Ұсыныстар:
1. Осы жобаны ағылшын тілі бойынша факультативтік сабақтарда пайдалануға болады.
Ү Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Леонович О.А. В мире английских имен / О.А. Леонович. – М.: Астрель - АСТ, 2008
Рыбакин А.И. Словарь английских личных имен/ А.И. Рыбакин. - М.: Изд-во АСТ,2009.
Frankie D. Oliver and Olivia become Britain’s most popular names for children in 2015/ D. Frankie// Mail Online[website].
4. Popular Baby Names/Social Security Online// The Official Website of the U.S. Social Security Administration.
Пікір
№» КММ «Б» сынып оқушысы «Ағылшын тіліндегі есімдер әлемі» атты ғылыми жобасы ағылшын тіліндегі есіәмдердің шығу тегі мен олардың тарих барысындағы дамуын танып білуге арналған.
Зерттеудің мақсаты: ағылшын атаулар жүйесінің тарихын қарастыру, ең көп таралған ағылшын есімдерін анықтау.
Міндеттері:
- Осы тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу;
- Ағылшын атауларының пайда болу тарихына мен мағынасына қысқаша сипаттама беру;
- Англиядағы ең ерекше есімдерді анықтау;
- Оқушылар арасында "What English name do you know?" – «Сіз қандай ағылшын есім атауын білесіз?» және нәтижені түсіндіру;
-Қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысында ізденуші көптеген ғылыми еңбектер мен интернет материалдарын ақтара отырып, ағылшын тіліндегі есімдердің жасалу жолына, олардың шығу тарихын анықтауға тырысқан. Ағылшындардың ат қоюдағы өзіндік ерекшеліктерін танытуға біршама күш салған. Ағылшын тілінде еркелету және кішіреткіш формалардың қолданылуын көрсетеді. Тарихи даму барысында ат қою дәстүрінің біршама жаңарғанын және соңғы есімдердің қойылу себептерін де сипаттай кетеді.
Адамдардың ерекше белгілерін танытудағы қосымша есімдердің көмегін алға тартады. Соған қатысты танымал есімдер тізімін көрсетеді. Ат қоюдағы алғышарттарды көрсетеді.
Ізденуші оқушылармен сауалнама жүргізе отырып, қазіргі уақыттағы танымал ағылшын есімдерін таныстырады
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |