Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Білмеймін! — деп, Анна Ивановна келте жауап қайырды да, ілгері қарай жүгіре берді



бет330/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   395
Jau tilinda 2

Білмеймін! — деп, Анна Ивановна келте жауап қайырды да, ілгері қарай жүгіре берді.

Автоматтан, жеке винтовкалардан атылған оқ дау- сынан төңірек жаңгырыгып кетті. Дәл осы кезде гүріл- деген мотор даусы естілді де, гүріл үдей түсіп, дарыл- даган автомат даусына ұласты. Біреуді біреу біліп бо- лар емес. Астан-кестен бір дүние. Бассауғалап кез кел- ген жаққа қарай жан ұшыра безіп бара жатқан жұрт.
Анна Ивановна екі баласымен тоғайга келіп кірді де, не істерін білмей кілт бұрылып, бір орыннан тап- жылмай тұрып қалды.

  • Жүр, жүр, мама! — дей берді үрейлері ұшқан екі бала аналарының қолынан ілгері қарай тартып. Анна Ивановна: «оқ атқан кімдер, анықтап көріп алайын» дегендей, қашып келген жагына ұзақ қарау- мен болды. Екі көзі бұлдырап ешнәрсе көрер емес. Со- дан соң ол балаларын ертіп бір талдың түбіне келді де, отыра кетті. Тағы да құлақ тұндыра оқ атылды. Сәлден соң атылған оқ Серіктер отырған маңайды тіміскілей бастады. Ысқырып өткен оқтан қорғанып, балалар да бұталарды паналап бұға қалысты.

«Бұл не сұмдық?.. Оқ атып жатқан кім? Фашис- тердің келіп-ақ қалғаны ма?.. Жоқ. Ол жауыздарды Ңызыл Армия жібере қоймас!.. Сонда оқ атқан кім? Біздің әскерлер босып келе жатқан өз адамдарына оқ ата ма? Жоқ, оқ атуы мүмкін емес. Сонда кімдер?..» — деген ойда отырганда, мотоциклистер жол бойына қап- тап кетті. Бірінің соңынан бірі жолмен ілгері қарай өтіп жатыр. Бәрі де біркелкі көк киімді, білектерін шынтақтарына дейін түріп, бастарына каска киіп, автоматтарын алдарына көлденең асып алған.

  • Мынау біздің солдаттар емес! — деді Борис жұ- лып алғандай, мотоциклистерден көз алмай қарап тұ- рып. Серік те, Анна Ивановна да оған ешбір жауап қатқан жоқ, үнсіз, қимылсыз тұрып мотоциклистерге үңіле қараумен болды.

Анна Ивановна көзін оң қолының салалы саусақ- тарымен қайта-қайта сүртіп қарап тұр. Не заматта осы сабылып өтіп жатқан фашистер екеніне көзі әбден жет- кең соң: «Ия, жау қуып жетті! Ендігі күніміз не болар екен. » деп күбірледі де, Борис пен Серікке алма- кезек бір қарап қойды.




Сол күні Анна Ивановна екі баласымен агаш түбі- не паналап шықты. Енді жолмен жүру бұлар үшін қауіпті болды. «Не болса да алға қарай жүре бере йін»,— деген шешімге келген ана Борис пен Серікті ертіп, ағаш-ағаштың арасымен ілгері қарай жүре бер ді. Азықтары таусылған болатын. Бірер сағат жүрген нен кейін сирей бастаған тоғай шетінен қалың өрт көз- ге шалынды. Будақ^аған түтін ішінен қызыл жалын- ның тілі жалаң-жалаң етті. Өрт маңында қараңдаған әйелдер... Үшеуі солға қарай бұрылып, өртті айналып жүрмек болды. Анна Ивановнаға жанып жатқан мал қорасы, не бір сарай сияқты болып көрінді. Ілгері бі- раз жүргеннен кейін өртеніп жатқан мал қорасы емес, село болып шықты. Әр үйдің қасында екі-үштен мото- циклистер жүр екен.
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет