Тінткенде Григорий Алексеенко олардың ңалтала рынан әбден тозығы жеткен бес пистолет және жүз елудей винтовка патронын алды. Сүйтті де тағы да Болатовтың ңасына үш ңадамдай келіп:
Командир жолдас, сіздің бұйрығыңызды күтіп тұрмын,— деді.
Сол кезде оның қысыңқы әдемі көзінен мысқыл күлкі бетіне ойнап шыға келді.
Болатов өзін-өзі буындырған күлкісін басу үшін:
Барлың қаруды дереу бірінші взводтың коман- диріне табыс ет! Екінші взвод пен үшінші взвод коман- дирлері анау алаңда менің жарлығымды күтсін!
Ңару бірінші взводқа берілсін дедіңіз, жақсы!— деді де Григорий Алексеенко винтовка пирамидасын сыртқа тасып шығара бастады.
Бірінші взводтың командирі Илько Витряк штаб бастығынан ңаруларды қабылдады, өзі күлкіден булы- ғып өлгелі жүр. Ал бұл кезде Болатов қолға түскен- дердің ішіндегі полицейлерге арнап ңысңаша сөз сөй- леді:
Сендер немістерге өз еріктеріңмен қызмет етіп жүрген жоқсыңдар, біз, партизандар, оны жақсы біле- міз. Сендердің өмірлеріңді сақтаймыз, басқа істермен шұғылдану үшін, ок-куданттарға ңарсы күресте біздін жалпы күресімізге көмектесу үшін сендерді босата- мыз,— ал өзі бұл кезде көз қиығымен Григорий Алек- сеенко қару-жарақты бірінші взводқа ңашан беріп бо- лар екен деп соған ңарап қояды.
Ңаруларды ңабылдап алған соң, рақаттана жы миып тұрған Ильконың алдында винтовкалар үйіліп қалған кезде, Болатов полицейлерге тағы да:
Сонсоң қабағын қарс жауып, Болатов «Смирно» бо-
йынша, Григорий Давыдович Алексеенкоға:
Достарыңызбен бөлісу: |