Неге таба алмаймыз? — деп сұрады Серік.
~~ Олар немістермен согысты ғой.
Да Соғысса несі бар? Енді бері қарай ңайгады. Сон- жермҢертең ос“ аРаДан өтпей ме? Осы арадан басқа ең жүрмейді. «Днепрдің арғы жағына олар өтпей-
453
ді» дегені қайда мамамның. Олай болса осыдан басқа жол жоқ,— деп дәлелдеді Серік. Борис сенерін де, сен- бесін де білмей үнсіз жатыр. Екеуі ұзақ уақыт жатып, ақыры ұйқтап та кетті.
Борис, Борис, тұр, тұр! — деді Серік Бористі түртіп оятып. Борис басын көтеріп, көзін оң қолымен уқалап отырып:
Не болды?— деді ұйқылы-ояу ешнәрсеге түсінбей.
Отряд келе жатыр ғой деймін, тыңдашы, мына жақтан дыбыс шығады,— деп, Серік пен Борис түстік жақка құлақ түрді. Сөйлеген адамдардың еміс-еміс даусы келеді. Бірақ сөздері анық естілмейді.
Немістер болса қайтеміз?— деді Борис сыбырлап.
Немістер болса ма,— деп, Серік сәл ойланып қалды да, осы арадан байқап көреміз. Егер немістер болса, былай төмен қарай ағаш арасымен қашамыз да, Днепрдің жағасымен лагерьге барып хабарлаймыз,— деді. Серік осыным дұрыс па дегендей, Бориске сұрау- лы пішінмен қарады. Борис алғашында келіскендей болғанмен, аздан соң:
Отрядты таппай келмеңдер дегені қайда мамам мен комиссардың? — деп дағдарып қалды.
Егер бұл келе жатқандар немістер болса, біздің лагерьге шабуыл жасағалы бара жатпағанда, қайда бара жатыр дейсің? Сондықтан мамама тез барып ха- барлауымыз керек. Отрядқа немістер ештеңе істей ал- майды. Отряд ертең болса да лагерьге бәрібір келеді. Спижевой ағайдың тобы төрт күн немістердің қор шауында қалып, аман-есеп лагерьге келгені қайда? Сол сияқты олар да келеді,— деді Серік Бористің құла- ғына аузын төсеп. Борис екі ойлылау болып Серікке бажырая қарады да, онан әрі тіл қатпады.
Сөйтіп отырғанда, манағы дауыстар жақындап ке- ліп қалды. Өз отрядының адамдары екені байқалды. Серік пен Борис өз адамдарын танып, қуанып кетті. Олар жүгіріп барып алда шолушы ретінде келе жатқан ағайынды партизандар Сильвестер Горовенко мен Ва силий Горовенконың мойнына асыла кетті. Партизан дар да оларды көріп қуанысып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |