Міне, осы жерлерге «максимкаларды» орналас- тыр да, мына екі ортаны ашық ңалдыр. Олардың ал- дыңғы шолушылар тобын өткізіп жібергеннен кейін, бүл жерді екі «дегтяревпен» бекіт. Өте сақ болыңдар. Жаудың қалың қолы 50—60 метр жақындамайынша оқ атпаңдар. Вовко мына жеке шоқ ңарағай ішінде. Сендер жаудың бетін пулемет оғымен бората тойтарған кезде, олар да қылыштарын көтереді. Жауды мына аРадағы еңісте біржола жойып жіберу керек,— деп картаның қоңырлау бояумен қисық-қисық сызылған жерш командир қарындашпен айналдыра сызып көр- сетті. Сонан кейін Спижевойдың бетіне қадала қарап °тыРДы да: — Саған көмекке Бутенко мен Алексеен-
°лар да жетеді,— деп қорытты ол сөзін. даүІҮСІНІКТІ, жолДас командир. Бұйрығыңызды орын- уға рұңсат етіңіз! — деп Спижевой тік тұра қалды.
Рұңсат. Байланысшыны байқап жұмсаңдар. Оны оққа ұшырып алмаңдар. Жолдарың болсын! — деді отряд командирі.
Жарайды. Біздің Сережаға оқ тимейді. Ол оқ ти- мес. Ол қайда? Амангелді (партизандар оны Амангел- ді деп атап кеткен еді) баста жолды,— деп, Спижевой анадайда Бористің қасында тұрган Серікке дауыстады Серік партизандар тобының алдына түсіп, Кузьмич- пен қоштасқандай, ат үстінен қолын бұлгады. Коман- дир Серікке «сақ бол» дегендей, сұқ саусағымен белгі берді. Сол арада отряд екіге бөлінді де, жартысы айқас- қа аттанып, жартысы лагерьге қарай беттеді.
Командир Спижевой дүрбімен бет алыстағы биік- тікті болжап отыр. Ағаш арасынан село үйлері ағарып- ағарып көрініп тұр. Бұл өзі туып, жастық шагын сай- рандап өткізген Григорьевка селосы. Бір кезде өзі асыр салып ойнаған селосы, міне, енді жау қолында. Сонда жетпіске келген кәрі анасы Софья Павловна мен өзінен үлкен апасы Надежда Ивановна тұрады. Олар онда тұрып тұрмыс құрмайды. Күндіз жасырынып, түнде ғана барып ағайын-туғандарының үйлерінен тамақ ішеді. Фашистер селоға келісімен, оның әкесі Иванды асып өлтірген. Үйін өртеп жіберген. Софья Павловна мен Надежда Ивановна үйде жоқ болып аман қалған. Өзі болса Қызыл Армия қатарында еді. Болған оқиға- ны қоршауда қалып, кейіннен туған селосына түнде жасырын келгенде бір-ақ білген. Бір жетіден кейін «Совет Армиясының офицері» деп өзін де қуғын-сүр- гінге салған басқыншылар.. Сол күндерден бастап Емельян Демьянович Ломако, Сильвестер, Василий Горовенколармен бірге селода астыртын ұйым жұмы- сына басшылық етіп ашық жүруді қойған. Кейіннен Переяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйым- дарды ұйымдастырған, партизан отрядының бір бөлім- шесін басқарып, міне қазір екі отрядтан құралған ірі отрядтың бір батальонын басқарып тосқауылда отыр. Ол дүрбісін жайлап селодан солға қарай бұрды да, бір шоқ қарағайға әкеліп тоқтатты. Бірлі-жарым көк киім ділер көрінеді. Дүрбісін онан төмен, сайға қарай жыл жытып еді, топтанған қалың жау көрінді. Ол «мына ларды көріп тұрсың ба, жоқ па?» дегендей, дүрбісін сол жақтағы «Вовко мына шоқ қарағай ішінде» деп Иван Кузьмич айтқан шоқ қарағайға тіреді. Бірак
онан ешкімді көре алмаған соң, «әлде қателесіп басқа бір жерге қарап тұрмын ба» дегендей, дүрбісін көзінен алып жай көзімен де қарап көрді. Жоқ, қателескен жоқ екен, сол шоқ қарағай, бірақ мықтап жасырынған болулары керек, ешкім көрінбейді. Спижевой енді дүр- бісін қайта жау тобына бағыттады. Иә, көп-ақ. Дені көк киімділер, демек, көбі немістер-басқыншылар. Азы қара киімділер — сатылған ұлтшылдар, отанын сатып басқыншыларға қолшоқпар болған — полицайлар. Олар жаудан да қауіпті. Өйткені олар жердің жағ- дайын жақсы біледі, тұрғын халықты әбден таниды. Олар ел үшін зор апат. Жау сайға көп аялдамады. Олар бері қарай ағылып келе жатыр. Жауды Спиже- войдың қасында жапырақ арасында демдерін іштеріне тартыгк жасырынып тұрған Серік пен Борис те көріп тұр. Екеуі «командир келе жатқан жауды көрмей тұр ма» дегендей, Спижевойға қарап қояды.
Міне, он шақты қара киімділер жақындап қалды. Тіпті, орманның жиегіне де ілінді. Бірақ олар жұбын жазбай келе жатқан жоқ. Винтовкаларын кезеніп, бы- тырап, әрқайсысы әр жерден келіп, орман шетіне кірді. «Ңарашы азғындарды, басқыншылар айдап салғанға аңша андыздап келе жатқанын! Батыр болса, сендер- ге дос болса, басқыншылардың өздері неге алға жүр- мейді? Өздері бірінші болып орманға неге кірмейді?» — деп тісін қайрап отыр Константин Иванович.
«Жау орманға кіріп кетті, неге атпадық» дегендей, Серік командирге таңдана қарады. Константин Ивано- вич «кіре берсін, оларды жігіттер ұстайды» дегендей, қолын сермей салды Серікке. Серік командир ойын тү- сінгендей болып, қайтадан алғы жаққа көз жіберді. Жақындап қалды. Серік пен Бористің неге оқ атпайды деп тағаты кете бастады. Константин Иванович Спи- жевой жиырманың төртеу-бесеуіндегі қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт еді. Оның көркемдігіне ақылы сай, ұстамды, сабырлы командир: Партизан соғысы әдісін әбден меңгерген адам. Ол бұл айқастың жөн-жосығына қанық. Сондықтан ол уақыты жетпей Қозғалмас...
Достарыңызбен бөлісу: |