Онда сендерге керекті ешнәрсе жоқ, елден хат жазғандардың әдресі ғана.
«Сендерге керек ешнәрсе жоқ» — Көрсетемін саған, ненің керегін! — деп күжілдеді.
Пан староста, бұларды не істейміз? — деп поли- ция бастығы москал, оң көзі соқыр адамға қарады.
Ңазір етіктерін шешіп алыңдар, өздерін осы бөлмеге қамап, сыртына құлып салып, күзетіңдер,— деп бұйырды, қатал түсті соқыр.
Ол біраздан соң тағы зілденіп:
Сендерді біз жай соғыс тұтқыны деп ұстап отырғанымыз жоқ. Сендер коммуниссіңдер! Сендердің істеріңді біз білеміз! Сендер түні бойы ойланып, шын- дарыңды айтыңдар! Айтпасаңдар ертең дарға асамыз, айтсаңдар пан комендант өлтірмейді, ең қатты бблса жұмысқа пайдаланады. «Азат етуші — фюрер» заңы- ның халыққа деген кешірімі көп,— деп бізді үгіттей бастады. Олардың айтып тұрған сөздері біздің құлағы- мызға да кірген жоқ, біз алдағы минуттерде не істеуі- міз жөнінде ойлауда едік. Аздан соң шам жағып, бізді әлгі бөлмеге қамап, барлығы кетіп қалды. Біз бір-бірі-
мізді құшақтап жатып, сыбырласып, ақылдасуға кі- рістік.
Вася! — деді ірге жақта жатқан Попов қатты күрсініп.
А,— дедім де мен басымды оған қарай бұр- дым.
Бізді ертең не істейтіні мәлім! Біз бүгін түнде құтылмасақ болмайды, сондықтан мына әйнекті бұзып қашуымыз керек!..
Жоқ!.. Ол болмайды, досым, екі қабат терезе оп- оңай бұзыла қоймайды... Оны сындыра қоятын қолы- мызда не бар? Оны күтірлетіп жатқанда, есіктің ал- дында тұрған полицай алдымызды орап алады. Өйтіп өлімге өзімізді ұстап бергенше, қазір сыртқа шығып келейік деп сұрайық, шығарса қараңғыны пайдаланып екеуіміз екі жаққа қашалық, табысар жер белгілі, сол жерден бір-бірімізді күтеміз, егер біріміз босап, екін- шіміз қолға түсіп қалсақ, біріміз болсақ да қашып шыққан соң қаруды алып, қайта келіп, алты полицай- мен жанжалдасып көреміз, ол қалай?
Достарыңызбен бөлісу: |