Бір жорықта отрядтің үлкен өзеннен өтуіне тура келеді. Жамалдың аты сүрініп кетіп жығылып, Мая
Партизандар Киевте кездесті.
Жамалдың қолынан түсіп кетеді де, баланы су ағызып алып кетеді. Мұны көрген партизандар тұс-тұстан тұра ұмтылып судан Маяны аман алып шығады да, «біздің Мая тағы да бір ерлік жасады» деп күліседі. Суық тү- сіп қар жауады. Тағы бір ұрыста Жамал отрядтан ада- сып қалады. Жамал Маясын қолтығына қысып жүріп, қалың қарды омбылап отрядты іздеп орман ішін екі- үш күн кезеді. Маяның кішкентай аяқтары домбыға- ды. Екеуі де әбден ашығады. Сөйтіп жүргенде ойлама- ған жерде Лидия деген партизанкаға кездесіп, Дан- ченконың отрядына келеді. Онда өзінің бұрынғы жолдастарының бірі барлаушы қырғыз жігіті Идеят Үсеновке кездеседі. Үсенов Жамалды оз отрядына апа- рады. Түнде жытіағанда Маяның дауысын жау тыңшы- лары естіп ісоятын болғандықтан оны партизандар да қолдан-қолға алып уататын болады, даусы алысқа естілмеу үшін тіпті терең ор қазып Маяны сонда ұстайды.
Бұрынғы шағын ғана отряд енді Галюга басқарган ■у лкен бригадаға айналып, басқыншылармен белдескен ұрыс жүргізіп жатады. Фашистер совет партизандары- на жерден ешнәрсе істей алмайтын болған соң, ауадан
торып, бомбалай бастайды. Енді дабыл: «Ауадан! Са- молет!» деп ңағылатын болады. Сондыңтан да кішкен- тай Маяның тілі «самолет» деп шығады.
1943 жылдың октябрінде партизан бригадасы Ңы- зыл Армияға қосылады да, Ағаділовтың семьясы ту- ған жері Павлодарға келеді...
Тілі «самолет» деп шыққан бұрынғы кішкентай партизанка Мая биыл күзде он жетіге толады. Павло- дар қаласындагы 15-орыс орта мектебінің тоғызыншы класында үздік оқиды.
Ол оқуды жақсы оқумен бірге үй шаруасында ма- масы мен папасына болысады. Мая туралы айтар аңыз оте ұзақ, оны гағы бір кезде айтармыз...
Достарыңызбен бөлісу: |