Сен осы, дәуде болса, үйге барған соң: «Бауыр- сақты тасып әкетейік деген Қасым!»— деп айтқалы келесің-ау, ә! — деп оған бірден қадала кеттім.
Ңаштай, айтпаймын,— деді Сақыпзада, менен қорыққанынан мөйілдей ңара көздерін жыпылықтата түсіп.
Мен жұдырығымды түйіп, түнере түстім.
Егер айтсаң, бұдан былай ойнатпаймын. Мына жұдырың басқа тиетінін ұмытпа...
Ант ішсін!— деді Шамшия Сақыпзадаға сенім- сіздеу қарап.
Сол-ақ екен:
Айтсам, желкемнің шұқырын көрмейін, аяқта- ғы суға ағылып, көнектегі суға көміліп өлейін! — деп Сақыпзада шұбыртып сөйлей жөнелді. Бірақ мұның не деген ант екенін біле коятын кезіміз емес. «Аузынан ант берді, айтпайды енді!»— десіп, көңіліміз орнығып, үйге келдік.
Әжем байғус аңқау адам еді.
Бижамал, Бижамал! Бауырсақтан біреу де қал- мапты! Ас үйдің төбесінен бәрін ңарға тасып кетіпті,— деп бажылдап, үйден шығып келе жатыр екен. Сол-ақ екен, ішкі бөлмеден шешем де шықты. Екеуі қайтадан
ас үйге кірді. Олардың соңынан ілесіп Сақыпзадд кет- ті. Мен ас үйге басымды сұқпайтын едім. Бірақ: «Са- қыпзада болган әңгімені айтып қояр. Ңасында түра- йын. Ңасында тұрсам, қорыққаннан айта қоймас» де- ген оймен ас үйге іле-шала мен де кірдім. Кірсем шешем астаудың жан-жағын мұқият тексеріп қарап жүр екен. Ас үйдің ыс басқан төбесіне бір, бос жатқан астауларға бір қарап тұрды да:
Апа, қарға тасыған болса, тым құрығанда жал- ғыз бауырсақ астаудың маңайына шашылып, не басқа бір жерге түсіп қалар еді ғой. Мұны әдейі біреу салып алып кеткен,— деді шешем. Осы арада Сақыпзада жал- тақтап маған бір, апама бір қарап қойды. «Айтсаң — оңдырмаймын!»— дегендей, оған мен ала көзіммен ата қарап, жұдырығымды түйіп көрсетіп қойдым. Сол сәт- те Сақыпзада жүгіріп апамның қасына барды да, мені сұқ саусағымен нұсқап:
Достарыңызбен бөлісу: |