Вася, әлгі балалардың не үшін жүргенін де сұ Рамаппыз ғой. Лагерь аман ба екен? — деді.
Лагерь аман дейді. Шамасы бүгін-ертеңдер жа- залаушы отряд осы орманды сүзетін сияқты. Соны ха- ^арла деп командирге жіберсе керек. Қазір командир Д1Ң «зі басқа жаңалық болса айтады ғой,— деп жауап Қатты Василий алдын мұқият болжап келе жатып.
455
I
Сөйткенше болмай «тоқтаңдар» деген команда бе рілді де, батальон командирлері отряд командиріне кетті. Жарты сағат өтпей-ақ салт атты партизан то- бы ілгері қарай жүріп кетті. Борис отрядпен бірге қал- ды. Серікті салт аттылар тобының командирі Гриша Вовко бір атқа мінгізіп ертіп алды. Серік жастайынан үлкен әкесі Мерген шалдың қолында, колхозда өскен. Ауылда жастайынан атқа мініп үйренген, аттың құлағында ойнайтын. Талай рет тойларда ат жарысына қатысқан. Міне, Серіктің осы сырын білетін командир Вовко оны тастағысы келмеді.
Сережа, бері кел! — деп, Серікті қасына шақыр- ды да: — Өскенде кім болғың келеді? — деп сұрады.
Мен бе? — деп, Серік сәл кідіріп қалды да «осы шын сұрап келе ме» дегендей, командирге қарады.
Иә сен, кім болғың келеді өскенде? — деп Вовко қайта сұрады.
Атты әскер командирі, не болмаса артиллерист болғым келеді,— деді де, Серік күрсініп қойды. Серік- тің неге күрсінгенін түсіне қойған командир сөзді бас- қа жаққа бұрмақшы болып:
Сережа, Борис екеулерің анадағы полицайды қайдан ұстап алдыңдар, соны айтшы,— деді.
Е, оны қойыңызшы, ол мас полицай ғой. Мас ұйықтап жатқан полицайдың мылтығын алдық та, екі қолын артына қайырып байлап болған соң, оятып ла- герьге алып келдік. Ондай есуас масты Борис екеуміз түгіл, ана кішкентай Вова мен Миша да лагерьге алып келе алады,— деп, Серік мініп келе жатқан қара төбел атының төгіліп тұрған шымқай қара жалын оң қольі ның саусақтарымен тарап қойды да, астындағы офи церлік ер-тоқымына қызыға қарады.