Бұл кім? — деп сұрады. Бірақ Анна Ивановна бірден жауап бермей, кідіріп қалды.
Бұл кім? — деп әлгі адам даусын қаттырақ шы- гарып, екінші рет сұрағанда барып. Анна Ивановна өз әкесінің даусын танып қуанып кетті.
Папа, папа! Мен Аня ғой, Аня! — деп Анна Ивановна сыбырлап, терезе шынысына аузын төседі. Қарт та қызын ганыды білем:
Құдай-ау... Аночка! — деп, сол сәте-ақ ғайып болды. Терезеден кейін шегіне бергенде, Анна Иванов- наны әкесі мен шешесі қабаттасып келіп құшақтай ал- ды. Біраз құшақтасып мауқын басңан соң:
Жүр, жүр үйге! — деп сыбырлады әкесі. Бар- лығы үйге кірді. Терезені ішінен тұмшалап жауып, шам жақты. Иван Дементьевич қызын тағы құшақтап, солқылдап жылай берді.
ГГапа, қой жылама? — деді Анна Ивановна.— Ана Борис пен Сережаны көрдіңіз бе?
Иван Дементьевич көзінің жасын сүртіп, екі бала- ның маңдайынан сүйді.
Аночка, бұл дүние не болды?! Құрыдың қой! Біздің армияға не болды?..— деп Иван Дементьевич тағы да сары уайымға салынып, Анна Ивановнаға қа- рады. Анна Ивановна күрсініп:
Қайдан білейін! Әлі ешнәрседен хабарым жоқ. Бұл бір уақытша жағдай шығар. Совет халқының же- ңілуі, фашистерге құл болуы мүмкін емес. Қашан да болса әділеттілік жеңеді. Фашистер елімізге басып кірді, бұл әділеттілік емес. Біздің халық болса, енді өз Отанын қорғайды, басқыншыларды туған жерімізден қуу үшін оларға қарсы күреседі, бұл әділеттілік. Олай болса, біз жеңеміз! — деді.
Осында Антон Архипович, Тамара Чуляктар немістердін алдынан нан мен тұз алып шығып, «совет үкіметі құрыды» деп жүр,— деді ңарт. Сол кезде Анна
Ивановнаның көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ол сасқалақтап:
Папа, не дейсіз? Тамара дейсіз бе?.. Антон шал- ды қойшы. Ол өмірі колхоз мүлкін ұрлаумен абақтыда келе жатыр. Ал Тамараны не қара басты? Бәсе, бэ- се!..— Өзінің жаңа гана Тамараның үйінің жанында болғанын есіне түсіріп, неміс офицерімен рюмка согыс- тырып сұрқиялана күліп отырғанын көзіне елестетті.
Ол бұзылған әйел. Неміс офицерлері үйінен шықпайды. Николайды ұмытты. Ол бұрынғыдай емес. Біздікіне келуді қойды. Сен онымен енді байқап сөй- лес,— деп, Софья Павловна да сөзге араласты.
Жоқ, мама! Онымен мен енді сөйлеспеймін де. Әлгінде келе жатып оның үйіне соғып едім, мен де бір сұмдықты байқап қалдым...— деп сәл кідірді де: — Оны қойшы, Николай келсе, көреміз. Ал не істедіңдер? Село адамдарынан кімдер бар? — деп, Анна Ивановна әкесіне жақындай түсті.
Селода ашық жүргендер тоғышарлар. Фашис- терге қайтсем жағам деп жүргендер. Ал өзіміздің Со- вет үкіметін жақсы көретіндерден ашық жүргендер жоқ. Қоршауда қалып үйлеріне келген жастардың бар- лығы да әлі көшеге шыға қойған жоқ. Осында жақсы жігіттер де бар. Олар туралы кейін айтам,— деді қарт балаларға күдіктене қарап.