Мына қарлы-жаңбырлы қараңғы түнде бізді қумай- ды. Луковец селосы Днепрдің оң жағында да, аудан орталығы — Переяслав қаласы сол жағында. Біздін
ңолға түскен хабарымызды естіген жандармерия сол сағатта машинамен бізді алып кететін еді. Тек, қараң- ғы түн, аудан мен селоны бөліп тұрған Днегір бізді сақтап қалды. Асығып күткен қандай жаман, тынымсызданып күтудемін. Үстімдегі іш көйлексіз киген брезент пенжегім жаңбырға малшыланып етіме суық темірдей тиеді, оның үстіне суык жел тоңдырып барады. Үстіме жа- мылған курткам полицаймен алысқанда түсіп қалған. Жүрсем әлде қайтер едім? Лажсыздан қарлы жаңбыр араласқан суық желден ықтап отырмын. Бір мезетте құлағыма:
Вася! — деген дауыс сап ете түсті.
А,— дедім жұлып алғандай. Ентіккен Попов:
Барсың ба? — деді. Николайды даусынан та- нып орнымнан ұшып тұрдым. Ол да алдымда ғана ең- бектеп келе жатыр екен. Ңуанышымыз қойнымызға сыймай, құшақгаса түстік. Айқасқан қол айрылысар емес, бір-бірімізге не айтарымызды білмей, мейріміз қанғанша сүйісіп жатырмыз. Ол кенеттен қолын босат- ты да:
Енді өлмейміз, Вася! — деп қолындағы таста- май жүрген винтовкасын жоғары көтерді.
АНА КЕГІ Село шетіндегі шөп шатырлы аласа үйдің алдында шығысқа қарап отырған қарт ана үш ұмтылып орны- нан тұра алмады. Аз-кем тыныстап, тағы да ұмтылып еді, етбетінен түсті. Мұны анадайдан көріп тұрған ба- ла қарт ананың қасына жетіп келіп: