тартымдылық бар. Әйтеуір менің бұларға деген сенім- сіздігім тез-ақ сейіле бастады.
Сендерді қашан, қай жерде атып түсірді? — деп сұрады Ломако.
23 августа, Таганрог төңірегінде. Ұшқыштың жауабы әрі тез, әрі тұжырымды шықты. Сірә, ол өзде- ріне мұндай сұрақ қойылатынын күні бұрын-ақ білген сияқты.
Сендер қашып шыққан лагерь қай жерде?
Бізді тура Берлинге әкетіп бара жатыр еді,— деді ұшқыш күрсініп,— мына менің жолдасым Виктор Карюкин екеумізді де. Фастов қаласына таянғанда, біз екеуміз де эшелоннан секіріп тығылып қалдық.
Ұшқыш маршрутты дұрыс айтып шықты, Фастов- тан бергі жердегі әлденеше деревняларды да дұрыс атады. Тек солардың үстімен жүргенде ғана бұлардың партизандарға тап келе алатыны рас еді.
Сіздің фамилияңыз кім? — деді Ломако енді даусын сәл жұмсарта сөйлеп.
Лавриненков! — Ломако әлде-нені ойлана сәл үндемей тұрып қалды. Содан соң барып ол: — Ә, сіз Совет Одағының Батыры емессіз бе? — деп сұрады.
Я,— деп жауап қайырды да, ұшқыш артынша- ақ: — Ал сіз оны қайдан білесіз? — деп сұрады.
Бұл енді біздің жұмысымыз,— деп сәл езу тар- тып жымиды Емельян Демьянович, сөйтті де ол ұш- қыштардың қолын қатты қысып амандасты,— жүрің- дер, лагерьге, командирге барайық.
Бұл 1943 жылдың жазында болып еді. Киев қала- сына таяу жерде Днепр бойында қимыл жасап жүрген Чапаев атындағы партизандар бірлестігіне ұшқыштар Владимир Лавриненков пен Виктор Карюкин осылай келіп қосылган болатын. Олар партизандық кәсіпке тезақ үйренісіп кетті. Бұрыннан кәнігі болған парти- зандар бұларға таңырқайтын да болды. Амал не, капи- тан Виктор Карюкин көп ұзамай қаза тапты. 12 сентябрь күні партизандар оны Днепрдің бір айна- лымындағы емен түбіне жерледі. Ал Владимир Лав- риненковты өлімнен аман алып қалу үшін біз мүмкін оолғанның бәрін істеп бақтық. Біз үшін бұл оңайға түскен жоқ. *
Лавриненков өте бір қызьщ жігіт болып щьщты. Ол нагыз көзсіз ерліктің адамы еді, ешбір хауіп-қатер- ден сескенбей, ажал аузына өзі баратын. Бұл жайында сәл кейінірек толығырақ айтармын да. Ал әзірше Лав- риненковтың тұтқынға түскенге дейінгі жорықтары және тұтқыннан қалай қашқаны жайында біраз әңгі- мелейін. Владимир Лавриненков талантты ұшқыш-истреби- тель болған. Әрі ол қабілетті педагог-нұсқаушы да. Көп уақытқа дейін қанша сұранып-тіленсе де майданға жіберілмей, жас ұшқыштарды үйрету ісімен шұғыл- данған. Волгадағы ең қиян-кескі ұрыс басталған кезде ғана оның майдан шебіне шығуына әрең дегенде рұқ- сат берілген. Ол күн сайын алты-жеті реттен әуеге кө- теріліп, жау самолеттерімен шайқасқа түсіп отырған. Гитлер ұшқыштары оны әбден танып-біліп алыпты. Лавриненковтың аспанға көтерілгенін білісімен-ақ олар ұрыс көгінен жылыстап, тайқып шыға келетін болған. Бәрі бір олардың көбі құтылып кете алмайтын. Волга шайқасының аяғында Лавриненков жаудың жиырма алты самолетін атып түсіріпті. Бұл үшін оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Даңқты ұш- қыштың есімі майданда ғана емес, жау тылында жат- қан біздерге — партизандарға да белгілі болып еді. Мі- не, біздің комиссарымыздың бұларды ешбір күмән- күдіксіз қарсы алғаны да осыдан. — Сұңқарларды сақтай білуіміз керек,— деді бір- лестік командирі Иван Кузьмич Примак, лагерьге кім- дер келгенін естігеннен кейін,— мүмкін болғаньшша бұларды майдан өтінен өзімізге қарай неғұрлым тез өткізіп жіберуге тырысамыз. Ол жаққа бұлар қазір өте зәру ғой. Бірақ, партизандардың өздері де күн құрғатпай не- ше түрлі хауіп-қатерге кездесетін біздің жағдайымызда ұшқыштарды аман сақтау да қиын еді. Партизан от- рядтары жаудың жазалаушы солдаттарымен соқтығы- сып қалып отырады, күн сайын жорыққа шығып тұ- рады. Осындай жорықтардың бірінде Виктор Карюкин қаза тапты. Мұны естігенде Иван Кузьмич Примактың қатты ашуланып ренжігені соншалық, Карюкинді жа- уынгерлік тапсырмаға ертіп кеткен топтың командирін қамап та тастады. Ал біз Карюкиннің өзі қоярда-қой- май еріп кеткенін білуші едік. Ол тіпті бәрімізге айқай-
лап, балағат сөздер айтуға дейін де барған болатын. «Басқынінылардың қанды табаны туған жердің топы- рағын былғап жатңанда қарап отыратын, партизандар нанына босңа ортақ болатын мен бе екенмін?!» —деп айқай-шу көтерді.