялық картасы.
Корпус пен қондырманың бөлшектерін дайындау
Кницалар және оларды дайындау үшін қолданылатын материалдар, басқа да қисықсызықты бөлшектер. Рубка мен қондырма бөлшектері, кесілген шөрке қабырғасын және ашық бөлменің, қондырманың, рубка еденін тақтаймен қаптау, руканы төменгі құрсауына бөренелер дайындаудың тәсілдері, операциясын орындау жүйелігі. Дөңгелек және сопақша қима бөлшектері, олардың атаулары, кезектілігі мен дайындау тәсілдері, ағаш өңдеуші станоктарын пайдалану. Бұйымдарды, траптарды, жиhаздарды және басқа бөлшектерді және бұйымдарды дайындау үшін кесілген материалдарды өңдеу. Әр бөлшекті дайындау кезіндегі операциялар кезектілігі, стоноктарды және технологиялық картаны қолдану.
Желімделген дайындаманы дайындау
Желімделген дайындама, оны өте үлкен ұзынды, үлкен қиманы немесе күрделі әшекейлі кескінде және басқа қисық сызықты бөлшектерді дайындау кезіндегі қолдануы.
Желімдеуге арналған материалдарды өңдеу, желімді жағу тәсілі, тік сызықты және қисық сызықты дайындаманы престеу, желімделінген дайындаманы өңдеу тәсілдері.
Кеме секциясы мен түйіндерін алдын-ала
(стапель алдындағы) құрастыру
Құрастыру жұмысын орындаудағы жалпы талаптар. Кондуктордағы жазық және көлемді конструкциясын алдын ала құрастыру, құрастыру тәсілдері және кезектілігі. Суға таяз бататын кемелердің бастауын құрастыру, стапель алдындағы құрастыруын стапелге дайын күйінде жеткізу. Катерлі (натесті) дощатты шпангоутта және футоксовты шпангоутта, құрастыру үстеліндегі (кондукторда, құрастыру плазында) шпангоутты құрастыру. Рубок пен қондырманың жазықтықты секциясын құрастыру, олардың жақтауы. Рубканың сыртқы және ішкі қамтамасының орындалуы. Сландар және әртүрлі кеме конструкциясына арналған типтері, олардың тағайындалуы. Ағаш рулдер, қолдану саласы, құрылысы, оны кемеге қондыру және құрастыру, барлық операцияларын орындау тәсілдері. Люкпен жабылуы және алмалы палубалар, біржақты және екіжақты тігілген тікбұрышты рамалар, рамамен брустарды байлау, алмалы палубалардың люк қақпағының құрылымы, жұмысты орындау кезектілігі, кондукторларды пайдалану. Құрастыру жұмыстарын механикаландыру және құрылғылармен, механикаланған аспаптармен, жабдықтармен стапелдегі жабдықтау үлескелерін қажетті құралмен жабдықтау.
Кемені ағаш шеберлігімен өңдеу және стапелді құрастыру
Желіммен жоғары және төменгі корпусты қаптау кезіндегі стапелде корпус құрастырудағы орындалатын жұмыстың кезектілігі; корпус жиынтығы, майысқан шпангоуты бар, иілген жиынтықтағы корпусын құрастырудың әдістері. Қабықты конструцияның корпусын құрастыру, оны қолдану саласы (шлюпкалар, қыдыру қайығы, швертботтар, катамарандар, байдаркалар және т.б.), қабықты конструкциясын дайындау тәсілдері. Жонылған жиынтықтағы корпусын құрастыру, килдің орналасуына қарай құрастыру тәсілдері (жоғары, төмен), сыртқы қаптама және жиынтық конструкциясы, стапел-кондукторды қолдану, құрастыру технологиясы. Корабелді (футоксовты) жиынтықтағы корпусын құрастыру, құрастырудың технологиялық кезектілігі, стапель-кондукторда құрастыру. Жайпақ түпті кеменің баржалы конструкциясын құрастырудың технологиялық кезектілігі, штевнаны орнату және бекіту, кеменің барлық ұзындығы бойынша лежнаны салыстыру және төсеу, табандық қаптаманы төсеу (құрылғы), шпангоутты орнату. Ағаш кеменің корпусын шынылы матамен желімдеу және беттерін дайындаудың технологиялық жүйелігі, тағайындалуы. Әртүрлі қолданыстағы және типтегі кемені ұсталық өңдеудің және құрылысына дейінгі технологиялық жүйелігі, жұмыс түрлері. Кемені өлшеу ережелері, кеменің негізгі өлшеулері және кеменің әртүрлі типтеріне арналған басқа да өлшемдер, кеме корпусын қоршау және негізгі элементтерін өлшеу.
Ағаштан жасалған кемені жөндеу
Кемені пайдалану процесіндегі анықталған және құрастыру кезіндегі ақаулар мен пайда болатын бұзылуының сипаттамасы, оның пайда болу себептері. Ағаштан жасалған кемелердің авариялық жөндеу кезіндегі қолданылатын материалдар (яхтада, баркаста, катерде, шлюпкада). Жөндеу процесіндегі кеменің тесілуі және кеменің басқа бөлігін, судың ағуын тоқтату. Кеме корпусының суастындағы бөлігін жөндеу технологиясы. Кемелік құрылғыларды және үлестік заттарды корпусқа бекітіп жөндеу процестері. Кеме жабдықтарының түйіндері мен бөлшектерін босатып алу, технологиялық жүйелілік және жұмыс тәсілдері.
Кеме корпусына ағашты секциясы элементтерін жалғау және конструкциясын тексеру
Регистрдің талаптары және барлық типтегі ағашты кеменің құрылысындағы технологиялық циклын салалық стандартпен сапасының тексерілуі. Кеме жасаудағы ағаш материалдарын қолданғанда механикалық қасиеттерін тексеру әдістері. Ағаш кемесі барлық типті құрылысындағы және кеме корпусына стапелді жасаудағы технологиялық процестерін тексеру. Ағашты кемелердің конструкциясын суөткізбестікке сынақтау тәсілдері. Ағаштан жасалған кеме палубасының қай типте болсадағы, қалқалары, бортын, түбін тексерудің техникалық құжаттары.
|
Білімдер:
- ағаш кемелерінің негізгі конструциясын;
- кеме корпусы мен шлюпка, секция түйіндері мен бөлшектерін құрастыру және желімдеу ережесін;
- шлюпка жабдығы мен бұйымдарын, түйіндерін орнатудағы ұсталы-монтаждық жұмыстың тәсілдерін;
- ағаш кемелері мен шлюпканы жасау кезіндегі бұрғылау тәсілдерін;
- қарапайым сызбалар мен схемаларды оқу әдістерін;
- қолданылатын аспаптар, оны қайрау және жұмысқа дайындауды;
- ялды, баркасты, шлюпканы, кеме корпусы секциясын, орташа күрделіліктегі бұйымдар мен түйіндерін желімдеу және тексеру, құрастырудың техникалық процестерін, техникалық шарттарын;
- шлюпканы, кеме корпусын, секцияны жабдықтау жұмыстарының кезектілігін, бұйымдар номенклатурасын;
- орташа күрделіктегі түйіндер мен бөлшектердің таңдалау тәсілдерін;
құрастырудың орташа күрделігінің түрлерін;
- пресс пішіндегі шпоннан қаптаудың қандай да болмасын конфигурациясын желімдеуді;
- орта қиындықтағы қосылыстар түрлерін;
- плазды ажырату туралы ұғымын;
- жарылуын болдырмау және ағаштардың бүрсуін болдырмау тәсілдерін;
- автоклавтағы ялды, шлюпканы, шпангоутты және қаптаманы буландыру режимдерін;
- шпоннан бөлшекті желімдеу кезіндегі режимін және температуралық шартын;
- сызба және эскиз бойынша шаблонды дайындау тәсілдерін;
- түйіндер мен секцияны құрастырудағы орташа күрделі кондуктордың құрылысын;
- ағаш өңдеуші станоктарын жөнге келтіруді;
- пневматикалық және гидравликалық престердің құрылысын;
- кеме жасауда қолданылатын пластмассаның тағайындалуын;
- шегелеу кезінде қолданылатын құрылғыларды;
- орташа күрделі схемалар және сызбаны оқу ережесін;
- еңбек қауіпсіздігі әдісін және өртке қарсы талаптарды.
істей алуы тиіс.
Іскерліктер:
- кеме корпусы мен шлюпка жабдығына, секцияның қарапайым бөлшектері мен түйіндеріне қиылыстыру, қондыру, құрастыруды жүргізуді;
- тіке «фугу» желімдеуге бөлшектер беттерін алдын-ала дайындығын және бөлшектерді дайындаудағы алдын-ала өңдеу операцияларын атқаруды; желімдеудегі щиттер мен пакеттер жиынтығын;
- аспаптарды дайындауды және қайрауды;
- қабысуды (ағаш бөлшегін бір-бірімен жалғастыру) атқарады; сүргілеу, бұрғылау станогіндегі барлық жұмыс түрлерін жасайды және оларды баптауды;
- ялдар, баркастар, шлюпка, кеме корпустары, секциясының орташа күрделіктегі түйіндері мен бұйымдарына желімдеу, құрастыру, таңбалауды жүргізуді;
- шпоннан гидравликалық және пневматикалық престелген бұйымдарын, пресс-формадағы тік және сферикалық бұйымды желімдеуге арналған шпондарды пішеді және таңдауын жүзеге асыруды;
- сызба мен эскиз бойынша қажетті шаблондарды дайындауды;
- арнаулы құрылғымен шлюпка үшін майыстырылған бөлшегін қисықтықпен қабыстыруды, шуруптарды қондыруды және шегелеп таңбалауды;
- жұмысқа қажетті орташа күрделіліктегі кондукторлар мен құрылғыларға құрастыру, уақытша қолданылатын жабдықтарға дайындық жүргізуді;
- жұмыс процесінде кондукторлармен, постеля және рейка макетімен, сплаз шаблонымен қолдануды;
- ағаш кеме корпусының сферикалық бөлігіне шынылы матамен желімдеуді жүргізуді;
- шлюпка, кеме корпусының секциясы мен бұйымдарына, күрделі және айрықша күрделі түйіндерге желімдеу, құрастыру, тексеру жүргізеді; рубка, жақтау, палуба төсемдерін монтаждауды; ең жоғарғы біліктілікті ағаш кеме құрастырушысының жетекшілігімен шлюпкаға ішкі өңдеумен және қайық, кеме корпусы стапелін құрастырып отыруды;
- ағаш кемесін құрастыру бойынша жұмыстарын атқарудағы қауіпсіздік ережесін және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауды.
|
КҚ 2.4.1. – 2.4.7
КҚ 2.5.1. – 2.5.7 КҚ2.8.1. – 2.8.7
|