(1 cағат);
4) Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі: ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Түркістан. Халық ағарту мен баспасөз саласындағы зиялылардың қайраткерлігі. «Талап» ұйымының қызметіндегі ортақ мәдени бірлік пен ықпалдастық. З.У.Тоған Түркістан тұлғалары туралы. Х.Досмұхамедұлының ұйымдастырушылық қызметі (1 сағат);
5) Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы: «Бірлік» – қазақ қоғамының мұраты мен мақсаттарына сәйкес Омбы қаласында құрылған тұңғыш ұлттық жастар ұйымы. Қазақстанда 1917 жылы ашылған мәдени-ағарту ұйымдары: «Еркін дала» (Орынбор), «Жанар» (Семей), «Қамқор» (Торғай), «Жас қазақ» (Орал), «Үміт» (Троицк), «Оқығандар» (Көкшетау), «Ынтымақ» (Атбасар), «Қызмет» (Кереку), «Жас тілек» (Ақтөбе), т.б. Олардың өнер, білім, ғылым саласын дамытудағы миссиясы. «Талап» қауымы және оның қызметі (Ташкент) (1 сағат);
6) «Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы: «Қазақ» газеті (1913-1918 жж.). ХХ ғасырдың екінші онжылдығындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы. Басылымның ұстанымы мен тақырыптық бағыттары. Алаш бағытындағы «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Ұран» газеттері және «Абай» журналы, олардың жарық көру тарихы және авторлары. «Ақ жол» газеті (1920-1926 жж.) және Алаш қайраткерлерінің публицистік қызметі. Сталиннің Қазөлкекомға осы басылым туралы хаты. «Ескі» интеллигенцияға көзқарас (1 сағат);
7) Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт азаттығының сарындары: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет Орманбетұлы, Ғұмар Қараш, т.б. көркемсөз өкілдерінің шығармашылығы және ұлттық ояну көріністері. М.Дулатұлының «Оян, қазақ», А.Байтұрсынұлының «Маса» жинақтары – азаттық қозғалысының манифестері. М.Жұмабаев символизміндегі ұлттық және түрікшілдік сарындар. «Алаш» ұранды өлең-жырлар. «Ақ жол» және «Еңбекші қазақ» газеттерінің беттеріндегі әдеби пікірталастар (А.Байтұрсынұлының, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, Н.Төреқұлұлының, Ғ.Тоғжанұлының, т.б. мақалалары). Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы және ҚазАПП
(2 сағат).
|
1
1
1
1
1
1
2
|
|
Ағзамқожаев С. Түркістан мұхтарияты:Ұлттық-демократиялық мемлекет құру тәжірибесі. Ташкент: Руханиет,2000,168-б.
Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. Алматы: Жалын, 1996.
Айбын. Энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы ,2011
Құдайбердіұлы Ш. «Иманым», Алматы: Арыс,2000.
Құдайбердіұлы Ш. «Үш анық», Алматы, 1991.
Таңатарова Ж.Г. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау. Алматы:2008.
Нұрпейіс К.Алаш Һәм Алашорда. Алматы; 1995,156 б.
|
34-36
|
Қорытындылау
|
3
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |