2
3
4
5
6
7
|
«Алаш қозғалысы және ұлттық мүдде» (6 сағат):
1) Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы: Столыпин реформасынан кейін Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы жер мәселесі. Патшалық үкіметтің қоныстандыру саясатынан туындаған күрделі ахуал. Шет аймақтардағы теңсіздік. Алаш қозғалысының шығуы мен өріс алуы. Ұлт зиялылары – Алаш қозғалысының тірегі. 1905 жылғы Қарқаралы құзырхаты (петициясы). Алаш қозғалысы және Ресей Мемлекеттік Думасы. Қазақ зиялылары және ресейлік саяси қозғалыстар мен ағымдар (2 сағат);
2) Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі: Отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа бағыттары. Ұлттық басылымдар. Ана тіліндегі газет-журнал, кітап, мектеп үшін күрес. «Оян, қазақ!» тұжырымдамасы. «Айқап» басылымы және қазақ мәселесі. Баспасөз бетінде саяси жүйе мен отаршылдыққа қарсы сынның күшеюі. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның аграрлық экономика саласындағы бастамашыл істері. «Қазақ» газеті. Автономия туралы ой-пікірлер. 1916 жылғы көтеріліске қатысты Алаш қозғалысы жетекшілерінің ұстанымдары мен қайраткерлік қызметтері (2 с);
3) ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар: Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антиимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы. Ресей мұсылмандары қозғалысы. Саяси партиялардың жұмысына қатысу. Коммунистік идеология: интернационализм және пролетарлық тапшылдық. Дербестік және тәуелсіздік идеялары. Қазақ оқығандары арасындағы пікір алуандығы (отырықшылық және көшпелі тұрмыс, мүфтият, әліпби, т.б. туралы). Ұлттық мұраттар. Діни-ағартушылық тұғырнамалар (2 сағат).
|
2
2
|
|
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы,
"Жас Алаш" республикалық газеті
Ержұман Смайыл. Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы
Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990-е жж. XX века.(Орысша)
"Жизнь национальностей"(Орысша)
Қазақ энциклопедиясы
|