ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
Астыртын жұмыста жүрген кезіміз. Аудандық пар- тия комитетінің нұсқауы бойынша соңғы кезде көпте- ген адамдарымыз «соғыс тұтқыны» деген жалған до- кументпен селоларда ашық жүретін болып еді. Бірақ немістің әскери комендантынан «соғыс тұтңыидары мен келімсек адамдарды тексеру керек» деген бұйрық келді білем, көп кешікпей селоларда, қалаларда жап- пай тексеру басталды. Осыны пайдаланып кейбір жер- гілікті жердің ұлтшылдары бас көтеріп, астыртын жұ- мыста жүрген орыс жолдастар мен басқа ұлт өкілдерін неміс коменданттарына «саяси сенімсіз» деп көрсете бастады.
Тексеруде көп адамдарды «саяси сенімсіз, комму- нист, комсомолец, совет активі» деген айыппен атып- асып жатты. Кейбіреулерді «неміс үкіметіне зиянсыз» деп, «еркіндікке» босатып та жіберді. «Еркіндікке» бо- сағандар астыртын жұмысқа белсене қатысуға толық мүмкіндік алды.
Киев облысы, Ржищев ауданындағы Македон село- сында «соғыс тұтқыны» ретінде ашық жүргеніме он шақты күн болған-ды. Мені де біреу көрсеткен болу керек, бір күні комендатураға шаңырды.
Аудандық астыртын ұйым мүшелері — Попов, Кло- пов, Дыченко, Олейник, Абраменко, Гаман тағы басқа жолдастармек ақылдастым. Бәріміз ақылдаса келіп, менің комендатураға баруымды мақұл көрдік. Өйткені комендатураға бармаған күнде бұл селода ашық жүріп астыртын жұмысқа бұдан былай араласу мүмкіндігі- нен айрылатын едім. Сондықтан комендатураға барып, айла жасап құтылып көрейік деп ұйғардық. Егер мені ұстап аудан орталығына жөнелткендей күн туса, жол- дастар жолшыбай құтқарып алмақ болды. Жолдастар- дың шешімі бойынша мен комендатураға ешнәрсе тү- сінбейтін жарымес адам ретінде бармақ болдым.
Сол күні Василий Клопов тұратын үйдің иесі, ас- тыртын ұйымның мүшесі Анна Трофимовна коменда- турада село тұрғындары атынан кезекші болатын, ол менің комендатураға баратынымды білмейтін еді.
Одан әрі кешігудің лажы болмаған соң, өз киімімді шешіп тастап, қырық құрау шалбар, көйлек киіп алып комендатураға жалаң аяқ тартып отырдым. Менің тү- ріме қарап ішек-сілесі қатқанша күлісіп, аман-есен қайтуыма тілектестік білдіріп, Попов пен Клопов екеуі қала берді.
Май айының аяқ кезі. Күн аптап ыстық, көше бо- йы шаң. Өзіме өзім қарап езу тартып та қоямын. Са- қал-мұртым, шашым көптен бері алынбай сиқым адам шошырлықтай болатын. Оның үстіне шалбарымның балағын жол-жөнекей тізеге дейін түріп алдым да, адам сирек жүретін көшелердің бірінде батпақ кешіп, одан соң шаңы бұрқырап жатқан көшеде біраз жүрген- нен кейін тіземе дейін баттасып, әбден келістім
Сөйтіп енді есі дұрыс адамға мүлде ұқсамай көше- нің дәл ортасымен келе жатырмын. Кездескен адам өзіме таңдана қарайды. Мен де оларға тоқтап тұрып әдейі қараған боламын. Адам кездеспеген жерде ма- ңайыма ұрлана көз тастап, өзіме өзім күліп қоямын. Сол жерде, сірә, менің халімді білгелі келе жатқан бо- лу керек, бүйірдегі бір тар көшеден шыға келген Нико- лай Михайлович Абраменко мені көре салып күліп жіберді.
— Жетер, біреу-міреу сезіп қояды,— деп ілгері қа- рай жүріп кеттім мен.
Достарыңызбен бөлісу: |