Ол да дұрыс екен,— деді Попов, екеуіміз де ор- нымыздан тұрдық, мен есікті қақтым.
Не? — деп, сырттан жауап берді.
Сыртқа шығайық деп едік,— дедім.
Қазір.— Полицай кеп есігін ашты да, үш адым кейін шегініп, винтовкасын кезеп, жанындағы жәрдем- ші он төрт-он бес жасар ер балаға:
Етіктерін әкел! — деді.
Бала шұлғаусыз екі етікті бізге әкеп берді, біз еті- гімізді қоңылтаяқ киіп алдық.
Біреуің қала тұр...— деді полицай. Мен бөлме- ден шықтым. Попов бөлмеде қалды. Бала есікті қайта жауып бекітті. Мен күрткемді иығыма жамылып, сыртқа шықтым. Түн қараңғы, жаңбыр себелеп жауып тұр екен. Есіктен он қадамдай шығып, жүремнен оты- рып, қашып кетудің мүмкіндігі болса да, артын ойла- дым: «Мен қашармын, құтылармын, мен кеткеннен кейін қайтып оралғанша Поповтың жағдайы не бола- ды?» Міне, мені қинаған осы болды. Кенет, өзіме өзім:
«Жоқ,— дедім.— Ңазір қайта үйге кірейін, мені кіргізу, Поповты шығару үшін есік ашылады, сол ми- нутті... күтем» — деді ойым. Орнымнан тұрып, қайта үйге кірдім. Баганағыдай емес, сыртқа шыққанда қаш-
пағаныма полиция бізге біраз болса да жұмсарып қа-
лыпты. Балаға: Есікті аш,— деді де, өзі менің сол жағыма жа- қындап, винтовкасының стволын төмен түсіріп, жа- йынша тұрды. Бала есікті ашты. Попов есіктен шығып, бір аттағанда, мен кенеттен полицайдың вин- товкасына жабыса түстім. Поповтың да винтовкаға қолы тиді. Полицай атып жіберді, оқ үйдің еденіне тиді. Мен винтовканы босатып, қолым полицайдың сорайған кеңірдегіне тиді, қырылдаған полицай шал- қасынан түсті. Бір тіземмен кеудесінен тізерлеп, оң қолыммен оның өз пышағын ала бергенімде, Попов. — Өлтірме, бұйрық қайда, ұмыттың ба? Таста, ал кеттік,— деді. Винтовка Поповтың қолында қалды. Бізден құтыл- ған полицай сыртқа жүгіріп шықты. Оның артынан іле мен де шықтым. Үйді айнала бергенімде бізден қашқан полицайдың «рятүйте, рятүйте!» деген айғайы мен үй- дің үлкен терезесінің салдыр ете түскенін естідім. Се- лодан терістік батысқа қарап жүгіріп келе жаттым. «Мен құтылдым-ау, ал Попов ол есікті таба алса жа- рар еді...» Кенеттен терезенің салдыр ете түскені есіме түсті де, ^Ол да шықты... ол да шықты»,— деп ой- ладым. Луковецтен Трахтомиров селосына жүретін үлкен жолға түстім де, Поповты күтіп аз тұрып ем, келмеді. Сыры мәлім Николай бірсыпыра адасатынына көзім жетті де, жан-жағыма құлақ салып аяңдап жел диір- меннің қасына келдім. Екі-үш адам сөйлесіп диірмен- нен шығып келеді екен, оларға кездеспейін деп, оңға бұрылдым да, дем алып отырдым. Николай Михайло- вич артымнан қуып жете ме? Бірақ, оның жолмен жү- руі мүмкін емес, жолмен жүрмесе оның адасуы сөзсіз. Артымда қалған жолдасымды күте аяңдап, мыл- тық тыққан жерге жақындай түсіп «сақтықта қорлық жоқ» төңіректі байқап мылтықтарды тауып алдым да, былайырақ барып сүртіп, дайын отырдым. Әрине, ен- дігі жағдай осыдан бір сағат бұрынғыдай емес — жақсы.