Бұл мереке барган адамдардың ойында ұмытылмас әсер қалдырды. Украинаның Роесиямен ңайта қосы- луының 300 жылдығы ұлы Совет Одагының барлық халықтарының салтанатты мерекесі болды.
КИЕВТЕГІ К.ЕЗДЕСУ
Москва — Киев жүрдек поезы туысқан Украин рес- публикасының астанасы, сәулетті Киев қаласына жа- қындап қалған. Купеде отыра алмадым. Вагонның те- резесінен оңтүстік-шығысқа көз жіберіп қарап тұрмын. Кешегі сұрапыл ¥лы Отан соғысындағы қарулас, қан- ды көйлек достарым, қан төккен жерлерім, қаза тапқан достарым көз алдыма елестейді. «Я, сендермен жүз кө- ріспегелі бақандай он үш жыл өтті. Он үш жыл! Бұл он үш жыл тек айтарға ғана. Сендерді бүгін ғана ой- лап, бүгін ғана есіме түсіріп, сағынып тұрғаным жоқ. Талай ұзақ түндер бойы көз ілмей, басымыздан кешкен ауыр оқиғаларды, қатерлі минуттарды, қауіпті жол- дарды оймен болса да сендермен бірге өтетін едім, дос- тарым! Әрине, сендер ұмытылмас мәңгілік адал дос- тарсыңдар! Бізді дәл осылай достастырған бәріміздің кеудеміздегі «Отан!» деп соққан жүрек осылай тәрбие- леген ұлы Партия!»
— Дарница станциясы, кім түседі? — деген про- водниктің даусы манадан бергі ұзақ сонар ойымды бө- ліп жіберді. «Дарницаға жаңа ғана келіппіз. Ңашан жетпекпіз Киевке!» деген ой тағы сап ете түсті. Купеге кірдім де, чемоданымды алып, көршілеріммен ңоштаса
Немене, сіз Дарницадан түсетін болдыңыз ба?— деп қалды Москвадан бірге келе жатңан киевтік көршім.
Неге, Киевтен түсемін,— деп купеден шығып, нәрсемді вагон есігінің алдына апарып қойдым. Сол кезде поезд орнынан жай қозғалып барып жүріп кетті де, вагон есігінің баспалдагында тұрган проводник ма- ған жалт бұрылып қарады да:
Сіз ерте қайда барасыз? Осынша неге асығасыз? Әлі жарты сағаттық жол бар,— деп баспалдақтан кө- теріліп вагонға кірді.
Үйіме жетуге асығып келемін. Олар күтіп отыр ғой,— дедім оған.
Достарыңызбен бөлісу: |