Командир қайда? — деп сұрады.
Оны қайтесің, аттан түс, әңгімелесейік. Лагерь- дегілер аман ба екен? — деді Иван Серіктің тізгінінен ұстай алыл.
Керек, жау келіп қалды, ана жақтан келе ж і- тыр. Командир қайда? — деп, Серік тебініп қалған- да қаратөбел атып кетіп, Иван тізгінінен айырылып қалды. Иван: «Ана агаштың тубінде жатыр»,— дсп командир жатқан жерді нұсқап жіберді. Серік коман дирдің жанына келіп атынан түсе қалды да, оган кор; ген-білгенін түгел баяндады. Командир кішкентаи
барлаушының сөзін мұңият тыңдап алды да: «Ол жендеттер қырмен шьщпай, Днепр бойымен келген гой»,— деп күбірлеп жүресінен отыра кетіп, планшеті- нен алған аң қағазға бірдемелерді жаза бастады. Серік командирдің ендігі бұйрығын күткендей атының тізгі- нін ұстап тұра берді. Қаратөбел ат пысқырып, жер тар- пиды. Ол атының жалынан сипап, мойнынан қағып қояды. Командир жазған қағазын төрт бүктеп, орны- нан тұрды да:
Осы жерге өзіміз жүріп келген жолды білесің гой. Сол жолмен шауып барып мына қағазды Иван Кузьмичтің өз қолына тапсыр. Олар біздің ізімізбен келе жатыр. Түсіндің бе, Сережа? Тез бар. Бұл жауап- ты тапсырма,— деді Вовко.
Түсінікті,— деп, Серік қағазды вельветкасының төс қалтасына салды да, атына қарғып мінді.
Ж^>лың болсын, Сережа! — деді командир бай- ланысшысына сүйсіне қарап тұрып. Серік атының ба- сын кейін шұғыл бұра беріп:
Қайтып осы жерге келейін бе?..
Жоқ, біз бұл жерде болмаймыз. Отрядпен бірге боласың. Сенің қайда болатыныңды Иван Кузьмич бі- леді,— деді командир Серіктің соңынан. Серік «түсінік- ті» дегендей басын изеді де, қаратөбелге қамшы басты.
Иван Кузьмич километрлік картасына қызыл қа- рындашпен үш-төрт белгі салды да, картаға үңіліп, жанында тұрған Константин Спижевойға қарап:
|