Украиндықтар әнді жақсы көреді, оны беріле, елти тыңдайды. Мен де дәл сол кезде біздің партизан жол-
дасымыз Гаман айтатын әндердей әсерлі, әсем, жүрек тебірентерлік әндерді ешқашан тыңдап көрмегендей сезімге бөленуші едім. Ол көбінесе Шевченко өлеңінің әндерін сүйіп айтатын, менің де айрықша қатты толқи- тыным, бәлкім, содан да болар. «Құлдықтан ащы қай- ғы жоқ...» — деп бастайды Иван, сонда сенің жүрегің өзінен-өзі қысылып, сол бір сәтте алдыңдагы ошақтан шыққан от түтіні де көзіңді қаттырақ ашыта түсетін тәрізденеді. Айбарлы да мұңлы бұл ән партизандар жүрегін тырналай түсетін, жауға деген ашу-ызаларыи күшейте түсетін. Украина ол кезде аяусыз тұтқындық түнегінде бо- латын. Басқыншылардың басынан қару жарқылдатып, маза бермейтін бізге — партизандарға бұл әбден белгі- лі еді. ¥лы Тарас өз өлеңдерінде сүйіп жырлаған Днепр үстінде фашист пароходтары ерсілі-қарсылы жүзіп жүреді, жағалаудағы селолар мен қалаларда полицайлар мен жандармдар жалаң қағып, ойына кел- гендерін істейді, Әр жерде үйлер өртеніп, алаңдарда дар ағаштары тұратын. Мың-мыңдаған патриоттар тағыланған жен- деттер қолынан қаза тауып жатты. Гитлершілдер қалалар мен селоларды талқандап, өртеп, ескерткіштерді қиратумен болды. Олар тек бір гана Кобзарьдың ескерткішіне тиісе алмады. Басында бұған біз, партизандар, таңданысып жүрген едік, бірақ кешікпей-ақ фашист сілімтіктерінің бұл «қайрымды- лығының» сыры да мәлім болды. Басқыншылар укра- индықтардың өздерінің даңқты ұлы Тарасқа деген ұлы сүйіспеншілігінде шек жоқ екенін білді, сөйтіп одан ездеріне бір пайда таппақшы болды. Фашистік өкімет тіпті Кобзарьдің ескерткіштерін қорғау жөнінде ар- найы бұйрық та шығарды. Гитлершілдер бұл арқылы украин халқының сеніміне ие боламыз деп те дәме- ленді. Бірақ, совет адамдары мұндай сұрқия, жалған, фа- шистік насихатқа алданбады. Басқыншылар Тарас Шевченконың Киевтегі ескерткішін сау қалдырғаны- мен сол Киевтің өзінде ғана жүз мыңдаған бейкүнә адамдарды олтірді, қаланы қиратты, оның бар байлы- ғын тонады. Киевке совет әскерлері келіп кіргенде, солдаттар ескерткіш түбіне жиналып, ұзақ уақыт үн- демей тұрып тарқасатын. Алдыңгы бөлімдермен бірге
ңалаға генерал Ватутин келіп кірді. Ол Тарас ескерткі- шіне қарап тұрып: «Украина не күйге түскен, Тарас?» деп күңіренгенін сол кезде ескерткіш түбінде тұрган- дардың талайы естіпті. Фашистер Украинаны әбден-ақ қорлады. Совет адамдары сол бір ауыр күндердің өзінде Шевченконың аман қалған ескерткіштерінің түбіне жиналысып келе- тін. Сонда олар аңынның бұл мүсін бейнесін қиратпа- ғаны үтітітт гитлершілдерге алғыс айтуга жиналмай- тын. Жоқ, тіпті де олай емес-ті. Олар Тарастың қасына өздерінің ңайғысын жеңілдету үшін, жауға қарсы кү- реске рухани күш алып ңайту үшін келетін. Киев ма- ңында жүрген партизандар да ыңгайлы сәттердің бә- рінде аңын қабырының басына соқпай кетпейтін. Олар фашист басңыншыларымен шайқаста қол жеткен әр- бір жаңа жеңіс ңұрметіне даланың жас гүлдерін теріп әкеліп, ақын ескерткішіне қоятын. Партизандардың қолы босайтын уақыт өте сирзк. Соның өзінде жұрт уақытын тиімді өткізе білетін. Мен мұндайда жолдастарымның әрдайым-ақ ңолына кітап ұстап жүргенін көруші едім және соның көбінде ол Та- рас Шевченконың кітабы болып шыгатын. Бұл кітап- тарды жұрт ықтияттап ұстайтын, олар ңолдан қолға көшіп, қасиетті бой тұмардай сақталатын. Тарас өлең- дері мен әндерінің көшірмелері партизандардың бәрін- де дерлік бар еді, ал кейде кітап болмай қалған жағ- дайда, Шевченко өлеңдерін жатңа білетіндер әрбір отрядта-ак табыла кететін. Ол жолдастарына ақын өлеңдерін жаттаттыратын, сосын бәрі қосылып айта- тын. Осы бір сәттер жұрттың есінен ұзақ уақыт шық- пайтын. Ақынның ұлы құдіреті осындай. ¥лы Кобзарьдың жүз елу жылдығын бүкіл прогресшіл адамзат атап өт- кені мәлім. Днепрдің айналма шыганагы, ондағы биік гранит тұғыр, ерке толқынға құмартып өткен ақынның айбарлы қола мүсіні менің көз алдыма әруақыт елес- тейді де тұрады. Мен сияқты партизан ңазақтың жа- уынгер жолдастарымен қатарласа сол ескерткіш тү- бінде тұрған еәттерім, Кобзарь өлеңдеріне елтіген жү- регімнің сондағы әрбір лүпілі бүгінгідей есімде. Бұл өлең-әндер бізді күрес пен еркіндікке шақыратын және олар бізді жеңіс пен бейбітшілікке бастады да. Бұл үшін, ұлы Тарас, саған иіліп бас иеміз, Тарастың туган