Ұлы Жібек жолы



бет2/6
Дата27.09.2022
өлшемі1.13 Mb.
#461490
1   2   3   4   5   6
825032.pptx

Ескерткіштері

  • Орхон ескерткіштері
  • Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы - Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы - байырғы түрік әліпбиін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, моңғол елінің аймағында табылған. Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Қазақстан, Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол сақталған. Оларды зерттеу XVII ғасырдың 20 жылдарынан басталды. Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштеріне ұшан-теңіз еңбек сіңірген ғалымдар Н. М. Ядринцев, В. В. Радлов, A. О. Гейкель және т.б.

Қорқыт ата ескерткіші

  • Қорқыт ата ескерткіші
  • Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет