қара торы, алып денелі адам еді. Ол отряд комиссары болып жүріп, бір соғыста қолынан жараланып лагерь де болатын. Анна Ивановна мен Серік күзет орнына келсе, отыз дарға келген ашаң, орта бойлы сары әйел мен он алты он жетілерге келген қара торы қыз тұр екен. Анна Ивановнамен қол алысып амандасқаннан кейін:
Маған отряд командирі керек еді. Сіз бізге кү діктенбей-ақ қойыңыз. Мен Трахтомировка селосындо ғы астыртын ұйымның мүшесі Воронецкая Надежд Ивановнамын, ал мынау да сол ұйымның мүшесі Вар деген қыз. Бізді сіз білмегенмен отряд басшыларыныь көбі біледі,— деді әлгі орта бойлы сары әйел.
Неге білмеймін, мен сізді сыртыңыздан жақсы білемін. Сіздің істеп жүрген жұмысыңызды командит әрқашан да үлгі ретінде партизандарға айтып отыра ды,— деді Анна Ивановна.
Айта беріңіз жұмысыңызды. Иван Кузьмич к лісімен айтайын,— деді Анна Ивановна байланысші ларға жақындай түсіп.
Асығыс деп тұрмын ғой. Ходоров селосына екі жазалаушы отряд келді. Олар ертең осы орманды с зуге шықпақ. Соны хабарлауға келіп едім. Сақ болы ңыздар! Ол жендеттер бүгін де бері шығып қалуы мүм- кін,— деді Надежда Ивановна келген жағына ұрлак? қарап қойып. Анна Ивановна аз-кем ойланып тұрдть