Жомартжан, не боп қалды? — деп абыржи сұ- рады.
Тұрып киініңдер де, дайын болыңдар! Шекара- дан фашист армиясы өтіп кетіпті. Біздің полкте соғыс дабылы согылғалы бес минут болған екен,— деп қыс- қа жауап қатты да, майор Жамалы мен Серігінің бет- терінен сүйіп, киімдерін апыл-ғұпыл түзей салды да, үйден жұтіріп шыға жөнелді...
Жамал мен Серік тез киінді де, үйдің ішін буып- түйе бастады. Жамал ойына әртүрлі қорқынышты күдіктер ұялай берді. Бұл қала шекарадан небары қы- рық-ақ километр жерде болатын. Шекарадан өтіп кет- кен жау бірнеше сағаттан соң осы қалаға, өздері тұр- ған зәулім биік үйлерге оқ атуы мүмкін. Сонда қайт- пек? Жамал әрі ойлап, бері ойлап, Серікті атасы мен әжесінің қолынан алып келгеніне қатты өкінді. Жап- жас баласының ендігі күндері немен шектелмек? Кө- ңілінде ешбір күдігі, ойында ешбір алаңы жоқ сәби ен- ді жау оғынан бұқпантайлап, бас сауғалап жүрмек пе? Бұл қалай болғаны сонда? Жамал әлсін-әлі балконға шығып, полк тұрған казармаларға, зеңбірек алаңда- рына, ат қоралар жаққа көз жіберді. Ңайда болмасын абыр-сабыр, асығып-үсігіп қайшыласып жүгіріп жүр- ген солдаттар мен офицерлер. Терезелерден, балкондар- дан бастары қылтиып жан-жағына күдіктене көз жібе- ріп тұрған офицер семьялары, жай адамдар. Сонсоң тұрып тың тыңдады. Ңаланың әр жерінен соғыс дабы- лы, анда-санда саңқ-саңқ еткен офицерлердің бұйыра айқайлаған дауысы естіледі.
Тыныштық құшағында мүлгіген осы көркем қала- ны мұнша әбігерлендіріп, шырқын бұзған кім? Неге өшікті екен осынша? Керегі не оған?
Жамал әлі қарап тұр сыртқа. Ендігі бір сәтте сапқа тізілген солдаттар, көсемдеп бірнеше ат жеккен зеңбі- ректер, ұшы-қиыры жоқ жүк тиеген машиналар, атты әскерлер көше-көшелермен қаланың батыс жағына қа- рай агылып өте бастады. Серік те мамасының жанын- да осы жойқын көріністен көз алмай қарап тұрған-ды. Бала жүрегі сол қауіпті сезгендігін байқатып:
Папам үйге енді келе ме? — деп сұрады ол ма- масына күдіктене ңарап.
Келеді, жаным, келеді! — деп, жұбаныш айтып жауап ңайырды Жамал ұзақ-сонар ой соңында тұрып. Осыдан кейін екеуі біріне бірі тіл қатқан жоқ, мамасы баласына, баласы анасына үнсіз қарай берді. Екеуі баяу басып, бірінің соңынан бірі еріп, үйге қайта кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |